Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi құрылсын.

      2. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi туралы ереже;
      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi туралы ереже бекiтiлсiн;
      4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
      5) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi мемлекеттік мекемелерiнің тiзбесi.
       Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.25.   N 53   қаулысымен.

      3. Мыналарға:
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiнiң төрағасына саны Қазақстан Республикасының Yкiметімен келiсiм бойынша анықталатын орынбасарлары болуына;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетiнiң төрағасына саны Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсім бойынша анықталатын орынбасарлары болуына рұқсат етілсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1112 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгі туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрліктің негiзгi мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы (бұдан әрi - Азаматтық қорғаныс), Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсiп қауіпсiздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау, мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
      Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) және ведомстволары: Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитеті және Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi бар.
      2. Министрлiк өз қызметi Қазақстан Республикасының  Конституциясы  және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар шешiмдер шығарады.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi.
      6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
      9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке кәсiпкерлік субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Министрлiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары

      10. Министрлiк жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мыналардың саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, стратегиялық:
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, Азаматтық қорғаныс, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауіпті өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізілуін қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласында;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіп қауіпсiздiгі жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеудi және орындауды ұйымдастыру;
      мемлекеттік және жұмылдыру резервтерi құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық запастарды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң резервiнен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстарды әзiрлеу;
      Азаматтық қорғаныстың бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге ұсыну;
      2) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiреді;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      төтенше жағдайлардан халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғаудың және Азаматтық қорғаныстың жай-күйi туралы есептер дайындайды және ұсынады;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында ғылыми зерттеулердi, білімдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмдерi бойынша өңiрлiк және жаhандық төтенше жағдайларға тiкелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
      Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнің жауынгерлiк және жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз eтeдi;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының орындауы үшін мiндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргiзу мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды;
      Азаматтық қорғаныс мүддесi үшiн қару-жараққа, техникаға, қорғаныс құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілiктi анықтайды;
      төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын, байланыс және ақпарат беру құралдарын жұмылдырады;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның және Мұнай төгiлулерiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiне республикалық деңгейде басшылық жасайды;
      төтенше жағдайлардың алдын алу, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қaуiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсіпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резерв аясындағы функцияларды iске acыpaтын Министрліктің ведомстволары мен аумақтық органдарының қызметіне жалпы басшылық жасайды және үйлестiредi;
      Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылық жасайды;
      авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларда Азаматтық қорғаныс күштерiне өзiнiң қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерiне, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық хабарлау жүйесiне және республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне тiкелей басшылық жасайды;
      Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi жеке құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың Азаматтық қорғаныс бойынша дайындығын ұйымдастырады, осы мақсатта тиiсті дайындық бағдарламаларын әзiрлейдi;
      Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларын құруды, есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
      орталық атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылған авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының қызметiн үйлестiредi;
      өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс саласындағы ведомстволық бағынысты ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметiн үйлестiредi;
      қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет және мемлекеттiк материалдық резерв саласындағы мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қабылдайды;
      халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк материалдық резерв аясында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi, ізгiлiк акцияларын өткiзудi ұйымдастырады.
      11. Министрлiктiң негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
      2) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды енгiзуге;
      3) төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi, стандарттарды және ережелердi бекiтуге немесе келiсуге;
      4) Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және жою мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды енгiзуге;
      5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтер сұратуға және алуға;
      6) құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң, республиканың басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының күштері мен құралдарын аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында қоғамдық тәртiптi және объектілердi күзетудi қамтамасыз етуге тарту туралы Қазақстан Республикасының Yкiметіне ұсыныс енгiзуге;
      7) белгіленген тәртiппен бекiтiлген айырым белгiлерiмен, арнаулы дабылдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлiк құралдарына ие болуға;
      8) заңнамада айқындалған тәртiппен республиканың бүкiл аумағы бойынша бiрыңғай радиожиіліктер белдеулерiне ие болуға;
      9) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға, берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға және оларды түгендеудi жүзеге асыруға;
      10) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы проблемалар жөнiнде журналдар, режимдiк анықтамалықтар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар шығаруға құқығы бар.

  3. Министрлiктiң мүлкі

      12. Министрлiктiң республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлiктi жедел басқаруға құқығы бар.
      Министрліктің мүлкі мемлекеттiң оған берген мүлкi есебiнен қалыптасады.
      13. Министрлiктiң өзiне бекiтiп берілген мүліктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Министрлікке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      14. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төтенше жағдайлар министрi (бұдан әрі - Министр) басқарады.
      Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады.
      Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
      15. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      16. Осы мақсатта Министр заңнамаға сәйкес:
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң ведомстволары, құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды;
      2) қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкiметінiң құзыретіне жататын тұлғаларды қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн, Министрлiктiң комитеттерi төрағаларының орынбасарларын, төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органдардың, Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитеті аумақтық органдарының, Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi;
      4) Министрлiктің жоғары офицерлiк құрамының алмастыруына жататын лауазымдарының тiзбесi туралы ұсыныстарды енгiзедi;
      5) Министрлiктiң әскери қызметшiлерін офицерлiк құрамының алмастыруына жататын лауазымдардың тiзбесiн бекiтедi;
      6) әскери қызметшiлердiң және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атағы бар қызметкерлерiнiң Министрлiкте қызмет өткеруі, оларға заңнамада белгiленген тәртiппен атақ беру, сондай-ақ оларды қайта аттестаттау мәселелерiн шешедi;
      7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне офицерлердi запастан әскери қызметке шақыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      8) Қазақстан Республикасының Президентіне Министрліктің айрықша көзге түскен қызметкерлерiн мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрметті атақтарды беру туралы ұсынымдар енгiзедi;
      9) Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерін шешедi және тәртіптiк жаза қолданады;
      10) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Министрлiк қызметкерлерiнiң орындауы мiндеттi нұсқамалар бередi;
      11) өз құзыретінің шегінде Министрліктің құрылымдық бөлiмшелерi және аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      12) өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағынысты мекемелердiң жарғыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген штат саны лимиттерiнiң шегiнде олардың құрылымын және штат санын бекiтедi;
      13) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда Министрлiк атынан өкілдік етеді;
      14) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген штат саны лимитiнiң шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң штаттық кестелерiн бекiтедi;
      15) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы ереженi бекiтедi;
      16) аварияларды, апаттарды, табиғи зiлзалаларды және олардың салдарларын, сондай-ақ қауiптi өндірістік объектiлердегі жазатайым оқиғалар мен жарылғыш заттардың жоғалуын тексеру жөнiндегi комиссияларды құрады;
      17) төтенше жағдайларда iс-қимылдарға тiкелей басшылықты жүзеге асыру кезінде:
      жергілікті атқарушы органдармен келiсе отырып, төтенше жағдайлар ауданындағы азаматтардың өмiр сүруі және жүріп-тұруы режимiн белгiлейдi;
      төтенше жағдайларды жою кезiнде берілген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғаларды кейiн белгiленген тәртiппен жауапкершілікке тарта отырып, жұмыстарға басшылық жасау жөнiндегi жүктелген мiндеттерiнен шеттетедi.
      17. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы бар. Алқаның сандық және жеке құрамын әрi ол туралы ереженi Министр бекітеді.

  5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Mинистрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1112 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау комитетi туралы
epeжe

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің негiзгi міндеттерi өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгiн, қауiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздiгiн және оны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қадағалау, өрт сөндiрудi ұйымдастыру болып табылады.
      Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) бар.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22.
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
      8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсіпкерлiк субъектілерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттiң негiзгi функциялары мен құқықтары

      9. Өзiне жүктелген міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:
      мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң күштері мен құралдарын, сондай-ақ тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы және газдан құтқару қызметтерi мен құрамаларын басқарады;
      заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт қауіпсiздігін қамтамасыз етедi;
      авариялардың, өрттердiң және өндiрiстік жарақаттанудың себептерi мен жағдайларын талдайды;
      өрт және өрт қауiпсiздiгi ережелерін бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүргізеді;
      қауіптi өндiрістік объектілердi есепке алуды жүргiзедi;
      төтенше жағдайлар, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөніндегi шараларды қабылдайды;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау және қадағалау саласында:
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өнеркәсіп және өрт қауіпсiздiгi, қауiптi өндірістік объектілердегi еңбек қауіпсiздiгi және оны қорғау, өнеркәсіпте жұмыстарды қауіпсiз жүргiзудi қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады;
      мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда өрт қауіпсiздiгі мәселелерi жөнінде мемлекеттiк басқару органдары кесiмдерінің орындалуын бақылайды, әкiмшілік өкілдерінiң қатысуымен өртке қарсы талаптардың, стандарттардың, нормалар мен ережелердiң орындалуын тексередi;
      қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектілердi иеленушілердің қызметi үшіншi тұлғаларға зиян келтiру қаупімен байланысты объектілердi иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегi міндеттердi орындауын және олардың заңнамада белгiленген талаптарды сақтауын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
      қауіпті өндiрiстiк объектілердiң технологиялық процестерiнде пайдаланылатын бiртектi өнімдер мен жабдықтарды (процестердi, қызметтердi) сертификаттаудың болуын, өндiрiстердiң, технологиялардың жасалуы мен пайдаланылуына рұқсаттар берiлуiн бақылайды;
      қауiпсiздiгi жөнiнде жоғары талаптар қойылатын машиналардың, тетiктер мен жабдықтардың, сондай-ақ жарылуға қауiпсiз орындалған электр техникалық бұйымдардың жасаушы зауыттарда, жөндеу кәсіпорындарында әрi пайдалану кезiнде өрт және өнеркәсіп қауіпсiздігі стандарттарына ережелерi мен нормаларына сәйкестiгін тексередi;
      қауiптi өндiрістік объектілердi пайдалануға қабылдау ережелерiнiң сақталуын бақылайды, өнеркәсіптiк жарылғыш материалдардың, жабдықтардың жаңа үлгілерінің сынақтарын өткiзу жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады, қауiпті өндiрістік объектілердiң технологиялық процестерiнде пайдаланылатын өнiмдер мен жабдықтарды (процестерді, қызметтердi) сертификаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      қауіптi өндiрiстiк объектілердегi авариялар мен өндiрiстiк жарақаттанудың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың әзiрленуi мен жүргiзiлуiн, ықтимал авариялар мен олардың салдарларын жоюды ұйымдастыруға даярлықты қадағалауды жүзеге асырады;
      ғимараттарды, құрылыстарды салу мен қайта құру және елдi мекендерде құрылыс салу кезiнде құрылыс нормалары мен ережелерінде, нұсқауларда, техникалық шарттарда, мемлекеттік стандарттарда көзделген өртке қарсы талаптарды жобалау ұйымдарының сақтауын қадағалауды жүзеге асырады;
      ұқсатылған тау-кен әзiрлемелерін және табиғи жер асты қуыстарын шаруашылық мақсаттарда және минералдық шикiзатты өңдеуде пайдалану кезінде тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын қауіпсiз жүргiзудi геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етудi қадағалауды; тау-кен жұмыстарының қауiпсiз жүргiзiлуi шекарасын айқындаудың дұрыстығын, сондай-ақ шахталар мен кеніштерге сулардың, зиянды және қауіптi заттар ағынының өтуін алдын алуды тексерудi жүзеге асырады;
      меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардағы аварияларды жоюға әскерилендiрiлген тау-кен, бұрқаққа қарсы, газдан құтқарушы қызметтер мен құрамалардың жедел және техникалық даярлығын, олардың алдын алу, құтқарушылық және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуін бақылайды;
      елдi мекендер мен объектілердің өртке қарсы бөлімшелерінің даярлығын бақылайды;
      ұйымдарда тау-кен жұмыстарын дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының орындалуын, учаскелер үшiн пайдалы қазба кен орындарын әзiрлеуге техникалық және жергіліктi жобалардың сақталуын, минералдық шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөніндегі объектілердi жобалауға арналған тапсырмаларды және олардың құрылысын салу мен қайта жаңартуға арналған жобаларды, өнеркәсіп қауіпсiздiгi бөлiгiнде тау-кен әзiрлемелерін консервациялау және жою кезінде зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмудi және ағынды су төгінділерін бақылайды;
      қауiптілігi жоғары өнiмдердi (процестердi, қызметтердi) сертификаттау жөніндегі ұйымдар және сынақ зертханаларының (орталықтарының) сертификаттау ережелерін сақтауын тексередi, олардың техникалық құзыреттілiгiн белгілейдi;
      қауіптi өндiрiстiк объектілерде нұсқаманың, персоналды оқытып-үйретудiң, жұмысқа жiберудiң белгіленген тәртібінiң сақталуын, мамандарда тау-кен, бұрғылау, жарылыс, маркшейдерлiк, электр техникалық, газбен және басқа да жұмыстарға басшылық жасауға құқық беретiн құжаттардың, ал қызметкерлерде жарылыс, газ қаупі бар және қауiптiлiгi жоғары басқа да жұмыстарды жүргізу құқығына құжаттардың болуын тексередi;
      өрт және өнеркәсiп қауіпсiздiгi ережелерi мен нормаларын бiлуiне тексеру жүргізеді;
      3) мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі iс-шараларды реттеу саласында:
      төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк сараптамаға басшылық жасайды және қажет жағдайларда халықаралық сараптама ұйымдарын тарта отырып, тәуелсiз сараптаманы ұйымдастырады;
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi органдармен бiрлесiп, қауіптілiгi жоғары өнiмдердi (процестердi, қызметтердi) сертификаттау жөніндегі ұйымдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарды) аккредиттеудi жүргiзедi;
      аттестаттауды жүргiзедi, өнеркәсіп, өрт қауіпсiздiгі және авариялық-құтқару жұмыстары саласындағы лицензиялау мен сертификаттауды жүзеге асырады, тиiстi жұмыс түрлерін жүргiзуге жеке және заңды тұлғаларға белгіленген үлгiдегi рұқсаттар мен қорытындылар бередi;
      қадағалаудағы салалардағы жұмыс iстеуi ықтимал тәуекелмен байланысты технологияларды, машиналарды, тетiктердi және басқа да бұйымдарды (соның ішінде импорттық) әзiрлеуге, жасауға, сынауға және қолдануға өрт, кен-техникалық қадағалау органдарының қорытындыларын және рұқсаттар бередi;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы әскерилендiрілген тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқарушы қызметтер мен құрамалардың жарғыларын, ережелерi мен көшіру схемаларын қарайды және келіседi;
      пайдалы қазбаларды немесе олардың бөліктерін, мұнай, газ, гидротермалдық және минералдық ұңғымаларды өндiру жөніндегi ұйымдарды тарату мен консервациялау бойынша жұмыстардың қауiпсiздiгi бөлiгiндегi apнайы жобаларды келiседi;
      өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды келіседi;
      ұйымдардағы тау-кен жұмыстарының ағымдағы және перспективалық даму жоспарын келiседi;
      өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiседi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.10. N 220   қаулысымен .
      10. Комитет өзiнiң негізгі мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға төтенше жағдайлардың алдын aлу, Азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындау, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгі, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегі еңбек қауiпсiздiгі және оны қорғау ережелерiн бұзушылықтарды жою жөнiнде міндеттi күшi бар нұсқамалар бepугe;
      2) жабдықтардың, бұйымдардың, заттардың, материалдардың жарылу, өрт қауiптiлiгін анықтау үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiнен өткiзiлуi мiндеттi бақылау сынақтарын тағайындауға;
      3) жер учаскелерiн таңдау және кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды қабылдау жөнiндегі комиссияларға қатысуға;
      4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтердi сұратуға және алуға;
      5) өрттің шығуына ықпал ететiн жағдайларды, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылуын жою жөнiндегi шаралар туралы мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға орындалуы мiндеттi ұсынымдар мен нұсқамалар енгiзуге;
      6) заңнамада әкiмшiлiк жауапкершілiк көзделген өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережелерiн және Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк кесiмдердi бұзғаны туралы хаттамалар жасауға және iстердi қарауға;
      7) өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауіпті өндiрiстік объектілердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау ережелерiнiң анықталған бұзушылығын жоюға бағытталған iс-шаралардың мерзiмдерi мен көлемдерi жөнiнде келiсуге;
      8) заңнамаға сәйкес өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi талаптарын бұзумен жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұруға және оларға тыйым салуға;
      9) жобалау-техникалық құжаттаманың, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауiптi өндiрiстiк объектілердегі еңбек қауiпсiздігі талаптары мен нормаларына сәйкестігіне сертификаттау, сараптау жүргiзу жөніндегi ұйымдарды, зертханаларды және орталықтарды құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      10) жер қойнауын пайдаланушылар өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, қауiптi өндiрiстік объектiлердегі еңбек қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн ескермеген, олар мемлекеттiк қадағалау органдарының талаптарын (нұсқамаларын) орындамаған жағдайда, лицензиарларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келiсiм-шарттардың күшiн тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге және осы лицензиялар мен келiсiм-шарттарға бұрын берiлген қорытындыларды керi қайтарып алуға;
      11) көрсетілген ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектілік кәсiптiк авариялық-құтқару қызметтерiнiң және құрамаларының даярлығы мен жай-күйі авариялық-құтқару қызметтерiн қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген нормативтерге жауап бермесе, ол ұйымдардың қызметін заңнамаға сәйкес толық немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкi

      11. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Комитеттiң мүлкі мемлекеттің оған бекiтiп берген мүлкi есебiнен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен құралады.
      12. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      13. Комитеттiң өзiне бекiтiп берiлген мүліктi және егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  4. Комитеттiң қызметін ұйымдастыру

      14. Комитетті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      15. Төрағаның заңнамада белгіленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады.
      16. Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Министр тағайындайды.
      17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап бередi.
      18. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы:
      1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттің аумақтық органдары мен мекемелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелейдi, оларға тәртіптiк жаза қолданады;
      4) Комитеттiң аумақтық органдары мен мекемелерiнiң ережелерiн, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың жарғыларын бекiтедi;
      5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитет қызметкерлерінің орындауы мiндетті нұсқамалар бередi;
      6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етедi.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң       
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1112 қаулысымен   
бекiтілген       

  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң
Мемлекеттiк материалдық резервтер комитеті туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгінiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттік резерв) жүйесiн қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын бақылау, өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв туралы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып саналады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi.
      5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473021, Астана қаласы, Циолковский көшесi, 2.
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi" мемлекеттік мекемесi.
      7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
      8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  2. Комитеттің негiзгі функциялары мен құқықтары

      9. Комитет жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыру саласында:
      мемлекеттік резерв жүйесiн басқарады, мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, ауыстыру, жаңарту және мақсатты пайдалану кезiнде заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      ұйымдардың мемлекеттік резервтi пайдалану мәселелерi жөнiндегі өтініштерiн қарайды;
      мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткiзуге арналған тапсырыстарды орналастырады;
      мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндiріп алуды жүзеге асырады;
      материалдық құндылықтардың аумақтық орналастырылуын жүзеге асырады және мемлекеттiк резервтi сақтау пункттерiнің тiзбесiн қалыптастырады;
      мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарының болуы мен қозғалысының жиынтық есебiн жүргізедi және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне белгіленген есептi ұсынады;
      мемлекеттiк резервтiң жинақталуын жүзеге асырады;
      қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік резерв саласындағы мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдайды;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды бақылау саласында:
      мемлекеттiк резервтiң сақталуын бақылайды, сондай-ақ ұйымдарда жұмылдыру резервi материалдық құндылықтарының жинақталуы мен сақталуын бақылайды;
      мемлекеттік резерв саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердің орындалуын бақылайды;
      ведомстволық бағынысты ұйымдардың және мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн бақылайды;
      мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастырудың, сақтаудың, толықтырудың, жаңартудың және пайдаланудың шарттарда көзделген ережелерiн сақтау жөнiндегі шарттық мiндеттемелердi сақтау пункттерiнiң дәл орындауын бақылайды;
      сақтау пункттерiндегi материалдық құндылықтардың сақталуына тексерулер (тексерiстер) жүргiзедi.
      10. Комитет өзiне жүктелген міндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарымен жұмыс жөнiндегі ұйымдарға орындалуы мiндетті нұсқаулар беруге;
      3) материалдық құндылықтарды (жаңарту және ауыстыру тәртiбiмен) жасап шығару және материалдық резервке жеткiзу туралы шешiм қабылдауға;
      4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегі бұзушылықтарды жою туралы орындалуы мiндетті нұсқамалар беруге;
      5) тиiсті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын тексерулер жүргізуге тартуға; мемлекеттік резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртiбiнiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тексерулердiң (тексерiстердiң) материалдарын құқық қорғау органдарына жiберуге;
      6) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

  3. Комитеттің мүлкi

      11. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
      12. Комитетке бекiтiп берiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
      13. Комитеттiң өзiне бекiтіп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамалық кесiмдерде белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      14. Комитетті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның заңнамада белгiленген тәртіппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады.
      15. Комитет төрағасы Комитеттiң қызметiн ұйымдастырады әрi оған басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      16. Комитет төрағасы осы мақсатта:
      1) өзiнің орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен міндеттерiн айқындайды;
      2) құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi, сондай-ақ олардың құрылымын және штат кестесiн бекітедi;
      3) Комитет қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
      5) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша Комитет қызметкерлерiнiң opындауы үшiн мiндетті бұйрықтар шығарады, сондай-ақ нұсқамалар бередi;
      6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкiлдiк eтеді.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1112 қаулысына   
қосымша       

       Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.25.   N 53   қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгінiң республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелерінің тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Көкшетау қаласы.
      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Ақтөбе қаласы.
      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Талдықорған қаласы.
      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Талдықорған қаласы.
      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Атырау қаласы.
      6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы.
      7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Риддер қаласы.
      8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Зырян қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Зырян қаласы.
      9. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Семей қаласы.
      10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы.
      11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы.
      12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Орал қаласы.
      13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы.
      14. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Жезқазған қаласы.
      15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Балқаш қаласы.
      16. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы.
      17. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қостанай қаласы.
      18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Арқалық қаласы.
      19. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Ақтау қаласы.
      20. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Павлодар қаласы.
      21. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Екiбастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Екiбастұз қаласы.
      22. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Петропавл қаласы.
      23. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Шымкент қаласы.
      24. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттiк мекемесi, Астана қаласы.
      25. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
      26. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 28237-әскери бөлiмi" мемлекеттік мекемесi, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы.
      27. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 68303-әскери бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы.
      28. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 52859-әскери бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, Қарағанды қаласы.
      29. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты" мемлекеттiк мекемесi, Көкшетау қаласы.
      30. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
      31. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Шығыс өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттiк мекемесi, Өскемен қаласы.
      32. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Солтүстік өңiрлік аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қостанай қаласы.
      33. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Оңтүстiк өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда қаласы.
      34. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Батыс өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.
      35. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Орталық өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
      36. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
      37. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң республикалық жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
      38. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттiк мекемесi, Ақтөбе қаласы.
      39. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Екiбастұз қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Екiбастұз қаласы.
      40. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттiк мекемесi, Қарағанды қаласы.
      41. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Қызылорда қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы.
      42. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi Павлодар қаласы жедел құтқару жасағы" мемлекеттiк мекемесi, Павлодар қаласы.
      43. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Тараз қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы.
      44. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Орал қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттiк мекемесi, Орал қаласы.
      45. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Шымкент қаласы.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1112 қаулысына   
қосымша       

       Ескерту. Тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.25.   N 53   қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі
Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және
қадағалау комитетінiң республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерiнің тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Ақмола облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Көкшетау қаласы.
      2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Ақтөбе қаласы.
      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Талдықорған қаласы.
      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.
      5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы.
      6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы.
      7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Орал қаласы.
      8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы.
      9. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Қызылорда қаласы.
      10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Қостанай облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi, Қостанай қаласы.
      11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Ақтау қаласы.
      12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Павлодар облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Павлодар қаласы.
      13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Петропавл қаласы.
      14. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Шымкент қаласы.
      15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi Астана қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
      16. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
      17. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнің "Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстары қызмет мемлекеттiк мекемесi, Астана қаласы.
      18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң Атом-энергетикалық кешенiнде қауiпсiз жұмыс жүргiзудi қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi, Степногор қаласы.
      19. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Қазақстан Республикасының теңiзiнде және iшкi су айдындарында мұнай операцияларының қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау мемлекеттiк инспекциясы" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.      

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1112 қаулысына   
қосымша       

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 481  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 15, 154-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы және 3-тармағы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 18-тармағының 2) және 3) тармақшалары.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 481 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1733  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 499-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегi агенттігiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 111  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 31-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 сәуiрдегі N 481 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 501  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 134-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегі N 481 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 419  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 216-құжат).