Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы N 1100 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының  26-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесi бекiтілсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 27 қазандағы
N 1100 қаулысымен  
бекiтілген      

  Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың
дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшiн
пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық
жеткiзгіштердiң тiзбесi

      1. Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар:
      1) бейнетюнермен бiрiктiрілген немесе бiрiктiрiлмеген бейнежазғыш аппаратура;
      2) дыбысты қайта шығаратын құрылғыларды қамтитын немесе қамтымайтын дыбыс жазғыш аппаратура;
      3) компьютерлердi қоса алғанда, дыбыстау-бейнелеу туындыларын және дыбыс жазбаларды қайта шығару үшін пайдаланылуы мүмкiн жабдықтар.
      2. Дыбыстау-бейнелеу туындыларын және (немесе) фонограммаларды (дыбыс жазбаларды) жеке мақсатта қайта шығару үшiн пайдаланылатын аналогты және цифрлық материалдық жеткiзгiштер:
      1) аналогты дыбыстау компакт-кассеталары - жазудың аналогты нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға арналған дыбыстау кассеталары (МС);
      2) аналогты бейне-кассеталар - жазбаның аналогты нысаны мен дыбыстарды және бейнелердi қайта шығаруға арналған бейне-кассеталар (VHS);
      3) Compact, Disc Digital Audio форматындағы компакт-дискілер - ең ұзақ дыбыс шығару уақыты 90 минутқа дейiнгі 44,1 КгЦ және 16 бит СТЕРЕО режимiнде жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегі қайта жазылмайтын бір жақты компакт-дискілер - СD-DA;
      4) Compact Disc Read Only Memory форматындағы немесе Compact Disc Read Only Memory eXtended Architecture форматындағы компакт-дискiлер - жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды және (немесе) бейнелердi қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегі қайта жазылмайтын бiр жақты компакт-дискілер - CD-RoM немесе СD-RoM/XA;
      5) Compact Disc Digital Video форматындағы компакт-дискілер - жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға және жазбаның аналогты нысаны мен бейнелердi қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегі қайта жазылмайтын бiр жақты компакт-дискiлер - CD-Video;
      6) Digital Versatile Disc форматындағы компакт-дискiлер - жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға және жазбаның цифрлық нысаны мен бейнелердi қайта шығаруға арналған 12 сантиметр көлемiндегi қайта жазылмайтын компакт-дискілер - DVD;
      7) цифрлық дыбыстау компакт-кассеталары - жазбаның цифрлық нысаны мен дыбыстарды қайта шығаруға арналған 100,4x63,8x9,6 миллиметр көлемiндегi екi жақты компакт-кассеталар - DCC;
      8) МР3 плеері үшiн жад картасы.