Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
21-1-тармақтың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"кредиттік бюроның қызметi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі