Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1082 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 137-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарында:
      "1. Ұйымдастыру iс-шаралары" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1.4-жолда:
      "Ic-шаралар" деген бағандағы ", инженерлiк желiлер мен коммуникацияларды" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қаржыландыру көзi" деген бағандағы "Жергiлiктi бюджет" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 1.5-жолдағы, "Қаржыландыру көзi" деген бағандағы "Жергiлiктi бюджет" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 1.13-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1.15-жолмен толықтырылсын:
"1.15. Инженерлiк      Жоба.   Облыс.      Тұрақты  Тапсы.   Жергi-
       желiлер мен     лау-    тардың,              рысшының лiктi
       коммуникация.   смета.  Астана               қаражаты бюджет
       ларды салуға    лық     және
       қажеттi жоба.   құжат.  Алматы
       лау-сметалық    тама    қалала.
       құжаттаманы             рының
       әзiрлеу, са.            әкiмдерi
       раптама жүргiзу
       және бекiту

      "2. Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 2.2-жолда:
      "Орындау мерзімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы ІV тоқсан";
      реттік нөмірі 2.6-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі