Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы N 1066 Қаулысы

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне  (Салық кодексi) және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.21 N  698  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi бiр ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бекiтiлген жылдық ставкалар негiзiнде Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемдi есептеу әдiстемесiн әзірлесiн және бекiтсiн.

      2-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары жыл сайын қайта қаралады.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.21 N  698  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және ресми түрде жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 16 қазандағы 
N 1066 қаулысымен    
бекітілген       

  Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкалары

       Ескерту. Ставкаларға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.21 N  698  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.08.10.  N 685  қаулыларымен.

______________________________________________________________
   Телефон байланысының     |  Бір абонент үшін айлық есептік
          түрі              | көрсеткішпен төлемнің жылдық
                            | ставкалары
____________________________|_________________________________
қалааралық және халықаралық          1,101

қалааралық                           0,550

халықаралық                          0,550
______________________________________________________________