Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қазандағы N 1051 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайын құру туралы" 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігiнің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгізілетін өзгерiстер бекiтiлсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінің      
2004 жылғы 14 қазандағы
N 1051 қаулысымен  
бекiтiлсiн     

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлердiң қауiпсiздігін қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi N 901  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесiнде:
      "Аса маңызды мемлекеттiк объектiлерi" деген 1-бөлiмде:
      "Халықаралық және республикалық маңызы бар мемлекеттік мұражайлар, тарихи және мәдени ескерткiштер" деген 5-кiшi бөлiмде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 4-1-жолмен толықтырылсын:
      "4-1 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Тұңғыш мұражайы" MM";
      реттік нөмiрi 11-жол алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 20-жол алынып тасталсын.

      3. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  311-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "экспонаттарға арналған витриналар - 100 бiрлiк;", "жарық бepу құралдары - 150 дана;", "арнайы витриналар - 100 дана;" деген жолдар алынып тасталсын;
      "экспонаттар - 2537" деген жолда "2537" деген сандар "1088" деген сандармен ауыстырылсын.

      4. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" деген функционалдық топта:
      01 "Мәдениет саласындағы қызмет" деген iшкi функцияда:
      235 "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігi" деген әкімші бойынша:
      003 "Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" деген бағдарламада "480219" деген сандар "469734" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 101 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгі" деген әкiмшiмен және 004 бағдарламамен толықтырылсын:
      "101 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi   10485;
      004 Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау                 10485".