"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң аға, орта және кiшi басшы құрамы заңнамада белгіленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы ішкі iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киiм-кешектің жаңа үлгiлерiне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1390 қаулысымен бекiтiлген iшкi iстер органдарының ішкі қызметiне арналған үлгiдегi погондары бар нысанды киiммен (киiм-кешекпен) қамтамасыз етіледі деп белгiленсiн.