Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгі құрылымын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  58-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi:
      1) жергілiктi мемлекеттiк басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
      2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын.

      3. Орталық мемлекеттiк органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 3-тармақты қоспағанда 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 4 қазандағы 
N 1022 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасының жергiлiктi
мемлекеттік басқару үлгi құрылымы

  1. Облыстық әкімдік

      1. Облыс әкiмiнiң аппараты
      2. Сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)
      3. Iшкi саясат департаменті (басқармасы)
      4. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы департаменті (басқармасы)
      5. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (басқармасы)
      6. Денсаулық сақтау департаменті (басқармасы)
      7. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (басқармасы)
      8. Мәдениет департаменті (басқармасы)
      9. Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (басқармасы)
      10. Білiм беру департаменті (басқармасы)
      11. Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаменті (басқармасы)
      12. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаменті (басқармасы)
      13. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (басқармасы)
      14.  алынып тасталды - 2005.12.27. N  1294  қаулысымен.
      15. Ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы)
      15-1. Құрылыс департаменті (басқармасы)
      16. Қаржы департаменті (басқармасы)
      17. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (басқармасы)
      18. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бөлімi)
      19. Жер қатынастары басқармасы
      20. Тiлдерді дамыту жөнiндегi басқарма
      20-1. Тарифтер басқармасы (бөлімі)
      21. Дене тәрбиесi және спорт басқармасы (бөлімі)
       Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.27. N  1294  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі

      1. Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмінiң аппараты
      1-1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкiмшiлендiру департаментi (басқармасы)
      2. Сәулет және құрылысы құрылысы департаменті (басқармасы)
      3. Iшкi саясат департаменті (басқармасы)
      4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы департаменті (басқармасы)
      5. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi (басқармасы)
      6. Тұрғын үй департаменті (басқармасы)
      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментi (басқармасы)
      8. Денсаулық сақтау департаменті (басқармасы)
      9. Мәдениет департаментi (басқармасы)
      10. Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментi (басқармасы)
      11. Білім беру департаменті (басқармасы)
      12. Жолаушылар көлiгі және автомобиль жолдары департаментi (басқармасы)
      13. Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi (басқармасы)
      14. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау департаменті (басқармасы)
      15.  алынып тасталды - 2005.12.27. N  1294  қаулысымен.
      15-1. Құрылыс департаментi (басқармасы) 
      16. Қаржы департаменті (басқармасы)
      17. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (басқармасы)
      17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)
      18. Мұрағаттар және құжаттама басқармасы (бөлiмі)
      19. Жер қатынастары басқармасы
      20. Тiлдердi дамыту жөніндегi басқарма
      20-1. Тарифтер басқармасы (бөлімі)
      20-2. Ауыл шаруашылығы басқармасы (бөлімі)
      21. Дене тәрбиесi және спорт басқармасы (бөлімі)
      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.16.  N 141_1 , 2005.12.27. N  1294  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.      

  3. Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың
әкімдігі

      1. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімiнiң аппараты
      2. Iшкi саясат бөлiмi
      3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі
      4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi
      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
      5-1. Жер қатынастары бөлімі
      6. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi
      7. Білiм бөлiмi
      7-1. Кәсіпкерлік бөлімі
      8. Ауыл шаруашылығы бөлімі
      8-1. Құрылыс бөлімі
      8-2. Дене шынықтыру және спорт бөлімі
      9. Қаржы бөлiмi
      10. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімi
       Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.27. N  1294  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

             4 бөлім

       Ескерту. 4-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.27. N  1294  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.