1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмнің реттік нөмiрi 470-136-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"470-136. "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық,
бiлiм беру және сауықтыру орталығы" Алматы облысы
қазыналық кәсіпорны Қарасай ауданы";
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 533
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 146-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ғылыми зерттеулер, ғылыми-педагогикалық мамандар мен кадрлар даярлау.";
3) <*>
Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.