Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1004 Қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi N 407  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларда:
      ветеринариялық емдеу-алдын алу;
      ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату;
      жемшөптiк қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрсiз, минералдық-витаминдік азықтарды өндiру және сату;
      ветеринариялық мақсаттағы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, зоогигиеналық заттарды және зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды сату;
      мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;
      базарларда жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау;
      зертханалық-диагностика қызметi;
      2-2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды тіркеу сынағынан, байқаудан өткiзудi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды жарнамалау кезiнде олардың серияларын (топтарын) бақылауды;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюды;
      мемлекеттiк шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды;
      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарда;";
      8-тармақта "7-тармағының 1), 2)," деген сөздерден кейiн "2-1), 2-2)," деген сандармен толықтырылсын;
      9-тармақта "тарауының" деген сөз тарауының 3) тармақшасын қоспағанда,"  деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі