Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігінің "ҚазҒЗМИ-дiң тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi Қазақ ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыздық үлеспен қатысатын "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлік iсi ғылыми орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - Серiктестiк) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бiрлесiп, Серiктестiктiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне Серiктестiкке қатысудың мемлекеттiк үлесiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Қарағанды облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-10-жолмен толықтырылсын:
"214-10. "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлiк iсi ғылыми орталығы" ЖШС";
2) "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 20-1-жолмен толықтырылсын:
"20-1. "Республикалық тау-кен геомеханикасы және маркшейдерлік iсi ғылыми орталығы" ЖШС".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі