Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау және бюджет қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 997 қаулысы

Қолданыстағы

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдауға арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты басқару жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен агентке өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнетiн бюджет қаражатын аудару үшiн арнайы шот ашсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      агентпен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатын басқаруға шарт жасассын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатынан жылына 0,5 % мөлшерiнде агенттiң қызметiне ақы төлеу мөлшерi белгіленсiн.

      5. Бюджет қаражатынан агенттiң қызметiне ақы төлеу өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатын басқару шартын жасасқаннан кейін 15 күнтiзбелiк күн iшiнде жылына бiр рет жүзеге асырылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі