"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-1-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Халықаралық келiсiмдерге сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген ақша қаражатының оңтайлы және тиiмдi жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 9 қыркүйектегi
N 948 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын жобалау, салу және iске қосу қызметiнiң негiзгi мән-жайы болып табылатын "Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершiлігі шектеулi серiктестігі 2004 жылғы 8 қыркүйекте жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелiк келiсiмге
Хаттамаға
(бұдан әрi - Негiзгі келiсiмге Хаттама) сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
1) жобалау-iздестiру жұмыстарын, авторлық қадағалауды, жобалау жұмыстарын сараптауды қоса алғанда нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу;
2) заңнамада белгіленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және санда Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу үшiн қажеттi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
құбыр өнiмi;
тиекті арматура;
сорғы жабдықтары мен агрегаттары;
термошөгіндi манжеттер және оқшауландырғыш материалдар;
дәнекерлеу материалдары мен жабдықтары;
iске қосу және тазалау қондырғыларын қабылдау камералары;
темiр бетондық бұйымдар;
металл прокаты және металл конструкциялары;
электр құбырлары;
жылжымалы және стационарлық дизельдiк электр станциялары;
катодтық қорғау станциялары;
бақылау, басқару және деректер жинау жүйесi жабдықтары;
технологиялық жабдықтарға арналған блок-бокстаp;
талшықты-оптикалық кабель;
байланыс жабдықтары;
периметральды қорғау жүйесiнiң жабдықтары;
өртке қарсы дабыл және өрт сөндiру жүйесiнiң жабдықтары;
күш және бақылау кабельдерi;
мұнай көлемi мен санын коммерциялық есептеу тораптары;
автоматтандырылған сынама алғыштар;
жоғары вольтты жабық және ашық таратушы қондырғыларға арналған электр жабдықтары;
электр трансформаторлары;
қысым реттегіштер;
технологиялық фильтрлер;
арнайы қорғау киiмi мен аяқ киiм;
жанар-жағар май материалдары;
АҚП-ға арналған арнайы машиналар, автокөлiк техникасы;
магистральды мұнай құбыры объектiлерiн, мұнай құбырының жоғары вольтты желiлерiн, жолдарын, мұнай айдау станцияларын, оны сыртқы электрмен жабдықтау және сумен жабдықтауды, технологиялық байланыс жүйелерiн, оны бақылау, басқару және деректер жинау жүйесiн салу;
3) жобалауды, тауарларды (материалдар мен жабдықтарды) жеткiзудi және мұнай құбыры объектiлерiн салуды басқару және қадағалау;
4) консультациялық, оның iшiнде заң және қаржы қызметтерi.
Негіздемелiк келiсiмге Хаттама мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948
қаулысы
2-тармағының орындалуын бақылау үшiн жауапты мемлекеттiк орган:
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі.