Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1061 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 109-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларында:
"Судағы омыртқасыз жануарлар" деген бөлiмде:
4-бағандағы:
реттiк нөмiрi 1-жолдағы "100" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 2-жолдағы "15" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "50" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 4-жолдағы "15" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 5-жолдағы "5" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 8 қыркүйектегі
N 942 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2002 жылғы 15 сәуiрдегi
N 429 қаулысымен
бекiтiлген
Балық аулау объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
___________________________________________________________________
P/c | Су жануарлары | Төлем ставкалары,
N | | бiр килограмм үшiн
| | теңгемен
___________________________________________________________________
1. Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда
___________________________________________________________________
1 Бекiре балықтары 75
2 Майшабақтар (қарынсау, бражников,
қаражон) 30
3 Құбылмалы бахтах 20
4 Майқан 20
5 Ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы,
пайда, шыр, мұқсын) 15
6 Хариус 20
7 Қылыш балық 20
8 Тікендi балық 25
9 Буффало 20
10 Ақ амур 13
11 Ақмарқа 10
12 Шармай 20
13 Сазан, тұқы 15
14 Көксерке 20
15 Берiш 10
16 Дөңмаңдай 12
17 Қаракөз 5
18 Шортан 8
19 Тұрпа балық 8
20 Майбалық 8
21 Қызылкөз 8
22 Көкбас 8
23 Жыланбас балық 8
24 Түйетабан 10
25 Жайын 10
26 Нәлiм 10
27 Шабақ 28
28 Табан (Балқаш және Алакөл таралымынан
басқасы) 4
29 Итбалық 2250 (бір дарағы
үшін)
30 Ұзын саусақты шаян (Түркiстандық
түрiнен басқасы) 15
___________________________________________________________________
Ұсақ шағын балықтар
___________________________________________________________________
31 Балқаш және Алакөл табаны 2,5
32 Торта 6
33 Оңғақ 10
34 Аққайран 8
35 Мөңке 8
36 Алабұға (Балқаш-Iле таралымынан басқасы) 8
37 Кәдiмгi және таластың тарақ балығы 4
38 Қызылқанат 4
39 Балпан балық 4
40 Бiлеу балық 4
41 Айнакөз 4
42 Көктұран 4
___________________________________________________________________
2. Балықты алып қою және "ұстап алу-қоя беру" қағидаты
негізiнде спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды
жүргiзу кезiнде
___________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, балықты алып қоя отырып
___________________________________________________________________
1 Қортпа 7500 бiр дарағы
үшін
2 Бекiре балықтары 1875 бiр дарағы
үшін
3 Iрi шағын балықтар 20
4 Ақсақа және албырт балықтар 50
5 Шортан, мөңке, ұсақ шағын балықтаp 10
6 Шаян 10 бiр дарағы үшін
___________________________________________________________________
2. Шетелдiк азаматтар үшiн, балықты алып қоя отырып
___________________________________________________________________
1 Iрi шағын балықтар 625
2 Қортпа 61875 бiр дарағы
үшін
3 Бекiре балықтары 15470 бір дарағы
үшін
4 Ақсақа және албырт балықтар 1125
5 Шортан, мөңке, ұcақ шағын балықтаp 375
___________________________________________________________________
3. Шетелдiк азаматтар үшiн, "ұстап алу-қоя беру" қағидаты негiзiнде
___________________________________________________________________
1 Iрi шағын балықтар 125
2 Бекiре балықтары 5813 бiр дарағы
үшін
3 Ақсақа және албырт балықтар 325
4 Шортан, мөңке, ұсақ шағын балықтаp 80
___________________________________________________________________