Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру мен қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 938 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен;
      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнің "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитеті аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi шегiнде жоғарыда көрсетiлген басқармалар штат санының лимиттерiн анықтау жөнiнде;
      2) басқармалардың Ережелерiн бекiту және оларды әдiлет органдарында тiркеудi және қайта тiркеудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 18 шiлдедегi N 714 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 291-құжат)  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
      2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
      3. Зайсан-Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
      4. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
      5. Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
      6. Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
      7. Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
      8. Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
      9. Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
      10. Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі