Лицензиялау жөнiндегi функцияларды ажырату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қазақстан банктiк операциялардың мынадай түрлерiн
Республикасының Ұлттық жүргiзуге банктiк операциялардың жекелеген
Банкi түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
қызметi:
банкаралық клиринг: төлемдердi жинау,
салыстыру, сұрыптау және растау, сондай-ақ
олардың өзара есептемесiн жүргiзу және
клирингке қатысушылар - банктер мен
банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың таза ұстанымын
анықтау;
сейф операциялары: құжаттық нысанда
шығарылған бағалы қағаздарды, сейф
жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға
берудi қоса алғанда, клиенттердiң
құжаттары мен құндылықтарын сақтау
жөнiндегі қызметтер;
төлем карточкаларын шығару;
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды
инкассациялау және салып жіберу;
шетел валютасымен жасалатын айырбастау
операцияларын ұйымдастыру;
валюталық құндылықтарды пайдалануға
байланысты операциялар";
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-1-жолмен толықтырылсын:
"21-1. Қазақстан Қазақстан Республикасының банк
Республикасының Қаржы заңнамасында көзделген банктiк және өзге
рыногын және қаржы де операцияларды жүргiзуге арналған
ұйымдарын реттеу мен банктер қызметi;
қадағалау жөнiндегi
агенттiгi
Қазақстан Республикасының банк
заңнамасында көзделген банктiк және өзге
де операциялардың жекелеген түрлерiн
жүзеге асыру жөнiндегi кредиттiк
серiктестiктердiң қызметi;
осы Тiзбенiң 21-жолында көрсетiлген
операцияларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының банк заңнамасында
көзделген банктiк және өзге де
операциялардың жекелеген түрлерiн
жүргiзуге арналған банктiк операциялардың
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың қызметi;
банктер аудитi, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының аудитi және
жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi;
бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет
және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың
бағалы қағаздармен қызметi;
зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi және
зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру
жөнiндегі қызмет;
"өмiрдi сақтандыру" саласындағы және
"жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет,
қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет,
сақтандыру брокерлерiнiң қызметi,
сақтандыру рыногындағы актуарлық қызмет".