Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 411 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 932 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 13 сәуiрдегi N 411  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 213-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "20 қаңтар және 20 шілде" деген сөздер "1 қаңтар және 1 шiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "1 ақпан және 1 тамыз" деген сөздер "10 қаңтар және 10 шiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.С. Әйтiмоваға жүктелсiн";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттік нөмiрi 22-жолда:
      2-бағанындағы "ШЫҰ" аббревиатурасы "ТМД" аббревиатурасымен ауыстырылсын;
      4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "IIМ, СIМ, КБА, ЭСЖҚА, БП (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша)";
      5-бағанындағы "мамыр" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 26-жолдағы 5-бағанда "шiлде" деген сөз "қараша" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі