Қазақстан Республикасының жiктеуіштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 926 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау, өнiмдi каталогтау жүйесiн үйлестiру және дамыту, Қазақстан Республикасы жiктеуiштерiнiң (анықтамалықтарының) бiрыңғай қорын құру және өзектi жағдайда ұстау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жiктеуiштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының жiктеуiштер (анықтамалықтар) депозитарийiн (бұдан әрi - Депозитарий) құру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Депозитарий қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.

      4. Мемлекеттiк жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеуге, бекiтуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттiк органдар 2004 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Комитетке олардың электронды және қағаз жеткiзушiлерде берiлуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінің        
2004 жылғы 2 қыркүйектегi 
N 926 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасының жіктеуіштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы
ереже

      Осы Қазақстан Республикасының жiктеуіштер (анықтамалықтар) депозитарийi туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеуіштер (анықтамалықтар) депозитарийінің (бұдан әрi - Депозитарий) қызметін ұйымдастырудың құқықтық негiздерiн және мәртебесiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында техника-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау жүйелерiн дамытуға мүдделi Депозитарий субъектiлерi арасындағы өзара iс-қимыл тетігін анықтайды.

  1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Депозитарий - техника-экономикалық ақпаратты жiктеуіштер (анықтамалықтар) жиынтығынан тұратын, ведомствоаралық сипаты бар олардың қалыптасуын, есепке алынуын, сақталуын, көкейкестi етiлген (бұдан әрi - көкейкестi ету) жағдайда ұсталуын қамтамасыз ететiн, Депозитарийдi пайдаланушылар мүддесiне ақпараттық және нормативтiк қамтамасыз ететiн арнайы қор;
      2) депозитарлық қызмет - техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуіштерiн (анықтамалықтарын) әзiрлеу және қолдану саласында қалыптастыру, есепке алу, сақтау, көкейкесті ету, ақпараттық және нормативтiк қамтамасыз ету жөнiндегі Депозитарий субъектiлерінің қызметi;
      3) Депозитарийдің жеткiзушілерi - техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуіштерiн (анықтамалықтарын) әзiрлеуге, бекiтуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттiк басқару органдары;
      4) Депозитарийдiң пайдаланушылары - депозитарийдегi ақпаратты және жiктеуіштердi (анықтамалықтарды) пайдалануға мүдделi жеке және заңды тұлғалар.

  2. Жалпы ережелер

      2. Депозитарий стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілетті органның мемлекеттiк стандарттар қорының құрамдас бөлігi болып табылады.
      3. Өзiнiң жұмысында Депозитарий осы ереженi, Мемлекеттiк стандарттар қорының жұмысын анықтайтын нормативтік құжаттарды, Депозитарий ережелерiн және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерiн басшылыққа алады.
      4. Депозитарий қызметi мүдделi тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясын құрамайтын бөлiгiнде қолжетерлiк, ашық және мөлдiр болуы тиiс.

  3. Депозитарлық қызмет және Депозитарий
субъектiлерiнiң функциялары

      5. Депозитарлық қызмет объектілерi Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында есепке алуға жататын статистикалық есептілiк жүйесiнде, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының түрлi ақпараттық жүйелерiнде пайдаланылатын техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерi (анықтамалықтары) болып табылады.
      6. Депозитарий субъектілерi стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлетті орган, Депозитарийдiң жеткiзушілерi және пайдаланушылары болып табылады.
      7. Депозитарий субъектілерi мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi орган депозитарлық қызмет саласында:
      Депозитарий мен Депозитарий жеткiзушілерiнiң қызметiн ұйымдастырады және үйлестiредi;
      техникалық-экономикалық ақпараты жiктеуiштерiмен алмасу және Депозитарийдi толықтыру мақсатында Депозитарийдiң жеткiзушілерiмен, шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымдарының ақпараттық орталықтарымен және нормативтiк қорларымен бiрге iс-қимыл жасайды;
      техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн (анықтамалықтарын) қалыптастыруды, есепке алуды, сақтауды және көкейкестi етудi ұйымдастырады;
      Мемлекеттiк жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеу жөнiндегi бағдарламалар мен жоспарларды, Депозитарийдегі техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк және халықаралық жiктеуiштерi туралы мәлiметтерді, оларды қолдану, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу ережелерiн белгіленген тәртiппен жария етудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасында қолданыстағы техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi (анықтамалықтары) жөнiнде электронды анықтамалық-библиографиялық және толық мәтiндi дерекқорлар қалыптастыруды ұйымдастырады;
      техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн электронды және (немесе) қағаз тасымалдаушыларда шығаруды және таратуды ұйымдастырады.
      2) Депозитарийдің жеткiзушілерi:
      техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн (анықтамалықтарын) шығаруды жүзеге асырады;
      мүдделi тұлғаларды техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiмен (анықтамалықтарымен) қамтамасыз етедi;
      Депозитарийға техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн (анықтамалықтарын) олардың әзiрленуіне қарай және оларды бекiткеннен кейiн екi апталық мерзiмнен кешіктiрмей берудi қамтамасыз етедi;
      Депозитарийға техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiне (анықтамалықтарына) өзгерiстер мен толықтыруларды, олар бекiтілгеннен кейiн екi апталық мерзiмнен кешiктiрмей құжаттарды көкейкестi етілген жағдайда ұстау үшiн берудi жүзеге асырады.
      8. Депозитарийдің пайдаланушылары:
      техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiмен (анықтамалықтарымен) жұмыста депозитарлық қызмет саласында қолданыстағы нормативтiк құжаттар ережелерiн басшылыққа алады;
      техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерін (анықтамалықтарын) шығаруға, қайта шығаруға және таратуға құқығы жоқ.

  4. Депозитарий ережелерi

      9.  Депозитарий ережесi Депозитарий субъектілерінiң өзара қарым-қатынасын, құжаттармен жұмыс жүргiзу тәртiбiн анықтайды.
      10. Депозитарий ережесiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілетті орган әзiрлейдi және бекiтедi.
      11. Көрсетілген ережелердi сақтау Депозитарийдің барлық субъектілерi үшiн мiндетті болып табылады.

  5. Депозитарий субъектiлерiнiң жауапкершілiгi

       12. Депозитарий субъектілерi оған берiлген және сақталатын техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерінің (анықтамалықтарының) көкейкестілігi үшiн өзiнің құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.