Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесi бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары:
1) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйдi сатуды жүргiзсiн;
2) тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей тұрғын үйдi сату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке меншiк құқықтарын тiркеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшінe енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі
N 923 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi
атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде республикалық бюджеттен қайтарымды негiзде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарына бөлiнетiн қаражат есебiнен салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату тәртiбiн анықтайды.
2. Облыстардың, қалалардың, аудандардың тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі уәкілеттi жергiлiктi мемлекеттiк органдары (бұдан әрi - Уәкілетті орган) тұрғын үйдi сату туралы ақпаратты жергілiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен таратады.
3. Жарияланғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтары Уәкілеттi органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтiнiштер береді.
4. Уәкілеттi орган 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде тиiстi екiншi деңгейдегi банкке не банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрi - қарыз берушi) өтiнiштер берген Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөнiн және осы азаматтар үмiткер тұрғын үй туралы ақпаратты ұсынады.
5. Қарыз берушi 12 (он екi) жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілiгiн анықтайды және төлем қабілеттiлiгiн анықтағаннан кейiн 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде Уәкiлеттi органға қарыз берушi қарыз берудi жоспарлап отырған азаматтардың аты-жөнiн бередi.
6. Уәкілеттi орган 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қарыз берушi төлем қабілеттілiгiн растаған азаматтарға тұрғын үй сату туралы шешiм қабылдайды.
Тұрғын үй сатып алуға басым құқық мыналарға:
1) балалары бар жас отбасыларға;
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне;
3) әлеуметтiк сала мемлекеттік кәсiпорындарының қызметкерлерiне беріледi.
7. Уәкілеттi орган және қарыз берушi төлем қабілеттілiгiн растаған Қазақстан Республикасының азаматы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде заңнамада белгіленген тәртiппен сатып алу-сату шартын жасасады.
(РҚАО-ның ескертуі. Сатып алу-сату шарты ҚР Азаматтық кодекстің (ерекше б.) (
25-тарау
) қараңыз.
8. Қазақстан Республикасының азаматы қарыз берушiмен банктік қарыз шарты бойынша Қазақстан Республикасы азаматының 3 (үш) жыл iшiнде мерзiмiнен бұрын өтеу құқығының жоқтығы туралы шартты көздейтiн банктік қарыз шартын жасасады.
9. Мыналар қаржыландыру көзi бола алады:
1) мынадай параметрлерi бар ипотекалық қарыздар:
сыйақы ставкасы қарыздың бүкiл мерзiмiне жылдық 10 (он) пайызға дейiн;
қарыз мерзiмi 20 (жиырма) жылға дейiн;
бастапқы жарнасы кемiнде 10 (он) пайыз;
2) тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiнiң тұрғын үй қарыздары.
Ережеге қосымша
______________
______________
Өтiнiш
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес маған_____________________ (туған жылын көрсете отырып, Т.А.Ә.) алаңы_____________________ ш.м. тұрғын үй сатуыңызды сұраймын
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тұрғын үйдiң сипаттамасы (бөлмелердiң саны, қабаты және өзгелер)
көрсетілген ақпарат), сондай-ақ жұмыс орны, атқаратын қызметi
және т.б. туралы қысқаша ақпарат)
Отбасы ___ адамнан тұрады:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыс стажы ___ жыл (мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң, әлеуметтiк сала мемлекеттік кәсiпорындарының қызметкерлерi ғана толтырады)
Болжамды қарыз беруші (лер): _______________________________
__________________________________________________________________
200____ жылғы "___" _______________
____________
(қолы)
Өтініштi қабылдаған:
_____________________ (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________ (қолы)