Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi N 1140 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 905 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Дiни бірлестіктермен байланыстар жөнiндегі кеңестiң ережесі мен құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 1140  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 387-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Діни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестiң құрамына енгізiлсiн:

Әйтiмова              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Бiрғаным Сарықызы       орынбасары, төрайым;

      мына:

"Кәлетаев             - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Дархан Аманұлы          Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнің
                        меңгерушiсi (келiсім бойынша)

Жолдасбеков Мырзатай  - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Жолдасбекұлы            университетiнiң ректоры"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Кәлетаев             - Қазақстан Республикасының Президентi
Дархан Аманұлы          Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат басқармасы
                        Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi
                        (келiсiм бойынша)

Жолдасбеков Мырзатай  - "Еуразия" гуманитарлық зерттеулер
Жолдасбекұлы            ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі,
                        филология ғылымдарының докторы, профессор";

      мына:

      "Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрі" деген жолда "вице-министр" деген сөздер "бiрiншi вице-министр" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген құрамнан Абдрахманов Сауытбек шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі