Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 863 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 17 тамыздағы 
N 863 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Сақтандыру төлемдерiн ішінара өтеу тәртібі
мен талаптары туралы шарттың  үлгi нысаны

200__ж. "__" ________     N______      ____________ қ.

      Бұдан әрi "Агент" деп аталатын, __________________________
басқармасы төрағасының атынан Жарғы негiзiнде әрекет ететiн __________________________ бiрiншi тараптан және бұдан әрi "Сақтандырушы" деп аталатын, __________________________ атынан Жарғы, 200__ж. "__" ________ "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берілген лицензия негiзiнде әрекет ететiн __________________ екiншi тараптан, бұдан әрi "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

  1. Шарттың мәнi

      1. Сақтанушы заңнаманың талаптарын және осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаған жағдайда оған қолайсыз табиғат құбылысының нәтижесiнде туындаған өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шеңберiндегi сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыларға белгіленген тәртiппен төленген соманың бiр бөлігін Сақтандырушыға өтеу.

  2. Өзара есеп айырысу тәртiбi мен талаптары

      2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк органға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бөлiнген бюджет қаражатының шеңберiнде қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыларға сақтандыру төлемiнiң елу пайызын өтеу үшін жүзеге асырылады.
      3. Агент Сақтандырушыға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнген бюджет қаражаты есебiнен мынадай жағдайлар қалыптасқанда сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеудi жүргiзедi:
      сақтандыру жағдайы басталған және өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы шартқа сәйкес Сақтандырушы Сақтанушы алдындағы сақтандыру төлемдерi бойынша мiндеттемелердi толық орындаған жағдайда;
      осы шарттың 4-тармағында көзделген, сақтандыру жағдайының басталуын және Сақтандырушының сақтанушыға нақты жүргiзілген сақтандыру төлемдерiн растайтын құжаттардың мiндеттi ұсынылуы кезiнде.
      4. Жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлігін Агенттiң өтеуi Сақтандырушының жазбаша өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiлiп көрсетiлген сәттен бастап бiр ай мерзiмде жүргізіледi:
      1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының нотариалды расталған көшiрмесi;
      2) жүргiзілген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы - түпнұсқа, шығыс ордерi - нотариус растаған көшiрме);
      3) комиссияның барлық мүшелерi қол қойған зерттеу актiсi;
      4) гидрометеорологиялық қызмет органы мен (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретiне сәйкес қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманың нотариалды расталған көшiрмесi;
      5) Сақтандырушы растаған бағалау кiрiсiн бағалау туралы құжаттың көшiрмесi.

  3. Агенттің құқықтары мен мiндеттерi

      5. Агенттің:
      1) Сақтандырушы Агентке көрiнеу жалған мәлiметтердi немесе жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуге байланысты құжаттарды хабарлаған және (немесе) берген жағдайда Сақтандырушыға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлігін өтеуден бас тартуға;
      2) Сақтандырушыдан өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн қажетті ақпарат сұратуға құқығы бар.
      6. Агент:
      1) Сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң белгілi бiр түрiн өндiруге арналған шығындардың Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiткен нормативтерi туралы ақпаратты жеткiзуге;
      2) қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмi өндiрiлетiн алқаптардың көлемiн анықтау жөнiндегi жұмысты қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда комиссия құрамында жүргiзуге;
      3) Сақтанушының, Сақтандырушының және бағалаушының қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн сатудан түскен нақты және бағалық кiрiсiн анықтау жөнiндегi бiрлескен жұмысына қатысуға мiндеттi.
      7. Агенттің Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

  4. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

      8. Сақтандырушы осы шарттың талаптарында Агенттен сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiнiң өтемiн бюджет қаражатынан алуға құқылы.
      9. Сақтандырушы:
      1) жасалған мiндеттi сақтандыру шарттары туралы ақпаратты мiндетті сақтандыру шарты жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiнен кешіктірмей, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты түпнұсқасының бір данасын қоса бере отырып, Агентке ұсынуға;
      2) өсiмдiк шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүргізу жөніндегі статистиканы жүргiзу мен жинау және оны Агентке оның талабы бойынша беруге;
      3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
      4) өзі тартқан бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) қызметiне ақы төлеуге мiндеттi.
      10. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

  5. Өзге де шарттар

      11. Осы шарт бойынша барлық даулар заңнамада белгіленген тәртiппен шешіледі.
      12. Осы шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.
      13. Шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енедi және оны жасаған күннен бастап 12 ай iшiнде қолданыста болады.

  6. Тараптардың деректемелерi:

      Сақтандырушы:                 Агент: