Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтудiң 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жылына 2 рет, 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.С.Әйтiмоваға жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 13 тамыздағы
N 850 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтудiң 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында туберкулезбен
күрестi күшейтудiң 2004-2006 жылдарға
арналған Бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Халық денсаулығы" Мемлекеттiк бағдарламасы
туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153
Жарлығы ,
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903
қаулысы (6.2.1-тармақ).
Негiзгi әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлiгі
Мақсаты 2006 жылдың аяғына туберкулез бойынша
эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру,
аурушаңдықты, өлiм-жiтiмдi, мүгедектiктi
төмендету.
Мiндеттерi Елдегi туберкулез бойынша ахуалды
тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған
бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу;
туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың
бiрыңғай хаттамаларын сақтау арқылы бастапқы
медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрi -
БМСК) жүйесiн тарта отырып, туберкулезбен
ауыратын науқастарды қараудың барлық
кезеңдерiнде емдеу-сауықтыру және алдын алу
іс-шараларын ұйымдастыру;
туберкулезге қарсы қызметтiң басқа
мемлекеттiк органдармен бiрiктiру;
туберкулезбен ауырған науқастар мен
туберкулезге қарсы ұйымдардың медицина
қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау;
туберкулезге қарсы қызметтегі мамандардың
бiлiктiлiгін, бiлiм деңгейлерiн арттыру.
Қаржыландыру көлемдерi Осы Бағдарламаны iске асыру республикалық,
мен көздерi жергiлiктi бюджеттердiң және Қазақстан
Республикасының заңнамасына қарама-қайшы
келмейтiн өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет
пен жергiлiктi бюджеттерден 15693,8 млн.
теңге сомасындағы қаржыландыруды талап етедi.
Республикалық бюджеттен қаржыландырудың
жалпы көлемi (млн. теңге)
2004 жылы - 443,5
2005 жылы - 434,9
2006 жылы - 500,6
Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырудың
жалпы көлемi (млн. теңге)
2004 жылы - 6943,1
2005 жылы - 4103,7
2006 жылы - 3268,0
2005-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк
бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
iс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдерi
тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық
бюджет туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес белгiленетiн (нақтыланатын)
болады.
Күтілетiн нәтижелер Бағдарламаны iске асыру туберкулез бойынша
эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға,
аурушаңдықты, туберкулезден өлiм-жiтiмдi
және мүгедектiктi төмендетуге мүмкiндiк
береді.
Туберкулездi анықтау, диагностикалау және
емдеу жөнiндегi барлық ресурстар мен
мүмкiндiктердi барынша жұмылдыру нәтижесiнде
2004-2006 жылдары республика бойынша
халықтың туберкулезбен аурушаңдығы 2004 жылы
100 мың адамға шаққанда 155,3-ке дейiн, 2005
жылы 100 мың адамға шаққанда 154,4-ке дейiн,
2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 152,4-ке
дейiн тұрақтанады және төмендейдi,
республикада туберкулез ауруынан қайтыс болу
2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 21,0-ге
дейiн, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда
20,6-гe дейiн, 2006 жылы 100 мың адамға
шаққанда 20,1-ге дейiн төмендейдi деп
күтiлуде.
2006 жылы балаларды бақыланатын химиялық
алдын алумен қамту 95-98% дейiн жоғарылап,
белсендi туберкулездi диагностикалау мерзiмi
қысқарып, кеш анықталған туберкулез
нысандарының саны азаяды.
2006 жылы емдеудiң тиiмдiлiгi артады
(өкпеде деструкциясы бар алғаш анықталған
науқастардағы ыдырау қуысының жабылуы,
бацилланың бөлiнуiнiң тоқтауы тиiсiнше 85%
және 95% дейiн), БМСК мен салауатты өмір
салтын насихаттау жұмыстарын жандандыру
есебiнен қайталап ауыру саны төмендейдi.
Iске асыру мерзiмi 2004-2006 жылдар
2. Кiрiспе
Азаматтардың денсаулығы мен салауаттылығын мемлекет Қазақстан Республикасының "Қазақстан - 2030" Даму стратегиясымен негiзгi ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi ретiнде анықтады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығымен , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысының 6.2.1-тармағымен Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрестi күшейтуге бағытталған 2004-2006 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзiрлеу белгiлендi.
Туберкулез - ел дамуының әлеуметтiк және экономикалық деңгейлерiне тәуелдi ауру. Соңғы жылдардағы экономикалық қайта құру кезеңiнде болған ауытқулар туберкулезбен аурушаңдық көрсеткiштерiнде айқын көрiндi.
Туберкулез халықтың барынша белсендi бөлiгiнiң еңбекке қабiлеттiлігін жоғалтуынан және мезгiлсiз қайтыс болуынан орны толмайтын материалдық зиян шеккiзетiн аса маңызды медициналық-әлеуметтiк проблема болып табылады. Бiрде-бiр ел халқының денсаулығы үшiн туберкулез эпидемиясының қауiптi екендiгiн елемеуi мүмкiн болмайтындықтан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы туберкулездi адамзат үшін ғаламдық қатер деп жариялады және бұл проблеманы шешу үшiн барлық елдердiң үкiметтерiн жедел шаралар қолдануға шақырды.
Бiздiң елдiң басынан өткiзiп отырған әлеуметтiк-экономикалық реформалар кезеңi туберкулезге қарсы iс-шаралардың көлемi мен сапасына әсер еттi.
1998 жылы 1992 жылмен салыстырғанда осы аурудан қайтыс болу 3,3 есе, ал аурушаңдық 1,8 есе ұлғайды. Аурудың өсуiн тоқтату үшiн ел шұғыл және қуатты шараларды қолдануды қажет еттi. Соған байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы N 3956 Жарлығы және "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысы қабылданды.
Қазақстан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiнiң iшiндегi туберкулезбен күрестiң жаңа әдiстерiмен қаруланған елдердiң бiрi болды.
1998 жылдан бастап *DOTS-стратегиясын енгізудi көздейтiн туберкулезге қарсы қызмет реформасы басталды. Республика жағдайына бейiмделмей енгiзiлген туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу және қараудың стратегиясы аурудың созылмалы нысаны бар туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк есептен алып тастау, толық емделмеген науқастарды стационарлардан амбулаторлық емдеуге шығару туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың одан арғы тәсiлдерiн белгiлеген осы кезеңде емдеудi бақылаудың жоқтығы сияқты бiрқатар келеңсiздiктердi анықтады.
2001 жылдан бастап, ДДСҰ-мен келiсiлген Қазақстан жағдайына DOTS-стратегиясын бейiмдеу жүргізiлдi.
Алайда сонымен бiрге, Қазақстанда туберкулез бойынша негізделген нақты бағдарламаның жоқтығы түбегейлi өзгерiстерге жетуге мүмкiндiк бермей отыр.
Анықтаудың, диагностиканың, емдеудiң, алдын-алудың пайдалы әдiстерiн енгiзу арқылы осы Бағдарламаның барлық белгiленген тармақтарын дәйектiлiкпен кешендi түрде орындау, материалдық-техникалық базаларды жақсарту және туберкулезге қарсы мекемелердi тиiстi жабдықтармен жарақтандыру қажет. Бұл ретте бұрынғы пайдаланымдарды оңтайлы түрде сақтай отырып, жаңа бағыттарды әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жалпы құрылымына бейiмдеу керек.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
ДДСҰ қырық төртiншi сессиясында мынадай негізгi екi мақсаттың жетiстiгi жоспарланған:
туберкулездiң ашық нысанымен аурудың барлық жағдайларының 70% дер кезiнде анықтауды қамтамасыз ету;
уақытында анықталған туберкулезбен ауыратын науқастардың 85% емдеуге жету.
DOTS жүйесiне кiру жер бетi халқының 55% қатысты 2000 жылға қамтамасыз етiлген және 148 елде енгiзiлген болатын. Сонда да, осы жүйе бойынша денсаулық сақтау қызметтерiн жетiлдiрiлмегендiктен жер планетасында алғаш ауырғандардың кем дегенде 27% ғана толық түрде емделдi. Дәл соған байланысты бұдан ең қысқа мерзiмде қойылған мақсаттарға жету iске аспайды. Туберкулез - тек денсаулық сақтау жүйесiнен тәуелдi ауру ғана емес, ең бiрiншi кезекте мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiнен тәуелдi ауру.
Қазақстан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдағы мемлекеттердiң қатарына жатады.
Қазiргі таңда республика туберкулезбен аурушаңдық және қайтыс болу деңгейi бойынша ТМД елдерiнiң арасында жетекшi орынды алып отыр. Соңғы онжылдықта халықтың туберкулезбен ауруы тұтастай ел бойынша 2,8 есе өстi. Жыл сайын Қазақстанда туберкулезбен 20 - 25 мың адам ауырып, үш мыңнан аса адам қайтыс болады. Туберкулезден қайтыс болу көрсеткiшi 100 мың адамға шаққанда 1994 жылғы 17,6-дан 1998 жылғы 38,4-ке дейiн ұлғайса, ал 2003 жылы 22,4-ке дейiн азайды. Қазiргі уақытта қоса алынған барлық басқа жұқпалы аурулардан гөрі халықтың ересек бөлiгі арасында туберкулезбен ауыратындардың көбірек қайтыс болатындығын атап көрсету қажет.
1990-1998 жылдарда химиотерапия әбден былыққан жағдайда болды, диагностиканың, емдеу мен алдын-алудың бұрынғы әдiстерi өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес келмедi, созылмалы науқастардың саны артты.
Туберкулезге қарсы мекемелерде диспансерлiк есепте 2004 жылдың 1 қаңтарына белсендi туберкулезбен ауыратын 72359 адам тұрды.
Елдегi эпидемиологиялық жағдай жыл сайын түзету мекемелерiндегі туберкулезбен ауыратын науқастар санының көбеюiне байланысты қиындай түсуде.
Бұл контингенттiң арасында белсендi туберкулезбен аурушаңдық республиканың азаматтық тұрғындарға қарағанда 30 есе, ал қайтыс болу 9 есе көп.
Балалар мен жасөспiрiмдер арасында аурушаңдықтың жедел түрде өсуi айырықша алаңдатушылық туғызып отыр. 2003 жылы балалар аурушаңдығының көрсеткiшi 100 мың адамға шаққанда 47,2 құрайды. Ауырған балалардың клиникалық құрамында туберкулездiң жіті өтетiн, тарап кететiн, милиарлы және деструктивтi нысандары, туберкулездi менингиттің үлес салмағы жоғарылады.
Туберкулезбен ауырғандардың 21,9% үйлерiнде қайтыс болады, ал бiрқатар облыстар мен қалаларда бұл көрсеткiш 31,6-40% жетiп отыр. Туберкулезбен ауыратын науқастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету пайызы республикада барлығы 10,3% құрайды. Туберкулез жұқпасы ошағынан балаларды оқшаулау тек төрттен бiр жағдайда ғана жүзеге асырылады, осының нәтижесiнде туберкулездiң асқынған және емделуi қиын нысандарының саны көбейдi. Көптеген облыстарда қаражаттың тапшылығынан санаторийлық мектеп-интернаттар, мектеп жасына дейiнгі топтар жабылды, ал бұл уақытта жұқпа ошағындағы балалардың 43%, "қатер" тобынан 70% аса балалар оқшаулау мен сауықтыруды қажет етеді.
Халықтың маскүнемдiк пен нашақорлықтың созылмалы түрiнен зардап шегетiн әлеуметтiк-бейiмделмеген топтарының өкiлдерi белгiлi бiр қатер төндіреді.
Қазiргі кезде республикамызда мультирезистенттi созылмалы туберкулездi (туберкулездiң дәрiге төзiмдi микобактериялары) анықтау, диагностикалау мен емдеу барынша көкейтестi мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрi - ҚР ТПҰО) 2002 жылға арналған мәлiметтерi бойынша негiзгi туберкулезге қарсы қолданылатын изониазид пен Рифампицин препараттарына (MDR) деген туберкулез микобактерияларының тұрақтылығы туберкулез бен жаңадан науқастанғандардың iшiнде 12,7%, ал қайталап ауырғандардың iшiнде 36,8%-ында анықталған.
Республиканың бiрқатар облыстарында эпидемиологиялық жағдай iрi қара малдың туберкулезбен зақымдануы салдарынан қиындай түсуде. Туберкулез аурушаңдығын төмендету мәселесi қосымша жұқпа көздерiн ескермесе ойдағыдай шешiлмейдi, бұларға бiрiншi кезекте туберкулезбен ауыратын ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
Алайда, халықаралық ұйымдармен бiрлесе отырып, денсаулық сақтауды ұйымдастырушыларды, туберкулезге қарсы қызмет, жалпы емдеу жүйесiн, санитарлық-эпидемиологиялық және ведомстволық қызмет мамандарын стратегия қағидаттарына үйрету жөніндегi жұмыс жүргізуде. Жалпы емдеу жүйесiнiң, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң (бұдан әрi - ӘМ ҚАЖК), Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ), Қорғаныс министрлiгінiң (бұдан әрi - ҚМ) мекемелерi аурудың жұқпалы түрлерiн уақытында анықтауға мүмкiндiк беретiн жоғары қабiлеттi бинокулярлы микроскоптармен, шығыс материалдарымен және реактивтермен қамтамасыз етiлдi. Облыстық және өңiрлiк туберкулезге қарсы диспансерлердiң бактериологиялық зертханаларының материалдық-техникалық базасы және оларды зертханалық диагностиканы, культуральды зерттеулердi жүргізуге, туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік төзiмдiлігін анықтауды жақсартуға мүмкiндiк беретiн осы заманғы зертханалық жабдықтармен және аппаратуралармен жарақтандыру жақсартылды. Соңғы 4 жылдың iшiнде ауруды анықтау 5,8%-ға жақсарды.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаторлық кезеңде емдеудi қамтамасыз ету үшiн отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялардың, жеке қалалық және кенттiк емханалардың штаттарына химизаторлардың 678 ставкасы енгізiлдi.
ТМД елдерiндегi жалғыз Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының референс-зертханасы супраұлттық зертханаларда (Германия) сапасын бақылауды тексеруден өттi және ДДСҰ оны бактериологиялық зерттеулердiң сапасын бақылаудың Халықаралық зертханаларының тiзiлiмiне енгiзудi ұсынды.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды, аурудың созылмалы және мультирезистенттi нысандарын қоса алғанда, емдеу мен байқауды есепке алу, бақылау үшiн республикада "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тiркелiмi" деген компьютерлiк бағдарлама енгiзiлуде.
Халықаралық аренада әлемдiк медицинадағы жаңа ағымдарға сергек көңiл аударатын елдер ретiнде Қазақстанның беделi нығайды. ДДСҰ туберкулездiң ғаламдық проблемасы жөнiндегi Бас сарапшысы, доктор Марио Равилвони Қазақстанда туберкулезбен күрес жөнiндегi тиiстi бағдарламалар барынша белсендi енгiзiп жатқандығын атап көрсеттi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
2006 жылдың аяғына қарай туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, аурушаңдықты және қайтыс болуды төмендету бағдарламаның мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның аса маңызды мiндеттерiнiң қатарынан мыналарды атап айтуға болады:
1) елдегi туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу;
2) туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың бiрыңғай хаттамаларын сақтау арқылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрi - БМСК) жүйесiн тарта отырып, туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың барлық кезеңдерiнде емдеу-сауықтыру және алдын алу iс-шараларын ұйымдастыру;
3) туберкулезге қарсы қызметтiң басқа мемлекеттiк органдармен бiрiгуi;
4) туберкулезбен ауырған науқастар мен туберкулезге қарсы ұйымдардың медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау;
5) туберкулезге қарсы қызмет мамандарының бiлiктiлiгiн, бiлiм деңгейлерiн арттыру.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен iске асыру тетiгi
1. Елдегi туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу:
1) Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлігін талдау және бағалау мақсатымен (республикадағы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған эпидемиологиялық мониторингi мен мәлiметтер банкiнiң компьютерлiк жүйесi) туберкулезбен ауыратын науқастардың Ұлттық тiркелiмiн әзiрлеу;
2) ӘМ ҚАЖК, IIМ, ҚМ жүйесiндегi науқастарды есепке ала отырып, туберкулездiң барлық түрiмен ауыратын науқастарды анықтау, емдеу және бақылаудың тиiмдiлiгi есебi мен мониторингiн жетiлдiру;
3) практикалық денсаулық сақтаудағы диагностиканың, емдеудiң жаңа әдiстерiн енгiзу арқылы ғылыми зерттеулердi жалғастыру;
4) республиканың туберкулезге қарсы мекемелерiн рентгендiк диагностикалық жабдықтармен, жоғарғы қабiлеттi микроскоптармен, рентгендiк флюорографиялық пленкалармен және химиялық реактивтермен қамтамасыз ету жолымен туберкулезге қарсы қызметтiң барлық буындары ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
5) тұрақты бактерия бөлiнетiн туберкулездiң созылмалы түрiмен ауыратын науқастарды емдеу үшiн облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң жанынан мамандандырылған бөлiмшелердi кезең-кезеңмен ашу;
6) емдеуден бас тартатын, аурудың жұқпалы түрiнен зардап шегетiн туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу үшiн облыстық туберкулезге қарсы мекемелердiң базасындағы мамандандырылған бөлiмшелердi қайта ұйымдастыру.
2. БМСК жүйесiн тарта отырып, туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың барлық кезеңдерiнде емдеу-сауықтыру және алдын алу iс-шаралары:
1) емдеудiң барлық кезеңдерiнде туберкулезбен ауыратын науқастарға бақыланатын химиялық терапияны ұйымдастыру;
2) туберкулездi анықтау мен диагностикалаудың негiзгi әдiстерiн (бактероскопия, халықты жыл сайын сараланған флюорографиялық тексеру, балалар мен жас өспiрiмдер арасында туберкулинодиагностикалау) қолдану;
3) алғаш рет туберкулезбен ауырғандарды, қайталап ауырғандарды, емдеу сәтсiздiктерiн және бұрын емделмеген созылмалы түрiмен сырқаттанғандарды химиотерапияның толық курсымен қамтамасыз ету;
4) компьютерленген бағдарламалардың, жаңа ғылыми әзiрленiмдердiң негiзiнде туберкулезбен ауырған науқастарды анықтау, емдеу және бақылау тиiмдiлiгiнiң орталықтандырылған мониторингiн жүргiзу;
5) егiлуге тиiстi контингенттiң кем дегенде 95 % қамти отырып, нәрестелердi егу және 6-7, 11-12 жастағы балаларды қайта егу жолымен туберкулездiң өзiне тән алдын алумен қамтамасыз ету;
6) АҚТҚ жұқпасы бар және туберкулез жұқпасының ошағында қарым-қатынастағы адамдарды химиялық алдын алу;
7) балалар мен жасөспiрiмдердi санаторийлық үлгiдегi мамандандырылған мектеп жасындағы балалар мен мектеп жасына дейiнгi мекемелерге оқшаулау;
8) халық арасында және пенитенциарлы жүйеде санитарлық-ағарту жұмысын кешендi өткiзу.
3. Туберкулезге қарсы қызметтiң басқа мемлекеттiк органдармен бiрiгуi.
4. Туберкулезбен ауырған науқастар мен туберкулезге қарсы ұйымдардың медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау:
1) жергiлiктi атқарушы органдарының халықтың әлеуметтiк осал тобындағы туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтiк қолдауды ұйымдастыру мен өткiзу;
2) бактерия бөлiнетiн туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтiк қорғау;
3) туберкулезбен ауыратын науқастарды және туберкулезге қарсы қызмет қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау.
5. Туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың бiрыңғай хаттамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
6. Туберкулезге қарсы қызметтегi мамандардың бiлiктiлiгiн, бiлiм деңгейлерiн арттыру:
1) туберкулезге қарсы қызмет мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету;
2) туберкулезге қарсы iс-шараларды өткiзуге тартылған мамандарды бейiмделген *DOTS стратегияның анықтау, диагностикалау және емдеу қағидаттарына үйрету, БМСК жүйесiнiң медицина қызметкерлерiн туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаторлық кезеңде емдеудi бақылау үшін кеңiнен тарту.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Осы Бағдарламаны iске асыру республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер қаражатынан 15693,8 млн.теңге сомасында қаржыландыруды талап етедi.
Бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк бюджеттен көзделiп отырған қаржы шығындары:
(мың теңге)
__________________________________________________________________
Қаражат | 2004 жыл | 2005 жыл | 2006 жыл
__________________________________________________________________
Республикалық бюджет 443,5 434,9 500,6
Жергiлiктi бюджеттер 6943,1 4103,7 3268,0
Жиынтығы 7386,6 4538,6 3768,6
__________________________________________________________________
2005-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдерi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және жергiлiктi мәслихаттардың тиiстi жылға жергiлiктi бюджетi туралы шешiмге сәйкес белгiленетiн (нақтыланатын) болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Туберкулезге қарсы iс-шаралардың әзiрленген кешенiн енгiзу туберкулезбен аурушаңдық, таралу, мүгедектiк және қайтыс болу көрсеткiштерiн 2006 жылы тұрақтандыруға және кейiннен төмендетуге, емдеудiң тиiмділігін арттыруға (бацилланың бөлiнуiнiң, өкпеде деструкциясы бар алғаш анықталған науқастардағы ыдырау қуысының жабылуының жаңа жағдайының арасындағы "сауығу" көрсеткiшi) мүмкiндiк бередi.
Туберкулезді анықтау, диагностикалау және емдеу жөнiндегi барлық ресурстар мен мүмкiндiктердi барынша жұмылдыру нәтижесiнде 2004-2006 жылдары республика бойынша халықтың туберкулезбен аурушаңдығын тұрақтандыру және 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 155,3-ке дейiн, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 154,4-ке дейiн, 2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 152,4-ке дейiн тұрақтанады және төмендейдi, республикада туберкулез ауруынан қайтыс болу 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 21,0-ге дейiн, 2005 жылы 100 мың адамға шаққанда 20,6-кe дейiн, 2006 жылы 100 мың адамға шаққанда 20,1-ге дейiн төмендету күтiлуде.
2006 жылы балаларды бақыланатын химиялық алдын алумен қамту 95-98% дейiн жоғарылап, белсендi туберкулездi диагностикалау мерзімi қысқарып, кеш анықталған туберкулез нысандарының саны азаяды. 2006 жылы емдеудiң тиiмділiгi артады (өкпеде деструкциясы бар алғаш анықталған науқастардағы ыдырау қуысының жабылуы, бацилланың бөлiнуiнiң тоқтауы тиiсiнше 85% және 95% дейiн), БМСК мен салауатты өмiр салтын насихаттау жұмыстарын жандандыру есебiнен қайталап ауыру саны төмендейдi.
*DOTS - ағылшын тiлiнен аударғанда тiкелей бақыланатын емдеудi, қысқа мерзiмдi курсты бiлдiредi.
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
__________________________________________________________________
N | Іс-шаралар |Аяқталу|Жауапты |Орын.|Болжалды шығыстар,|Қар.
| |нысаны |орындау.|дау | мың теңге |жы.
| | | шылар |мер. |------------------|лан.
| | | |зiмi | 2004 |2005 |2006 |дыру
| | | | | жыл |жыл |жыл |көзі
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1. Елдегі туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыру мен
жақсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар
__________________________________________________________________
1.1 Республикада Қазақ. ДСМ 2004 2687,00 Респу.
туберкулез. стан ж. 4 блика.
бен ауыратын Респу. тоқ. лық
науқастардың блика. сан бюджет
Ұлттық тізі. сының Ақмола, 2004 15150,10 Жергі.
лімін жасау Үкіме. Алматы, ж. 4 лікті
және Қазақ. тіне Қара. тоқ. бюд.
стан Респу. ақпарат ғанды, сан жеттер
бликасының Шығыс
Әділетминi Қазақ.
ҚАЖК, IIM, стан,
Қорғанысми. Сол.
нiнiң нау. түстiк
қастарын Қазақ.
қоса алған. стан,
да, науқас. Қоста.
тарды бақы. най,
лау монито. Оңтүстiк
рингiн қам. Қазақ.
тамасыз ету стан
облыста.
рының
әкiмдерi
1.2 Ақтөбе об. Қазақ. ДСМ, 2004 91144,00 Жергі.
лыстық ту. стан Алматы, ж. 4 лікті
беркулезге Респу. Атырау, тоқ. бюд.
қарсы дис. блика. Қара. сан жеттер
пансердi сының ғанды, 2005 75767,00
(батыс өңiр Үкіме. Шығыс ж. 4
үшiн), тіне Қазақ. тоқ.
Өскемен қа. ақпарат стан, сан
ласындағы Жамбыл, 2006 66949,00
облыстық Қоста. ж. 4
туберкулезге най, тоқ.
қарсы дис. Оңтүстiк сан
пансердi Қазақ.
(шығыс өңiр стан
үшiн), облыста.
Сайрам ту. рының
беркулезге әкiмдерi
қарсы ауру.
ханасын
(оңтүстiк
өңiр үшiн),
Петропавл
қаласындағы
облыстық
туберкулезге
қарсы дис.
пансердi
(солтүстiк
өңiр үшiн)
қоспағанда
бацилла бө.
лiнетiн (БК+)
созылмалы тү.
рiмен ауыра.
тын науқас.
тарға арналған
стационарларға
емделуден бас
тартқан тубер.
кулездiң жұқ.
палы түрiмен
ауыратын мәж.
бүрлеп емдеу
үшiн маман.
дандырылған
стационарларды
қайта бейiмдеу
1.3 Туберкулездi Қазақ. Ақмола, Жыл 352995,00 Жергі.
ерте анықтау стан Ақтөбе, сайын 539555,00 лікті
мақсатында Респу. Алматы, бюджет.
жалпы емдеу блика. Атырау, 547055,00 тер
жүйесiндегi сының Шығыс
мекемелердi Үкiме. Қазақ.
кадрлары бар тiне стан,
стационарлық ақпарат Солтүс.
және жылжы. тiк Қа.
малы флюоро. зақстан,
графиялық Жамбыл,
қондырғылар. Маң.
мен, флюоро. ғыстау,
графиялық Павло.
пленкалар. дар,
мен, химре. Қоста.
активтермен най,
қамтамасыз Оңтүстiк
ету Қазақстан
облыста.
рының,
Астана
және
Алматы
қалала.
рының
әкiмдерi
1.4 Туберкулезге Қазақ. Әдiлет. 2004 24831,00 Респу.
қарсы меке. стан минi ж. 4 блика.
мелердiң, Респу. тоқ. лық
тергеу изо. блика. сан бюджет
ляторларының, сының 2005 249695,00
түзету меке. Yкiме. ж. 3
мелерiнiң тiне тоқ.
материалдық- ақпарат сан
техникалық 2006 251005,00
базасын ж. 4
нығайту тоқ.
(жұмсақ және сан
қатты мүкәм. ДСМ 2004 138699,00
малдармен, ж. 4
ұйымдастыру тоқ.
техникалары. сан
мен, рент. Ақмола, 2004 2536480,80 Жергі.
гендiк-томо. Ақтөбе, ж. 3 лікті
графиялық Алматы, тоқ. бюд.
қондырғы. Атырау, сан жеттер
лармен және Қара. 2005 1005428,00
басқа да ғанды, ж. 3
медициналық Шығыс тоқ.
жабдықтар. Қазақ. сан
мен, дезин. стан, 2006 800984,00
фекциялаушы Солтүс. ж. 3
заттармен, тiк Қа. тоқсан
санитарлық зақстан,
автокөлiк. Қызы.
термен жа. лорда,
рақтандыру, Жамбыл,
күрделi және Маңғыстау,
ағымдық Павлодар,
жөндеудi Қостанай,
жүргiзу) Оңтүстік
Қазақстан
облыста.
рының,
Астана және
Алматы қа.
лаларының
әкiмдерi
1.5 "Бурабай" Қазақ. ДСМ 2005 84000,00 Респу.
республика. стан ж. 4 блика.
лық балалар- Респу. тоқсан лық
жасөспiрiм. блика. бюджет
дер тубер. сының
кулез сана. Үкiме.
торийiнiң тiне
жанынан ша. ақпарат
ғын мектеп
салу
1.6 Солтүстiк Қазақ. ДСМ Сол. 2006 97870,00
Қазақстан стан түстiк ж. 4 Респу.
облысының Респу. Қазақ. тоқ. блика.
Булаево қа. блика. стан сан лық
ласында 90 сының облы. бюджет
адамның қа. Үкiме. сының
ралуына ар. тiне әкiмi
налған емха. ақпарат
насы бар 50
төсектiк ту.
беркулезге
қарсы дис.
пансер салу
1.7 Қазақстан Қазақ. ДСМ 2004 1500,00 Респу.
Республика. стан ж. 4 блика.
сының тубер. Респу. тоқсан лық
кулез проб. блика. 2005 55250,00 бюджет
лемалары сының ж. 4
ұлттық орта. Үкiме. тоқсан
лығының жа. тiне 2006 104750,00
нынан Ұлттық ақпарат ж. 4
референц тоқсан
зертхана салу
1.8 ҚР ӘМ ҚАЖК Қазақ. Әдiлет. Жыл 22145,00 Респуб.
түзету меке. стан минi сайын 23252,00 ликалық
мелерiн қа. Респу. 3 тоқ. бюджет
бiлеттілiгi блика. сан 24298,00
жоғары мик. сының Ақмола, 2004 3411,00 Жергi.
роскоптар. Үкiме. Ақтөбе, ж. 3 лiктi
мен, сондай- тiне Алматы, тоқ. бюд.
ақ Ақмола, ақпарат Атырау, сан жеттер
Ақтөбе, Ал. Қара. 2005 19459,70
маты, Шығыс ғанды, ж. 3
Қазақстан, Шығыс тоқсан
Жамбыл, Қа. Қазақ. 2006 14700,00
рағанды, стан, ж. 3
Қызылорда, Жамбыл, тоқсан
Павлодар, Павло.
Солтүстік дар,
Қазақстан Қостанай
облыстары. облыста.
ның бастапқы рының
медициналық- әкiмдерi
санитарлық
көмек жүйе.
лерiн микро.
скопия мен
дәрiлiк се.
зiмталдықты
анықтау үшiн
химиялық ин.
гредиенттер.
мен, сондай-
ақ шығыс ма.
териалдары.
мен (түтiк.
тер, заттық
шынылар, бет
перделер,
қолғаптар)
қамтамасыз ету
1.9 Санаторлық ДСМ-ға Ақтөбе, 2004 974147,00 Жергi.
үлгiдегi ақпарат Шығыс ж. 4 лiктi
(санаторий. Қазақ. тоқсан бюд.
лер, бала- стан, 2005 729817,00 жеттер
бақшалар, Солтүс. ж. 2
санаторлық тiк тоқсан
топтар, са. Қазақ. 2006 117433,00
наторлық үл. стан, ж. 2
гiдегi мек. Жамбыл, тоқсан
теп-интер. Қоста.
наттар) ба. най,
лалардың Оңтүстiк
мектепке де. Қазақ.
йiнгi және стан об.
мектеп меке. лыста.
мелерiн ашу рының,
арқылы тубер. Астана
кулездiк жұқ. қаласының
палар оша. әкiмдерi
ғындағы ба.
лаларды са.
уықтыру мен
оңалтуды қам.
тамасыз ету
1.10 Ақмола облы. ДСМ-ға Ақмола 2005 260000,00 Жергі.
сында 11 ау. ақпарат облысы. ж. 4 лiктi
дандық мек. ның тоқсан бюд.
тепке дейiн. әкiмi жеттер
гi балалар
мекемелерi.
нiң балала.
рын тегiн
ұстауға ар.
налған сана.
торийлердi
ашу жөнiнде.
гi шараларды
қабылдау
және мектеп-
интернат ашу
1.11 Павлодар об. ДСМ-ға Павлодар 2004 450000,00 Жергі.
лысының Шар. ақпарат облы. ж. 4 лiктi
бақты ауда. сының тоқсан бюд.
нының Шалдай әкiмi жеттер
кентiнде ту.
беркулез ау.
руымен ауыр.
ған балалар
үшiн 200
орындық мек.
теп-интернат
ашу жөнiнде.
гi шараларды
қабылдау
1.12 Солтүстiк ДСМ-ға Сол. 2004 76100,00 Жергі.
Қазақстан ақпарат түстiк ж. 4 ліктi
облысының Қазақ. тоқсан бюд.
Мәмлүт ауда. стан 2005 76000,00 жеттер
нының Мәмлүт облы. ж. 4
қаласында сының тоқсан
150 орындық әкiмi 2006 76000,00
ұйықтау кор. ж. 4
пусын, ше. тоқсан
берханалар
сала отырып,
туберкулез
жұққан бала.
ларды оңалту
үшiн сана.
торлық мек.
теп-интер.
натты 450
орынға ке.
ңейту жөнiн.
дегі шара.
ларды қабыл.
дау, 150
орындық ас.
хана ғимара.
тын рекон.
струкциялау
1.13 Ақтау қала. ДСМ-ға Маң. 2004 400000,00 Жергі.
сында сана. ақпарат ғыстау ж. 4 лiктi
торлық мек. облы. тоқсан бюд.
теп-интернат сының 2005 308900,00 жеттер
ашу жөнiн. әкiмi ж. 4
дегі шара. тоқсан
ларды қабыл.
дау
1.14 Туберкулез Бұйрық ДСМ 2004 20000,00 Респуб.
саласында ж. ликалық
ғылыми зерт. 2005 20900,00 бюджет
теулер жүр. ж.
гiзу, оның 2006 20900,00
iшiнде: ж.
1.14.1 Асқазан- Бұйрық ДСМ 2004 6666,00 Респу.
iшек жолдары ж. блика.
патологиясы 2005 6966,00 лық
бар, бронх ж. бюджет
және ІІ 2006 6966,00
типтi қант ж.
диабетi,
сондай-ақ
дисбактериоз
аясында өте.
тін алғаш
анықталған
жылдам ас.
қынушы ту.
беркулез
патология.
сында дәрiге
тұрақты өкпе
туберкулезi.
мен ауыратын
науқастарды
диагностика.
лау және ем.
деудiң тиiм.
дiлiгiн зер.
ттеу және
ғылыми
негiздеу
1.14.2 Қосалқы Бұйрық ДСМ 2004 6666,00 Респуб.
асқазан-iшек ж. ликалық
жолдары па. 2005 6966,00 бюджет
тологиясы ж.
бар науқас. 2006 6966,00
тардың дәрiге ж.
тұрақты ту.
беркулез
жағдайында
қайталану
эпидемиоло.
гиясын және
емдеу сәт.
сiздiктерiн
және оларды
диспансерлiк
бақылауды
жетілдiрудi
зерттеу және
ғылыми
негiздеу
1.14.3 Тән емес Бұйрық ДСМ 2004 6668,00 Респуб.
эндобронхитi ж. ликалық
бар балалар 2005 6968,00 бюджет
мен жасөспi. ж.
рiмдер ту. 2006 6968,00
беркулезiнiң ж.
дәрiге тұ.
рақты түрi.
нiң клиника.
лық ағымы
мен кешендi
емделуiнiң
ерекшелікте.
рiн зерттеу
және ғылыми
негiздеу
___________________________________________________________________
2. Емдеу-сауықтыру және алдын алу iс-шаралары
___________________________________________________________________
2.1 Қазақстан ДСМ-ға ДСМ Жыл 4848,00 Жергі.
Республика. ақпарат Ақмола, сайын ліктi
сына тұруға Ақтөбе, 4878,00 бюджет.
келген бар. Алматы, тер
лық азамат. Шығыс 4198,00
тарды тубер. Қазақ.
кулезге тек. стан,
серудi жүзе. Солтүс.
ге асыру тiк
Қазақ.
стан,
Жамбыл,
Маңғыстау,
Павлодар,
Қостанай,
Оңтүстiк
Қазақстан
облыста.
рының
әкiмдерi
КДА
2.2 Павлодар об. ДСМ-ға Павлодар 2004 7250,00 Жергі.
лысының ау. ақпарат облы. ж. 4 ліктi
рудың жоғары сының тоқсан бюд.
"қатерi" бар әкiмi 2005 7250,00 жеттер
контингент. ж. 3
терiнiң ара. тоқсан
сында алдын 2006 7250,00
ала тексеру ж. 3
жүргiзудi тоқсан
қамтамасыз
ету
2.3 Өмiрлiк ма. ДСМ-ға Облыс. 2004 1255181,00 Жергi.
ңызы зор ақпарат тардың ж. лiктi
дәрілік зат. әкiмдерi 1-4 бюд.
тардың тiзi. тоқсан жеттер
мiне сәйкес
туберкулезге
қарсы препа.
раттарды
қоспағанда
туберкулез.
бен ауыратын
науқастарды
дәрілік зат.
тармен қам.
тамасыз ету
2.4 Бұқаралық ДСМ-ға Ақмола, Жыл 9524,00 Жергi.
ақпарат құ. ақпарат Ақтөбе, сайын лiктi
ралдарын Атырау, 6520,00 бюд.
(БАҚ) пайда. Қара. жеттер
лана отырып, ғанды, 6470,00
халық ара. Батыс
сында сани. Қазақ.
тарлық-ағар. стан,
ту жұмысын Жамбыл,
күшейту Маңғыстау,
Павлодар,
Қостанай,
Оңтүстiк
Қазақстан
облыста.
рының,
Астана
және
Алматы
қалала.
рының
әкiмдерi
___________________________________________________________________
3. Туберкулезге қарсы қызметтің басқа мемлекеттік
органдарымен бiрiгуi
___________________________________________________________________
3.1 Туберкулез. Қазақ. ДСМ 2004 Қаржы шығындары
бен күрес стан Әділет. ж. 4 талап етiлмейдi
жөнiндегi Респу. минi тоқ.
iс-шараларды блика. IIМ сан
іске асыруға сының АШМ
жұмылдырыл. Үкiме.
ған орган. тiне
дардың өзара ақпарат
iс-қимыл
тәртiбiн
әзiрлеу
3.2 Азаматтық Қазақ. ДСМ, 2004- Қаржы шығындары
денсаулық стан IIM, 2006 талап етiлмейдi
сақтаудың Респу. Әдiлет. ж.ж.
туберкулезге блика. минi, 1-4
қарсы қызме. сының Қорға. тоқсан
тi мен БМСК, Үкiме. нысминi,
IIM, Әділет. тiне Облыс.
минi, Қорға. ақпарат тардың,
нысминi ме. Астана
кемелерiнiң және
туберкулез. Алматы
бен ауыратын қалала.
науқастарды рының
емдеу мен әкiмдерi
байқаудағы
сабақтас.
тықты қам.
тамасыз ету
___________________________________________________________________
4. Туберкулезбен ауырған науқастар мен туберкулезге қарсы
ұйымдардың медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау
___________________________________________________________________
4.1 Амбулаторлық Қазақ. ДСМ, 2004 169544,10 Жергi.
емделу кезе. стан Ақмола, ж. 4 лiктi
ңiнде тубер. Респу. Ақтөбе, тоқсан бюд.
кулезбен блика. Алматы, 2005 176091,00 жеттер
ауыратын аз сының Атырау, ж. 1
қамтылған Үкiме. Қара. тоқсан
науқастарды тiне ғанды, 2006 171432,00
қосымша та. ақпарат Шығыс ж. 1
мақтанумен Қазақ. тоқсан
және жол стан,
жүру ақысы. Солтүс.
мен қамтама. тiк Қа.
сыз ету үшiн зақстан,
ақша қаража. Батыс
тын төлеу Қазақ.
жөнiндегi стан,
шараларды Жамбыл,
әзiрлеу Маңғыстау,
Павлодар,
Қостанай
облыста.
рының,
Астана
қалала.
рының
әкiмдерi
4.2 Туберкулез. ДСМ-ға Ақмола, Жыл 1365161,00 Жергі.
бен ауыратын ақпарат Ақтөбе, сайын лiктi
науқастарды Алматы, 4 тоқ. 1410002,00 бюдже.
барлық ста. Атырау, сан ттер
ционарлық Солтүс. 1422222,00
емдеу кезе. тiк Қа.
ңiнде құнар. зақстан,
лы тамақта. Қызы.
нумен және лорда,
патогенети. Батыс
калық тера. Қазақ.
пия үшiн стан,
дәрі-дәрмек. Жамбыл,
термен қам. Маңғыстау,
тамасыз ету Павлодар,
Қостанай,
Оңтүстiк
Қазақстан
облыста.
рының,
Астана
қаласының
әкiмдерi
4.3 Денсаулық ДСМ-ға ДСМ Тоқ. Қаржы шығындарын
сақтау ұйым. ақпарат Облыс. сан талап етпейдi
ның қорытын. тардың, сайын
дысы бар, Астана
БК+ туберку. және
лезбен ауы. Алматы
ратын еңбек. қалала.
ке қабілеттi рының
адамдарды әкімдерi
жұмысқа ор.
наластыру
жөнiндегi
шараларды
қабылдау
4.4 Туберкулез. ДСМ-ға Ақмола, Тоқ. 95400,00 Жергі.
бен ауыратын ақпарат Ақтөбе, сан лікті
мүшесi бар Маң. сайын 84700,00 бюд.
отбасын тұр. ғыстау, жеттер
мыстық жағ. Павлодар, 77000,00
дайларын Оңтүстік
жақсарту жө. Қазақ.
нiндегi ша. стан об.
раларды қа. лыста.
былдау қара. рының,
жаттар қа. Астана
растыру және қала.
БК+ (бацилла сының
бөлгiш) нау. әкiмдерi
қастарды оқ.
шауланған
тұрғын жаймен
қамтамасыз ету
4.5 Республика. ДСМ-ға Ақтөбе, 2004 11342,00 Жергі.
ның туберку. ақпарат Шығыс ж. лікті
лезге қарсы Қазақ. 1-4 бюд.
қызметiнiң стан, тоқсан жеттер
iс-шараларын Солтүс. 2005 24537,00
iске асыруға тiк Қа. ж.
жұмылдырыл. зақстан, 1-4
ған БМСК Батыс тоқ.
қызметкерле. Қазақ. сан
рiне әлеумет. стан, 2006 12324,00
тiк қолдау Маң. ж.
көрсету ғыстау, 1-4
Павло. тоқсан
дар,
Қос.
танай,
Астана
қала.
сының
әкiмдерi
4.6 Халықтың ДСМ-ға Ақмола, 2004 6567,00 Жергі.
әлеуметтік ақпарат Маң. ж. лікті
қамтылмаған ғыстау 1-4 т. бюд.
бөлiгiнен облыста. 2005 6567,00 жеттер
емдеудiң де. рының ж.
меушi фаза. әкiмдерi 1-4
сындағы ту. тоқсан
беркулезбен 2006 6566,00
ауыратын ж.
науқастарды 1-4
қосымша та. тоқсан
мақтандыру.
мен қамтама.
сыз ету
___________________________________________________________________
5. Туберкулезбен ауыратын науқастарды қараудың
бiрыңғай хаттамаларын сақтауды бақылауды жүзеге асыру
___________________________________________________________________
5.1 Туберкулез. ДСМ-ға Шығыс 2004 2101,00 Жергi.
бен ауыратын ақпарат Қазақ. ж. лiктi
науқастарды стан, 1-4 бюджет.
қараудың бi. Қостанай тоқсан тер
рыңғай хат. облыста. 2005 1113,00
тамаларын рының ж.
сақтауды ба. әкiмдерi 1-4
қылауды жү. тоқсан
зеге асыру 2006 1123,00
ж.
1-4
тоқсан
___________________________________________________________________
6. Туберкулезге қарсы қызметi мамандарының
біліктiлiгін, бiлiм деңгейлерiн арттыру
___________________________________________________________________
6.1 Республикада Қазақ. Ақмола, 2004 12141,50 Жергi.
бейiмделген стан Ақтөбе, ж. 4 лiктi
*DOTS стра. Респу. Алматы, тоқсан бюджет.
тегияны блика. Атырау, 2005 12002,10 тер
анықтау, сының Шығыс ж. 1
диагности. Үкiме. Қазақ. тоқсан
калау мен тiне стан, 2006 12284,16
емдеу қағи. ақпарат Солтүс. ж. 4
даттары бо. тiк Қа. тоқсан
йынша бас. зақстан,
тапқы меди. Қызы.
циналық-са. лорда,
нитарлық Батыс
көмек жүйесi Қазақ.
мамандарын стан,
оқытуды қам. Жамбыл,
тамасыз ету Павлодар,
Қостанай,
Оңтүстiк
Қазақстан
облыста.
рының
әкiмдерi
ДСМ 2004 8539,00 Респу.
ж. 4 блика.
тоқсан лық
Әдiлет. 2004 1657,00 бюджет
минi ж. 1
тоқсан
2005 1740,00
ж. 4
тоқсан
2006 1818,00
ж. 4
тоқсан
___________________________________________________________________
Жиынтығы: респуб. 1379016,00 Оның 443538,00
ликалық iшiнде 434837,00
бюджет жылдар 500641,00
бойынша:
Жиынтығы: жергі. 14314764,46 Оның 6943087,50
ліктi iшiнде 4103686,80
бюд. жылдар 3267990,16
жеттер бойынша:
Барлығы: 15693780,46 Оның 7386625,50
iшiнде 4538523,80
жылдар 376863,16
бойынша:
___________________________________________________________________
Бағдарламаны дайындау кезiнде мемлекеттiк органдардың атауларын жазу және терминдер мен сөз тiркестерiн пайдалану жөнiндегi қысқаша сөздiк:
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
Әдiлетминi- Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
IIМ - Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi
AШM - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
КДА - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография агенттiгi
ӘМ ҚАЖК - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық атқару жүйесi комитетi