Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы N 843 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 848 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын (I саты) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы N 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 345-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген 2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспарында (I саты):
      реттiк нөмiрi 4-жолдың 5-бағанындағы "2004 ж., ақпан" деген сөздер "2004 ж., желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 6-жолда:
      4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЖРБА, ЭMPM, ИСМ, ККM, Қоршағанортаминi, АШМ, Әдiлетминi";
      5-бағандағы "2004 ж., наурыз" деген сөздер "2005 ж., наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнiнде 9-тармақтың 5-бағаны өзгерiссіз қалады;
      реттік нөмірi 13-жолда:
      5-бағандағы "жыл сайын, қараша" деген сөздер "2004 ж., қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "Республикалық бюджеттiк комиссия анықтайтын болады" деген сөздер "500 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 15-жолдың 5-бағанындағы "2004 ж., қазан" деген сөздер "2005 ж., қазан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 27-жолдың 6-бағанындағы "Республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат мөлшерiн РБК анықтайтын болады" деген сөздер "Iске асыруға арналған қаражат Қазақстан Республикасында автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 29-жолда:
      5-бағандағы "жыл сайын, қараша" деген сөздер "2004 ж., қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "Республикалық бюджеттiк комиссия анықтайтын болады" деген сөздер "Iске асыруға арналған қаражат Елдiң минералдық-шикізаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 33-жолдың 5-бағанындағы "жыл сайын, қараша" деген сөздер "2005 ж., қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 34-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Көмiрсутегi кен орындарын игерудiң геодинамикалық қауiпсiздiгi бағдарламасын әзiрлеу және геодинамикалық мониторинг жүйесiн құру";
      5-бағандағы "2003 ж., қараша" деген сөздер "2005 жылдың 2-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 35-жолда:
      5-бағандағы "2004 ж., қараша, 2005 ж., қараша" деген сөздер "2004 ж., желтоқсан, 2005 ж., желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "ҚОҚМ-нiң гидрометеорологиялық мониторингке арналған шығыстар шеңберінде РБК анықтайтын болады" деген сөздер "2004 ж. - 33694, 2005 ж. - жыл сайынғы көлем тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 36-жолда:
      5-бағандағы "жыл сайын, қазан" деген сөздер "жыл сайын, желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "Республикалық бюджеттiк комиссия анықтайтын болады" деген сөздер "2004 ж. - 335194, 2005 ж. - жыл сайынғы көлем тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 38-жолдың а) тармақшасының 5-бағанындағы "2003 ж., қараша" деген сөздер "2005 ж., желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы