"Қазақстан Республикасының Парламентi Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 835 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Парламенті Үйi жанындағы асхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының асханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi тиiстi жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау болып белгіленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келiсiм бойынша):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның Жарғысын бекiтуге ұсынсын және оны әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы peттік нөмiрi 530-3-жолмен толықтырылсын:

      "530-3. "Қазақстан Республикасының Парламентi
      Шаруашылық басқармасының асханасы"
      Республикалық мемлекеттiк
      қазыналық кәсіпорны                            Астана қаласы".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы