Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 тамыздағы N 831 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1345 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
      мыналар енгізілсін:

      Әйтімова Бірғаным Сарықызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
      Выборов Анатолий Николаевич - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі - Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы, хатшы;
      Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша);
      Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
      Исақов Нұржан Әзімханұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық басқармасы құқық қорғау бөлімінің бас инспекторы (келісім бойынша);
      Кәрбозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
      Сәрсенбайұлы Алтынбек - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрі;
      Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі;

      "Абдрахманов          - Қазақстан Республикасының Ақпарат
      Сауытбек                министрі;

      Досаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы 
      Ерболат Асқарбекұлы     министрі

      Червинский            - "Казахстанская правда" республикалық
      Олег Григорьевич        газеті" ашық акционерлік қоғамының
                              президенті (келісім бойынша)"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Абдрахманов          - "Егемен Қазақстан" республикалық
      Сауытбек                газеті" ашық акционерлік қоғамының
                              президенті (келісім бойынша);

      Досаев                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
      Ерболат Асқарбекұлы     сақтау министрі;

      Червинский            - "Казахстанская правда" республикалық
      Олег Григорьевич        газеті" ашық акционерлік қоғамының
                              президенті (келісім бойынша)";

      көрсетілген құрамнан:

      Павлов Александр Сергеевич, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қосмұхамедова Жәннат Оразымбетқызы, Смайылов Ержұман Өтешұлы шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлімнің 2-тармағы "өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Ережені" деген сөздермен толықтырылсын;

      "4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру" деген бөлімнің 10-тармағындағы "ай сайын" деген сөздер "қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы