Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 Қаулысы

Жаңартылған

      Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Yкiметінің         
2004 жылғы 3 тамыздағы    
N 828 қаулысына      
қосымша           

  Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық  комиссияның құрамы

Жұмабеков                 - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Оңалсын Исламұлы            министрi, төраға

Баймағанбетов             - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Серiк Нұртайұлы             министрi, төрағаның орынбасары

Жұмағұлов                 - Әдiлет министрлігі Заңнама
Ерлан Әскерұлы              Департаментінің директоры, хатшы

       Комиссия мүшелерi

Райымбаев                 - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Сансызбек Iлиясұлы          Азаматтық iстер жөніндегі алқаның
                            төрағасы (келiсiм бойынша)

Бақтыбаев                 - Қазақстан Республикасы Бас
Iлияс Жақыпбекұлы           Прокурорының бiрiншi орынбасары
                            (келiсiм бойынша)

Жолдасбаева               - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы       Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Сатыбаева                 - Қазақстан Республикасының Парламентi
Сәуле Мақашқызы             Мәжiлiсiнiң аппараты Заң жобалау жұмысы
                            орталығының директоры (келiсiм бойынша)

Айманбетова               - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы          Төрағасының орынбасары (келiсiм
                            бойынша)

Әйтекенов                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы           және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Әмрин                     - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асқар Кемеңгерұлы           министрi

Лукин                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Андрей Иванович             және сауда вице-министрi

Ысқақов                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбдiлдаұлы           ортаны қорғау вице-министрi

Iзмұхамбетов              - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы     және минералдық ресурстар бiрiншi
                            вице-министрi

Әшитов                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және 
Батыржан Зайырқанұлы        халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi

Сәрсенов                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Әниятолла Өмiрзақұлы        және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                            жөнiндегi агенттігі төрағасының
                            орынбасары (қаржы полициясы)

Райымбеков                - Қазақстан Республикасының Жер
Қаналбек Өтжанұлы           ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            төрағасының орынбасары

Мәуленов                  - Мемлекет және құқық институтының бас
Қасым Сарыбайұлы            ғылыми қызметкерi, профессор, заң
                            ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)

Өмірқұлов                 - Қазақ гуманитарлық заң университетi
Максим Қапарұлы             азаматтық құқық және iс жүргiзу
                            кафедрасының меңгерушiсi, заң
                            актілерінің жобаларын дайындау және
                            сараптау жөнiндегi ғылыми-зерттеу
                            институтының директоры (келiсiм бойынша)

Сүлейменов                - Қазақ гуманитарлық заң университетi жеке
Майдан Күнтуарұлы           құқық ғылыми-зерттеу институтының
                            директоры (келiсiм бойынша)

Қаудыров                  - "Әдiлет" Жоғары құқық мектебiнің
Төлеш Ерденұлы              азаматтық құқық және iс жүргiзу
                            кафедрасының меңгерушісi, кафедра
                            профессоры, заң ғылымдарының докторы
                            (келiсiм бойынша)

Котлов                    - Қазақстан Республикасының Парламентi
Андрей Николаевич           Сенатының Аппараты Басшысының
                            орынбасары (келiсiм бойынша)

Ағатаева                  - Қазақстан Республикасының Парламентi
Күләш Әбдiбекқызы           Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм
                            бойынша)
       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.02.  N 89  қаулысымен.       

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнің       
2004 жылғы 3 тамыздағы 
N 828 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметі жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнің кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      3. Комиссияның негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) қолданыстағы азаматтық заңнаманы талдау;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк кесiмдерiне азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi бойынша қажетті өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнiндегі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарау;
      3) азаматтық заңнаманы жетілдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныстар енгiзу;
      4) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      4. Өзiнің мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен iс-әрекет жасауға;
      2) азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
      3) Комиссияның құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      6) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға құқығы бар.

  3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.

      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды даярлауды және Комиссия отырысынан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, оларды отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi.

      8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.

      9. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша белгілейдi және нақтылайды.

      10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Комиссия мүшелерiнің ерекше пікiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия хаттамасына қоса берiлуi тиiс.

      11. Комиссия ұсыныстарын Комиссия атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Yкiметінің қарауына енгiзедi.

      12. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшін ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.

      13. Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде өз жұмысын тоқтатады.