Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 811 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 62  қаулысына  мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
      1-2. Григорий Александрович Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі