1. "Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы N 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 265-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес N 52 Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде халықаралық мiндеттемелердi орындайтын арнайы мақсаттағы бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшілерiн заттай мүлiкпен, арнайы киiммен, жылы заттармен, керек-жарақтармен, спорттық мүлiкпен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету нормасымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 23 шілдедегі
N 788 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 19 мамырдағы
N 762 қаулысымен
Бекітілген
N 52 Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде халықаралық мiндеттемелердi орындайтын арнайы мақсаттағы бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен, арнайы киiммен, жылы заттармен, керек-жарақтармен, спорттық мүлiкпен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етудiң нормасы
___________________________________________________________________
Р/с | | Есеп |Бір адамға| Кию | Осы затты
N | Заттардың атауы |бірлігі|заттардың |мерзімі|берген кезде
| | | саны | |қолданылатын
| | | | | ескерту N
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
___________________________________________________________________
1. Киiм-кешек
___________________________________________________________________
1 Қара көк түстi берет дана 1 2 жыл
2 Бүркемелеу түстес далалық
мақта-матадан
тігілген фуражка дана 1 1 жыл
3 Бүркемелеу түстес
мақта-матадан тігілген
панама дана 1 2 жыл
4 Погондары бар бүркемелеу
түстес мақта-матадан
тігілген далалық
жазғы костюм ж-қ 3 1 жыл
5 Погондары бар бүркемелеу
түстес мақта-матадан
тігілген жылы далалық
костюм ж-қ 1 2 жыл
6 Жүннен тоқылған свитер*** дана 1 2 жыл 1
7 Мақта-матадан тігілген
костюм ж-қ 1 1 жыл
8 Былғарыдан тігілген
офицерлiк жабдық дана 1 4 жыл
9 Тоқыма баудан тiгiлген
белдiктi белбеумен иық бау ж-қ 1 4 жыл
10 "ИК" белдiкті белбеу дана 1 2 жыл 2
11 Шалбар белбеуі дана 1 2 жыл 2
___________________________________________________________________
2. Арнайы мүлiк
___________________________________________________________________
12 Кевларлы дулыға** дана 1 4 жыл
13 Тiзеқаптар** жұп 1 2 жыл 2,3
14 Шынтаққаптар** жұп 1 2 жыл 2,3
15 Қалқанымен титанды
дулыға** дана 1 4 жыл 4
16 Кевларлы броньды берен** дана 1 2 жыл
17 2 б/к түсiрмелi берен** дана 1 2 жыл
18 Сыйымдылығы 115 л арқа
қоржыны** дана 1 2 жыл
19 Кариматы бар ұйықтайтын
қап** дана 1 4 жыл
20 Ұйықтайтын қапқа қосымша
жайма дана 2 1 жыл
21 Бандана (таңғыш) дана 1 1 жыл 5
22 Күннен-шаңнан қорғайтын
көзілдiрiк дана 1 2 жыл 5
23 Күннен қорғайтын
көзілдiрiк дана 1 1 жыл 5
24 Жүннен тiгілген
бөрік-маска дана 1 2 жыл
25 Кевларлы дулығаның тысы** дана 2 2 жыл
26 Масахана дана 1 1 жыл
27 Бәдене шыбынға қарсы
шымылдық дана 1 1 жыл
28 Плащ-жамылғы*** дана 1 4 жыл
____________________________________________________________________
3. Аяқ киiм
____________________________________________________________________
29 Ұзын қонышты бәтеңке жұп 2 1 жыл
30 Секіруге арналған бәтеңке жұп 1 2 жыл 6
31 Казармалық тапочка жұп 1 2 жыл
____________________________________________________________________
4. Іш киім
____________________________________________________________________
32 Бүркемелеу түстес майка дана 2 1 жыл
33 Армиялық трусылар дана 3 1 жыл
34 Бүркемелеу түстес футболка дана 2 1 жыл
35 Iштен киетін тоқыма
іш киiм ж-т 3 2 жыл
36 Жылы іш киім ж-т 2 1 жыл 1
37 Мақта-матадан тігілген
носкилер жұп 12 2 жыл
38 Жүннен тоқылған носкилер жұп 3 1 жыл
39 Ақ жаға дана 12 1 жыл
40 Қол орамалдар дана 6 2 жыл
41 Түкті сүлгі дана 3 2 жыл
42 Вафельдi сүлгi дана 5 2 жыл
43 Шарқат дана 1 2 жыл
44 Былғары қолғаптар жұп 1 2 жыл
45 Жүннен тоқылған қолғаптар жұп 1 1 жыл 1
____________________________________________________________________
5. Спорттық мүлiк
____________________________________________________________________
46 Спорттық костюм ж-т 1 2 жыл
47 Спорттық бейсболка дана 1 2 жыл
48 Футболка немесе спорттық
майка дана 2 2 жыл
49 Шолақ шалбар дана 1 2 жыл
50 Кроссовкалар жұп 1 1 жыл
51 Сланцылар жұп 1 2 жыл
____________________________________________________________________
6. Төсек-орын жабдықтары
____________________________________________________________________
52 Жартылай жүннен жасалған
көрпе** дана 1 4 жыл
53 Мақта-матадан тiгiлген
көрпе тысы** дана 2 1 жыл
54 Мақта-матадан тiгiлген
ақ жайма дана 4 1 жыл
55 Мақта-матадан тігілген
жастық тыстары дана 3 1 жыл
56 Қауырсыннан жасалған
жастық** дана 1 5 жыл
57 Бір адамдық мақтадан
жасалған матрац** дана 1 4 жыл
____________________________________________________________________
7. Мүкәммал мүлік
____________________________________________________________________
58 Құрастырылған бақыр** дана 1 4 жыл
59 Бақырға арналған тыс дана 1 1 жыл
60 Алюминді фляга** дана 1 4 жыл 7,8
61 Флягага арналған тыс дана 1 1 жыл 7,8
____________________________________________________________________
* Осы норма бойынша офицерлер, прапорщиктер, келісім-шарт бойынша және мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi қамтамасыз етiледi.
** Осы мүлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң мүкәммал мүлкі болып табылады және жеке құрамның тізімдік санына беріледі.
*** Міндеттерді орындау өңіріне байланысты түсін айқындау.
Ескерту:
1. Жүннен тоқылған свитер, жылы іш киім мен жүннен тоқылған қолғаптар суық климатты және суық климатты аудандарға теңестірілген аудандарда беріледі.
2. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне беріледі.
3. Тізеқаптар мен шынтаққаптар бөлімшелер мен бөлімдер жеке құрамының 50% әскери қызметшілеріне, ал инженерлік-саперлік бөлімшелер мен бөлімдер әскери қызметшілер жеке құрамының 100%-ына беріледі.
4. Қалқанымен титанды дулыға инженерлiк-саперлiк бөлiмшелер мен бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiне берiледi.
5. Бандана (таңғыш), күннен-шаңнан қорғайтын және күннен қорғайтын көзiлдiрiктер ыстық климатты аудандарда берiледi, күннен қорғайтын көзiлдiрiктер тауларда және тұрақты қар басқан аудандарда берiлсiн.
6. Секiруге арналған бәтеңкелер парашютпен секiретiн әскери қызметшiлерге берiледi.
7. Алюминдi фляга мен флягаға арналған тыс ыстық климатты аудандарда беріледi.
8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнде кевларлы дулығамен, қалқаны бар титанды дулығамен, кевларлы броньды беренмен, тізеқаптармен, шынтаққаптармен, кевларлы дулығаға тыспен қамтамасыз етудi инженерлiк қызмет, ал құрастырылған бақырмен, бақырға арналған тыспен, алюминдi флягамен және флягаға арналған тыспен қамтамасыз етудi азық-түлiк қызметi жүзеге асырады.