Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 431 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі N 786 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 431  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
      қазақша мәтініндегі тақырыбында "Мұнайдың төгілуіне" деген сөздер өзгеріссіз қалады;

      мыналар енгізілсін:
      Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, төраға;
      Дүйсекенов Нұрсіләм Рахымұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау жөніндегі департаментінің директоры, хатшы;

      мыналар шығарылсын: Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлы, Оглов Вадим Валерьевич.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі