Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі N 729 қаулысы

Қолданыстағы

      Мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң мүдделерін қаржылық әлеуметтiк және өзге де тәуекелдерден қорғаудың тиiмдi тете және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялардың сенiмдi көзi ретінде сақтандырудың ролін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрi реформалау, сондай-ақ оның басым бағыттарын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтілсiн.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) жарты жылдық қорытындысы бойынша жылына екi рет 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттігіне (келiсiм бойынша) Бағдарламаның iске асырылу жөнiндегі iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттігі (келiсiм бойынша) жарты жылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкiметіне Бағдарламаның iске асырылуы жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегі агенттiгіне (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

        Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 1 шілдедегі  
N 729 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
 
1. Паспорты (Бағдарламаның негiзгі параметрлерi)

Атауы           Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын
                дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзiрлеушi       Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
                ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi

Басты мақсаты   Мемлекеттiң, азаматтардың және шаруашылық
                жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiн қаржылық,
                әлеуметтiк және өзге тәуекелдерден қорғаудың
                тиiмдi тетiгі және ұзақ мерзiмдi iшкi
                инвестициялардың сенiмдi көзi ретiнде сақтандырудың
                ролiн нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру
                индустриясын одан әрi реформалау

Негiзгi         жеке сақтандыруды дамыту, оның iшiнде оның ұзақ
мiндеттер       мерзiмдi және жинақтаушы түрлерiн;
                өзара сақтандыру жүйесiн дамыту;
                халықтың сақтандыру мәдениетiн арттыру;
                сақтандыру iсiн ақпараттандыру және автоматтандыру
                деңгейiн көтеру;
                мiндетті сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты
                жасау және оның тиiмдiлігін арттыру;
                сақтандыру рыногының инфрақұрылымын одан әрi
                жетілдiру;
                сақтандыру саласында мамандарды даярлау және
                білiктiлiгiн арттыру;
                сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау
                стандарттарын арттыру;
                қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру тетiктерiн
                жетiлдiру.

Күтiлетiн       Ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығын және
нәтиже          сенiмділігін нығайту, жеке сақтандыруға деген
                сұраныстың сапалы өсiміне алғы шарттарды жасау,
                сақтандыру рыногының қазiргі заманғы инфрақұрылымын
                құру, халықтың сақтандыру мәдениетiнiң деңгейiн
                көтеру, мiндеттi сақтандырудың тиiмдi жүйесiн құру,
                сақтандыру аясында кадрлық әлуеттi жақсарту, жаңа
                сақтандыру өнiмдерi мен технологияларды ендiру,
                сақтандыру қызметiнiң сапасын жақсарту, сақтандыру
                рыногы қатысушыларын қадағалау мен реттеудiң
                тиiмдiлігін арттыру.
 
Қажетті         Мөлшері 2005 жылғы бюджетте анықталатын
ресурстар мен   республикалық бюджеттің қаражаты
қаржыландыру
көздері

Іске асыру
мерзімі         2004-2006 жылдар      

2. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 27 қарашадағы
N 491 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру экономиканың сақтандыру секторы дамуының белгiленген деңгейiне қол жеткiзуге жол ашты және осы салада одан әрi қайта құрулар үшiн алғышарттар жасады.
      Атап айтқанда, базалық сақтандыру заңдары жалпы алғанда реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын ескере отырып құрылды, мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң тiзбесiн оңтайландыру бойынша шаралар қабылданды, сақтандыру ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар жаңа сапа деңгейiне көтерілдi, оның iшiнде олардың ашық болуы мен қаржы тұрақтылығына, сақтандыру қызметi тұтынушыларының заңды мүдделерiн қорғау жүйесiн құру, сақтандыру рыногының қалыптасуы мен оның инфрақұрылымын дамыту бойынша бастапқы іс-шаралар жүзеге асырылды.
      Сонымен қатар, ел экономикасы дамуының қазiргi заманғы кезеңi, оның iшiнде мемлекет iшiнде, сол сияқты әлемдiк кеңістікте де осы саладағы үрдiстердi ескере отырып ұлттық сақтандыру индустриясының алдына жаңа мақсаттар мен мiндеттер қойып отыр. Сондықтан да республиканың ортамерзiмдi перспективаға сақтандыру рыногы дамуының басым бағыттарын және оларды iске асыру жолдарын уақтылы әрi нақты белгiлеу өте маңызды болып табылады. Бұл көптеген факторлармен негiзделген, оның iшiнде тәуекелдi басқарудың тиiмдi рыноктік механизмдердiң бiрi ретiнде сақтандыруды дамыту экономиканың басқа салаларының тұрақты дамуына мүмкiндiк туғызады.
      Сонымен қатар, осы Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттілігi сақтандыру институтын қолдану саласы көптеген әр түрлiлігімен ерекшеленетiнімен негізделген және қоғамдық қатынастардың барлық сапасын қамтиды. Мұндайда сақтандырудың тиiмділiгі оны қолдану саласының (аясының) ерекшелiктерiн есепке алуға бiршама тәуелдi болады, сондықтан сақтандырудың осы немесе басқа түрлерiн дамытудың құқықтық, экономикалық және өзге алғышарттарын жасау жөнiндегі мәселелердi шешу үшiн тиiсті салалық мемлекеттiк органдар iске қосылуы тиiс.
      Осы Бағдарламада Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегі N 753  қаулысымен  мақұлданған, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында айқындалған отандық сақтандыру рыногын дамыту жөнiндегі негiзгі шараларды iске асыру көзделген.

3. Қазiргі жай-күйiмен проблемаларды талдау

       3.1. Сақтандыру рыногы жөнiнде жалпы мәлiметтер

      2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногында лицензиялары бар қызметтi 32 сақтандыру ұйымы (оның iшiнде 1 - өмiрдi сақтандыру бойынша, 6 - Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қатысуымен), 6 сақтандыру брокері, 28 актуарий және сақтандыру ұйымына аудит жасауға лицензиясы бар 34 аудиторлық ұйым жүзеге асырады.
      Есептi күнде 29 сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қатысушылары болып табылады.
       Сақтандыру сыйлықақылары . 2003 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемi 28,9 млрд. теңге болды, бұл 2002 жылда жиналған көлемнен 27,2%-ға көп.

                                                     млн. теңге
___________________________________________________________________
 Сақтандыру сыйлықақысының  !01.01.03! 01.01.04 жылға ! 2003/2002 ж.
       түсуі                ! жылға  !----------------! өзгеруі,
                            !        ! Сомасы !үлесі %!   %-пен
-------------------------------------------------------------------
Барлығы, оның ішінде:         22719,4  28 870,2 100,0     27,2
Мiндетті сақтандыру бойынша    1201,8    2841,6   9,8    136,4
Ерiктi жеке сақтандыру
бойынша                        1913,0    2778,4   9,6     45,2
Ерiктi мүлiктiк сақтандыру
бойынша                       19604,6   23250,2  80,6     18,6
____________________________________________________________________

      2004 жылғы 1 қаңтарға мiндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың осындай көрсеткiшiнен 136,4%-ке асады. Ерiктi жеке сақтандыру бойынша ұлғаю 45,2%, ерiктi мүлiктiк сақтандыру бойынша 18,6% болды.
      Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былайша көрінеді.
      "Өмiрдi сақтандыру" саласы. 2003 жылғы кезең үшiн "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемi 430,2 млн. теңге ($ 3,1 млн.) болды, бұл 2002 жылдың осы көрсеткішінен 2 есеге көп. "Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша есептi күнге жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесi 2003 жылдың 1 қаңтарына 0,9%-ке қарсы 1,5% болды.
      "Жалпы сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2003 жылғы кезең үшін жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемi 28,4 млрд. теңге ($204,0 млн.) болды, бұл 2002 жылғы осыған ұқсас, кезеңнен 26,3%-ға артық.
      Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң қатысуымен сақтандыру компанияларының 2004 ж. 1.01. жағдай бойынша жинаған сақтандыру сыйлықақыларының үлесi 37,5% (10,8 млрд. теңге) болып отыр.
      Қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру сыйлықақыларының көлемi 16,8 млрд. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемiнiң 58,2%-і болып отыр. Мұндайда резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемiнiң 54,2%-i берiлiп отыр.
 
                                                     млн. теңге
____________________________________________________________________
 Қайта сақтандыруға берілген  ! 01.12.03 жылға.!  01.10.04 жылға
 сақтандыру сыйлықақылары     !---------------------------------
                              ! Сомасы !үлесі, ! Сомасы ! үлесі,
                              !        !%-пен* !        ! %-пен*
-------------------------------------------------------------------
Қайта сақтандыруға берілген
барлығы, оның iшiнде           16865,1   74,2   16776,2    58,2
Резидент еместерге             15469,8   68,1   15654,8    54,2
Резиденттерге                   1395,3    6,1    1121,4     4,0
____________________________________________________________________

      Қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында негізгi үлесті ерiкті мүлiктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар - 96,8%, epiкті жеке сақтандыру бойынша - 2,9%, мiндеттi сақтандыру бойынша - 0,3% алып отыр.
       Сақтандыру төлемдерi . 2003 жылы жасалған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы көлемi 2002 жылдың деректерiмен салыстырғанда 80,2 %-ке арта отырып 4,2 млрд. теңге ($ 29,1 млн.) болды. Сонымен бiрге қайта сақтандыру ұйымдары қайта сақтандыру есебінен өтеп отырған сақтандыру төлемдерінің үлесi 19% (0,8 млрд. теңге) болып отыр.

                                                  млн. теңге __________________________________________________________________
   Сақтандыру төлемдері   !01.01.03! 01.01.04 жылға ! 2003/2002 
                          ! жылға  !----------------! жылмен
                          !        ! Сомасы !үлесі %! салыстырғанда,
                          !        !        !       ! %-пен
-------------------------------------------------------------------
Барлығы, оның ішінде        2315,2   4172,4   100,0     80,2
мыналар бойынша:              
Мiндетті сақтандыру
бойынша                      759,1   1316,7    31,6     73,5
Ерiктi жеке сақтандыру
бойынша                      586,4    988,6    23,7     68,8
Ерiктi мүлiктiк сақтандыру
бойынша                      969,7   1867,1    44,7     92,7
____________________________________________________________________

      2003 жылғы кезеңде жасалған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы бойынша сақтандыру төлемдерінің мейлiнше көп көлемі автокөлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша төлемдердің жиынтық сомасының 31,5 %-i болды. Сақтандырудың осы сыныбы бойынша шығын коэффициентi 2003 жылдың желтоқсан айындағы осы сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру көлемінің өсуiне байланысты өткен айда 45,6%-ке көбейiп, 50,6% болды.
      Жалпы алғанда есептi күнге шығын коэффициентi (сақтандыру төлемдерiнiң сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы) 14,5% болды.

       Капитал . 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының меншiк капиталының мөлшерi 9,0 млрд.теңге ($ 63,0 млн.) болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 47,3 %-ке көп болды.
      Енгiзiлген нормативтерге сәйкес сақтандыру ұйымдарының меншiк капиталының жеткiлiктiгiн есептеуге өтiмдi қаржы активтері жатады.
 
       Активтер.  Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемi 2004 жылғы 1 қаңтарда 20,7 млрд. теңге ($ 144,5 млн.) болды, бұл 2003 жылғы 1 қаңтардағы дәл сондай көрсеткiштен 64,4 %-ке көп.

       Мiндеттемелер . 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының мiндеттемелер сомасы өткен жылдың осындай көрсеткiштермен салыстырғанда 57,4 %-ке өсе отырып, 7,4 млрд. теңге ($52,8 млн.) болды.
      Есептi күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша (қайта сақтандырушының үлесiн шегере отырып) қабылданған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн құрылған сақтандыру резервтерiнiң көлемi 4,5 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылғы 1 қаңтарда құрылған резервтер көлемiнен 66,7%-ке артық. Қайта сақтандырушының сақтандыру резервтерiндегi есептi күндегi үлесi 8,7 млрд. теңге болды.

       3.2. Сақтандыру рыногының даму проблемалары

      Сақтандыру рыногы дамуының негiзгі проблемалары республикада өмiрдi сақтандыру рыногының және жеке сақтандырудың басқа түрлерiнiң жеткiлiксiз дамуының, сақтандыру ұйымдарын корпоративтi басқару жүйесiн ендiру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметi туралы статистикалық  және өзге деректер базасын қалыптастыру әрi оған қол жеткiзудi қамтамасыз ету, сақтандыру компанияларының қызметiн автоматтандыру мәселелерi болып табылады.
      Сақтандыру секторының проблемалары арасында өмірдi ұзақ мерзiмге және жинақтаушы сақтандыруды, сақтандыру өнiмдерiнiң салыстырмалы қымбатшылығын (құн талаптары заңдарда айқындалған сақтандырудың мiндетті түрлерiн қоспағанда) және олардың қажетсiздiгiн, рынокта жекелеген сақтандыру ұйымдарының жеткiліксiз белсендiгі мен сақтандыруға деген төмен қызығушылықты, әсiресе өз ақшасын көбiрек банктерге сенiп тапсыратын нақты сақтанушылардың өмiрдi сақтандыруға деген төмен қызығушылығы, сақтандыру ұйымдарының өз тәуекелдерiн (анықтау, бағалау, есеп бepу) басқаруының төмен сапасын, сақтандыру ұйымдарының өмiрдi жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға заемдар беру жүйесiнiң дамымағандығын, халықтың сақтандыру рыногына деген сенiмiнiң жеткiлiксiздігін, сақтандыру ұйымдарындағы қызметтiң және қызмет көрсетудiң төмен сапасын, сақтандыру бизнесi саласындағы алаяқтықты қоса алғанда, ерiкті сақтандыру бойынша ұсынылып отырған қызметтердiң шектелуiн атап өткен жөн.
      Төменде әр түрлi елдердiң сақтандыру рыноктарының негiзгi көрсеткiштерiне салыстырмалы талдау көрсетiлген.

    Сақтандыру рыноктарының негiзгі көрсеткіштерiнiң салыстырмалы талдауы

___________________________________________________________________
             ! АҚШ !Жапония!Германия!Польша!Венгрия!Ресей!Қазақстан
------------------------------------------------------------------
Сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
сомасы (млн.
АҚШ.долл)    1157516  342421  164773  4795   1336    9481   201,4
 
Өмірді
сақтандыру
бойынша
сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
үлесі %-пен     48,7    72,9    40,0  33,5   45,9    50,5     1,5

Сақтандыру
төлемдерінің
сомасы
(млн. АҚШ    деректер
долл.)        жоқ      112423  117585  2345    500    5889    29,1

Сақтандыру
төлемдерінің
сақтандыру
сыйлық-
ақыларына
қатынасы
(шағын
коэффициенті)
%-пен           77,5     33      71    49      37      62    14,5

Адам басына
шаққанда
сақтандыру
сыйлық-
ақылары
(АҚШ долл.)      3837   2655    1529   123     133      65    13,5

Сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
ЖІӨ-ге
қатынасы
%-пен           10,60   7,09    6,71  2,89    2,89    3,07    0,65

Сақтандыру
ұйымдары
қызметкерле-
рінің
санына
сақтандыру
сыйлық-
ақылары                                            деректер деректер
(АҚШ долл.)    451264 696812  471199 154858  98477   жоқ     жоқ

Сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
ұстап қалу                                           
коэффициенті                                        деректер
%-пен           89,57  95,35   84,02  84,06  84,13   жоқ       42

Резидент
еместерге -
қайта
сақтандыруға
берілген
сақтандыру
сыйлық-
ақылары                                            
(млн.АҚШ                                            деректер
долл.)          29867    725    3389    350     156   жоқ    117,0

Резидент
еместерге
қайта
сақтандыруға
берілген
сақтандыру
сыйлық-
ақыларының                                          деректер
үлесі %-пен      2,58   0,21    2,06   7,29   11,69   жоқ       54

Қайта
сақтандыруға
қабылданған
сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
коэффициенті                                        деректер
%-пен            8,72   1,58   23,72   1,26    0,11   жоқ     4,59

Сақтандыру
ұйымдары
шетелдік
қатысумен
жинаған
сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
үлесі %-пен
(өмірді                                             деректер
сақтандыру)     21,99   9,58   14,96  49,40    98,17  жоқ     1,5

Сақтандыру
ұйымдары
шетелдік
қатысумен
жинаған
сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
үлесі %-пен
(жалпы                                              деректер
сақтандыру)     12,01  25,85   13,40  33,35    0,10   жоқ     35,9

Міндетті
сақтандыру
бойынша
сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
сақтандыру
сыйлық-
ақыларының
жалпы         деректер деректер  деректер  деректер 31,40 26,00  9,8
сомасына        жоқ      жоқ       жоқ       жоқ
қатынасы
%-пен
 
Сақтандыру
ұйымдарының
активтері
(млн.АҚШ                       деректер                деректер
долл.)         4186900 3113400   жоқ     8726,60 2508,30  жоқ  144,5
___________________________________________________________________

      Германия, Венгрия, Жапония, Польша, АҚШ бойынша деректер  2000 ж. үшiн келтiрiлген.
      Ресей бойынша деректер 2001 ж. үшiн.
      Қазақстан бойынша деректер 2003 ж. үшін.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттiң, азаматтардың және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiн қаржы, әлеуметтiк және өзге тәуекелдерден қорғаудың тиiмдi механизмi мен ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялардың сенiмдi көзi ретiнде сақтандырудың ролiн және орнын нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрi реформалау.
      Осы Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу болжанып отыр:
      ұзақ мерзiмдi және жинақтаушы жеке сақтандырудың түрлерiн дамытуды ынталандыру арқылы азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейiн көтеру;
      өзара сақтандыру жүйесiн дамыту;
      сақтандыру мақсаттарын, сақтандыру заңдарын, сақтандыру аясында жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттау мен түсіндіру бойынша жұмысты күшейту, сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзге шараларды жүзеге асыру және халықтың сақтандыру мәдениетiнiң деңгейiн көтеру;
      Сақтандыру ісiн ақпараттандыру және автоматтандыру саласында жаңа технологияларды ендiруге жәрдем көрсету;
      мiндетті сақтандыру саласында мемлекеттiк саясатты құру және мiндеттi сақтандыру жүйесінің тиiмдiлігін арттыру;
      сақтандыру рыногының толыққанды инфрақұрылымын қалыптастыру, оның қатысушылар топтарын және олардың қызмет аясын нақты айқындау;
      сақтандыру аясында мамандарды даярлау және бiлiктiлiгін арттыру;
      сақтандыру рыногын бiрыңғай қадағалауға көшуiн ескере отырып сақтандыру қызметiн қадағалау мен реттеу жүйесiн ұйымдастыру;
      қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру рыноктарын дамыту.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiктерi

       5.1. Жеке сақтандыруды дамыту

      Республикада сақтандыру рыногын дамытудың негізгі мәселелерiнiң бiрi жеке сақтандырудың (life insurance), соның iшiнде оның ұзақ мерзiмдi (жинақтаушы) түрлерiнiң жеткiліксiз дамуы болып табылады.
      Атап айтқанда, жеке сақтандыру және оның iшiнде өмiрдi сақтандыру инвестициялық әлуеттi арттырады, өйткенi сақтандыру ұйымдары жеке сақтандырудың ұзақ мерзiмдi түрлерi арқылы экономикаға жеткiлiктi болатын ұзақ уақыт аралығына ақша тартады және институционалды инвестициялар жүйесiнiң дамуына тиiмдi мүмкiндiк туғызып, ел - экономикасы үшiн өте маңызды болады.
      Бұл ретте жеке тұлғалар жеке сақтандырудың және өмiрдi сақтандырудың барлық спектрi бойынша нақты болатын сақтанушылары болып табылады, атап айтқанда: қайтыс болған жағдайда, еңбек ету қабiлетiн жоғалтқанда, шартта белгiленген жасқа немесе мерзiмге дейiн өмiр сүруге, сондай-ақ бiлiм беру шығыстарын сақтандыруға, зейнетақыны (аннуитеттер) сақтандыру, кредит заемшысының өмiрiн сақтандыруға.
      Сондай-ақ жұмыс берушілер тиiстi жағдайлар болғанда қайтыс болу жағдайында сақтандыру, қосымша зейнетақыны сақтандыру және өз қызметкерлерiнiң өмiр сүруiн сақтандыру жөнiндегі сақтанушылар ретiнде болуға мүдделi болулары тиiс.

5.1.1. Жеке сақтандыруды дамыту мәселелерi

      Қазiргі уақытта республикада жеке сақтандыру секторы iс жүзiнде дамымаған күйiнде қалып отыр.
      Жеке сақтандыруды, оның iшiнде қазiргi кезеңде өмiрдi сақтандыруды жүргiзу ерекшелiктерi мынадай мәселелермен байланысты:
      халық кiрiсiнiң жеткiлiксiз деңгейi;
      кеңес заманынан кейiнгi елдегі жеке сақтандырудың терiс тарихы;,
      сенiмдi қаржылық инвестициялық құралдардың шектелген тобы;
      нақты болатын сақтанушылардың болашаққа сенімсiздiгі;
      халықтың, жеке сақтандыру делдалдарының және сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетiнiң төмендігі;
      халықтың ұзақ мерзiмдi жеке сақтандыруға қатысуы үшiн экономикалық ынтасының болмауы.
      Осы тiзiмге халықтың сақтандыруға деген сенiмiнiң болмауын жатқызуға болады, бұл "қаржы пирамидаларына", сондай-ақ КСРО Мемсақтандырумен жасалған шарттар бойынша сақтандыру сомаларының  құнсыздануына байланысты аты шулы жанжалдардың салдары болып табылады.
      Жеке сақтандырудың дамуына халықтың жинақ ақшаны (жылжымалы, жылжымайтын мүлiк, шетел валютасын сатып алу) құрудың басқа тәсiлдерiн дәстүрлi пайдалануы кедергi келтiредi, бұл барлық уақытша бос қаражатты бiрден бiршама тұрақты құндылықтарға салған уақытта отандық экономиканың инфляция кезеңiнiң мұрасы болып табылады.
      Еуропа Одағы елдерiнде, сақтандыру сыйлықақыларының ЖIӨ-не қатынасының орташа алғандағы көрсеткiшi 8,5 %-тi құрайды, Қазақстан Республикасында 2003 жыл үшiн ол 0,65 %-тi құрады. Мұндайда дамыған елдердiң сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемiндегі өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесi 50 %-тен 80 %-ке дейiн жетедi, бiздiң елiмiзде бұл көрсеткiш бүгінгi таңда барлығы 1,5 %-тi құрап отыр.
      Көрсетiлген көрсеткiштердi қолдана отырып, 1990 жылғы деректер 1000 адамға шаққанда 834 сақтандыру шарты қолданыста болғанын көрсетедi. Шамамен 78 %-тей жұмысшылардың, қызметкерлер мен колхозшылардың өмiрi сақтандырылды, шаруа қожалықтарының 57 %-тi өз құрылыстарын, отбасылардың 44 %-тi - үй мүлкiн және сонша меншiк иелерi - өз автомобильдерiн сақтандырды. Сақтандырудың мұндай қамтуы егер объектiлердiң барлық 100 %-тiн ешкiм де сақтандыра алмағанын ескерсек (Ұлыбританияның өзiнде жеке меншiк үйлердiң және олардың мүлкiнiң 15-20 %-ті сақтандырылмаған), өте жоғары болды. Халықтың жалпы ақшалай шығыстарындағы сақтандыру сыйлықақылары 2,1 % болды, яғни әрбiр жұмсалған 100 сомның екi сомы сақтандыру қызметін төлеуге бағытталды, мұны велосипедтерді, мотоциклдерді және жеңiл автомобильдердi (1,8 %) сатып алу шығыстарымен салыстыруға болады.

       5.1.2. Жеке сақтандыруды дамыту перспективалары

      Мемлекет елдегі жеке сақтандыру рыногының дамуында ең мүдделi
субъект болып табылуы тиiс.
      Бiрiншіден, Мемлекеттiк мәселелердi шешу үшiн қаражатты табу мәселесi бiрiншi кезектегі маңыздылыққа ие және атап айтқанда жеке сақтандыру, өмiрдi сақтандыруды қоса алғанда, ұзақ мерзiмді инвестициялық ресурстардың көзі болып табылатын қосымша қаражатты тартуға мүмкiндiк туғызады.
      Екiншіден, жеке сақтандыру мемлекеттік әлеуметтiк кепiлдемелер тапшылығының орнын толтырады. Ұзақ мерзiмдi жеке сақтандыру (оның ішiнде зейнетақы аннуитеттерi) мемлекеттік төлемдер мөлшерiне, оның iшiнде кәрiлiк пен мүгедектiк бойынша тәуелдi болмайтын қосымша кiрiс алуды қамтамасыз етедi. Жеке сақтандырудың дамыған рыногының болуы мемлекеттің азаматтары әлеуметтік қамтамасыз етуге шығындарын азайта отырып, бюджеттiң шығыс бөлiгiне деген салмақты төмендетедi. Мұнымен, мемлекет халықтың барынша төмен қамтамасыз етілген бөлігін қорғауға назар аударуға мүмкіндiк алады.
      Үшіншiден, сақтандырудың еңбек және ғылым тұрғысынан ауқымды салаларының бiрi ретінде жеке сақтандыруды дамыту жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледi.
      Қазіргі уақытта әлеуметтік салада және сақтандыру саласында мемлекет жүргiзiп отырған реформалар, сондай-ақ ел экономикасындағы оң өзгерiстер республикада жеке сақтандыру институтының дамуы үшiн негiзiн қалап отыр.
      Қазiргі уақытта зейнетақы аннуитеттерiн енгiзу арқылы зейнетақы қызметi аясында, сондай-ақ жұмыс берушілердi сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік аяның басқа да салаларында сақтандыру қағидаттарын пайдалану үшiн әлеует бар. Мемлекет айқындаған басым бағыттарға сәйкес жеке сақтандыруды дамыту, оның iшiнде өмiрдi сақтандыруды дамыту, аннуитеттердiң еңбек ету қабiлетін, денсаулығы мен жүйесiн және сақтандырудың әлеуметтiк тұрғыдан өзге де маңызды түрлерін дамыту туралы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары қызметiнiң белсендiлігiн ояту жөнiндегi мәселелер аса көкейтестi болып табылады.

       5.1.3. Жеке сақтандыру саласында, оның iшiнде өмiрдi сақтандыру мен аннуитеттер саласында жаңа сақтандыру өнiмдерiн дамыту жөнiндегі iс-шаралар

      Зейнетақы реформасын және әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесінің реформасын табысты болатындай етіп жалғастыру мақсатында мыналарды тұрақты өмiр бойы немесе ұзақ мерзiмдi төлемдермен тиiмдi қамтамасыз етуге шақырылған аннуитеттердi жеке сақтандырудың өнiмi ретiнде ұсыну жүйесiн дамыту қажет:
      зейнеткерлік жасқа келген тұлғаларды;
      зейнеткерлiк жасқа келгенге дейiн еңбек ету қабiлетiн жоғалтқан тұлғаларды;
      асыраушының қайтыс болуына байланысты мұрагерлерге.
      Аннуиттердi енгiзу адамның зейнетақыда аса қорғалған болуын қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Аннуитеттер жүйесi және өмiрдi сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдар зейнеткерлердi өмiр бойы кiрiспен қамтамасыз ете алады, өйткенi жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнеткер өмiрiнiң ұзақтығына және өмiр бойы қамсыздандыру үшiн жинақталған қаражаттың жеткілiктi болуына қарамастан тек өздерiнiң салымшылары нақты жинаған сомаларын ғана төлей алады.
      Жалпы алғанда сақтандыру рыногының және жеке сақтандыру рыногының дамуы, атап айтқанда, қаржы рыноктарының дамуына және осы  рыноктар ұсынып отырған сақтандыру ұйымдарының активтері инвестицияланатын құралдарға барынша, тәуелдi болады. Сақтандыру ұйымдарының тәуекелдер бойынша, құралдардың мерзiмділiгi бойынша және олардың өтiмділігі бойынша активтерін диверсификациялауды қамтамасыз ету үшiн бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту қажет.
      Жеке сақтандырудың дамуында осы салада пайда болып жатқан жаңа сақтандыру өнiмдерi ерекше орын алып отыр, олар сақтанушыларға өз салымдарын сақтандыру жарналары түрінде басқаруға мүмкiндiк бередi. Қатысушы полистер (unit-linked) деп аталатын мұндай өнiмдер дамыған елдерде кең тараған және өмiрдi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары активтерiнiң едәуiр бөлігін қалыптастырады.
      Осы Бағдарламаның жеке сақтандыруды, оның iшiнде аннуитеттердi дамыту аясындағы мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мынадай басым бағыттарды атап көрсетуге болады:
      1. Аннуитеттердi ұсыну, өмiрдi сақтандыру жұмыс қабiлетi саласында сақтандыру заңдарын, оның iшiнде жаңа сақтандыру өнiмдерiнің пайда болуын қамтамасыз ететiн сақтандыру заңдарын реформалау, сондай-ақ салалар мен сақтандыру сыныптарының жiктелуiн нақтылау мүмкіндiгiн қарастыру.
      2. Өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы жинақ ақшаның сақталуын қамтамасыз ету.
      3. Ұзақ мерзiмдi (жинақтаушы) сақтандыруды дамыту мақсатында салық салу режимiн жетілдiру.
      4. Өмiрдi сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың институционалды қалыптасуы үшiн жағдай жасау.
      5. Өмiрдi сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың ұзақ мерзiмдi инвестициялары үшiн мүмкiндiктердi кеңейту.

      5.1.4. Мемлекеттiк аннуитет компаниясын құру

       Ұзақ мерзiмдi жеке сақтандыруды, атап айтқанда аннуитеттердi ұсыну жүйесiн дамытуда қосымша серпін Мемлекеттiк аннуитет компаниясын құру болуы тиiс.
      Аталған ұйымды құру зейнеткерлік жасқа келген немесе зейнеткерлiкке мерзiмiнен бұрын шығатын азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес өмiр бойы зейнетақыны алу жөнiндегi құқықтарын iске асыру қажеттілiгiмен негiзделген. Осы мемлекеттiк ұйымның құрылтайшысы елiмiздiң Үкіметi болуы мүмкін. Мемлекеттiк аннуитет компаниясын құру аннуитеттердi ұсыну жүйесiн ынталандыру мен дамыту бойынша қосымша шаралар кешенімен ілесiп жүруi тиiс.
      Сөйтіп, Мемлекеттік аннуитет компаниясын құру:
      қызметкер өз еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жұмыс берушiнiң оның өмірі мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершілігін міндетті сақтандыруды табысты жүргiзілуiн қамтамасыз етуге;
      аннуитеттердi сақтандырудың жалпы және ұзақ мерзiмдi түрлерiнде ұсыну жүйесiнiң дамуын ынталандыруға;
      сақтандыру ұйымдары қолданатын сақтандыру технологияларының дамуы мен жетiлдiруiне қосымша серпiн беруге;
      аннуитеттердi ұсыну саласында қажеттi тәжiрибенi жинақтауға;
      осы сақтандыру өнiмiне (аннуитеттерге) бар сұранысты қанағаттандыруға және азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес берілген құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз етуге қол жеткiзедi.
      Мемлекеттiк аннуитет компаниясы қызметiнiң негiзгі бағыттары мыналар болуы тиiс:
      сақтандыру рыногында аннуитет өнiмдерiн ұсыну, оның iшiнде зейнетақы аннуитетi шартын жасау;,
      аннуитет шарттарын жасау арқылы еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде жарақат және зақым алған қызметкерлерге сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру.
      Мемлекеттiк аннуитет компаниясы қызметiнiң нәтижесi мынадай болуы тиiс:
      сақтандыру рыногында жаңа ұзақ мерзiмдi сақтандыру өнiмдерiнiң пайда болуы;
      республиканың сақтандыру рыногында өмiрдi сақтандыру бойынша бiрнеше жеке сақтандыру ұйымдарының пайда болуы;
      республикада зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру;
      ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын одан әрi дамыту және нығайту;
      жалпы алғанда сақтандыруды жүзеге асырудың жаңа технологияларын ендiру.

               5.2. Өзара сақтандыруды дамыту

      Әлемдiк тәжiрибе өзара сақтандыру қазiргi заманғы сақтандыру рыногының маңызды элементтерiнiң бiрi болып табылатынын дәлелдейдi.
Өзара сақтандыру кезiнде заңды және жеке тұлғалардың өзара сақтандыру қоғамдарын құру арқылы олардың мүлкi мен өзге де мүлiктiк мүдделерiнiң сақтандырылуы жүзеге асырылады. Әдеттегiдей мұндай қоғамдарды қызметi бiр тектес тәуекелдерге байланысты тұлғалар құрады. Атап айтқанда, өзара сақтандыру қоғамдарын кәсiби одақтар мен бiрлестiктер базасында кәсiпорындар қызметкерлерi, бiр тектес су көлiгi құралдары иелерi және т.б. құруы мүмкiн.
      Өзара сақтандыру қажеттілігі ең алдымен коммерциялық сақтандырушылар әр түрлi себептермен: шығынның жиi болуы, сақтандыру сомаларының жоғары көрсеткiшi және c.c. сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тәуекелдердiң көп болуымен негiзделген.
      Сақтандырудың өзара нысанының басты басымдықтарының бiрi оның коммерциялық сақтандырумен салыстырғанда төмен құны болып табылады, бұл оның басқа артықшылықтарымен қатар өзара сақтандыру қоғамдарының әлемдiк сақтандыру тәжiрибесiнде кеңiнен таралу тағдырын анықтады. Әлемдегі он iрi сақтандыру компанияларының алтауы өзара сақтандыру қоғамдары болып табылады. Бес iрi ұлттық сақтандыру рыноктарында (АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция) өзара сақтандыру операциялары бойынша үлесi барлық сақтандыру сыйлықақыларының шамамен 40%-тi болды. Сақтандыру сыйлықақыларының ЖIӨ-дегi үлесi шамамен 5%-тi құрайтын, ал елдiң бiр тұрғынына сақтандыру сыйлықақыларының шамамен 1600 АҚШ доллары келетiн Швецияда, 89 iрi сақтандырушылардың 21-i өзара сақтандыру қоғамдары.
      Өзара сақтандырудың ұйымдық принципi қоғамның барлық мүшелерiне сақтандыру жағдайы келген кезде шығын сомасын бөлуден тұрады. Өзара сақтандыру қоғамының акционерлiк қоғамнан айырмашылығы әрбiр сақтанушы онда бiр мезгілде қоғамның мүшесi болып табылатындығында.
      Бұл ретте халықаралық тәжiрибеде өзара сақтандыру қоғамдарының жекелеген санаттары ( мысалы, сақтандыру сыйлықақыларының көлемiне қарай) мемлекеттік органдар тарапынан реттелуге жатпайды, бұл көптеген кiшiгірiм өзара сақтандыру қоғамдарын құруға мүмкiндiк туғызады.
      Сонымен қатар, Қазақстанда өзара сақтандыру институты мүлдем қолданылмайды. Бұған себептер көп, бiрақ мұнда өзара сақтандыру қоғамының құқықтық мәртебесiн және олардың қызмет ету шарттарын айқындайтын заң актiсінің болмауы үлкен роль ойнап отыр. Сондықтан да осы саладағы бiрiншi кезектегi мiндет тиiсті нормативтiк құқықтық базаны құру болып табылады. 

5.3. Халықтың сақтандыру мәдениетiн көтеру

      Елдегi сақтандыруды және сақтандыру қызметiн дамытудың негізгi мiндетi халықтың сақтандыру мәдениетін қалпына келтiру және одан әрi көтеру болып табылады. Қазiргі уақытта сақтандыру рыногы дамуының төмен деңгейi халықтың жеткілiксiз сақтандыру мәдениетiнiң қалыптасқанын айтуға болады.
      Осының себептерiне халықтың жалпы алғанда сақтандыруға деген терiс қатынасын (халықтың сенiмсiздiгін), халықтың мемлекет тарапынан әлеуметтiк және өзге көмегіне тарихи қалыптасқан бағытта болуын, сақтандыру өнiмдерi, сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы ақпараттың болмауын, оның iшiнде олардың төмен жарнама беру белсендiлiгіне орай, сақтандыру қызметiнiң мағынасын түсiнбеуiн, сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында оңтайлы материалдардың болмауын, халықтың кiрiсiмен салыстыруға болмайтын жоғары сақтандыру тарифтерiнiң болуын, тиiмсiз сақтандыру шарттарын жатқызуға болады.
      Халықтың сақтандыру мәдениетін көтеру саласында пайда болған проблемаларды шешу үшiн сақтандыру рыногының барлық кәсiби қатысушыларының және олардың бiрлестіктерiнiң, мемлекеттiк органдардың қатысуымен келісілген халық үшін сақтандырудың тартымдылығын арттыратын кең көлемді іс-шараларды жүзеге асыру қажет.
      Осыған орай, осы Бағдарламаны iске асыру мақсатында мынадай iс-шараларды жүзеге асыру болжанып отыр:
      тұрақты негiзде сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларымен және олардың бiрлестiктерiмен бiрлесiп сақтандыру қызметiнiң рыногы және сақтандыру өнімдері туралы, оның ішінде қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiнде толық әрi объективтi ақпараттың берiлуiне бағытталған халық арасында оқу-ағарту және түсiндiрме жұмысын жүргізу;
      сақтандыру рыногы қатысушыларының кәсiби білiм деңгейiн арттыруға бағытталған тақырыптық конференцияларды, семинарларды тұрақты өткiзу;
      халықты сақтандыру рыногындағы заңсыз немесе заңға қарсы қызмет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру агенттерiнiң және Қазақстан Республикасының резидент еместерi - сақтандыру ұйымдары делдалдарының қызметі туралы хабардар ету;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасаған кезде және сақтандыру қызметінде қолданылатын басқа құжаттарда пайдаланылатын терминологияны бiр ізге келтiру.
      Халықтың сақтандыру мәдениетiн қалыптастыруда сақтандыру ұйымдарының және олардың бiрлестiктерiнiң ролi орасан зор, оларға бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет етудi жандандыру, елдiң қалың көпшілігі үшiн білім беретiн әрi оқытатын бағдарламаларды ұйымдастыру, халықтың сақтандыру қызметiне сұраныстарын зерттейтiн маркетинг зерттеулерiн жүргiзу қажет және керек болғанда жаңа сақтандыру өнiмдерiн әзiрлеу қажет.
      Қазiргі уақытта отандық сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметiнiң төмен ассортиментін ұсынады (40 түрiнен астам емес, негізiнен классикалық. Салыстыру үшiн АҚШ-да сақтандыру түрлерiнiң 3 мыңнан астамы қолданылуда, Еуропада 400-500).
      Халықтың сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы хабардар болуын арттырудың тиiмдi құралдарының бiрi мамандандырылған баспасөз басылымының шығарылымы болуы тиiс (қазiргi уақытта ол жоқ), оны мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының қатысуы әбден мүмкiн.

       5.4. Сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру

       5.4.1. Ағымдағы жай-күйi

      Жалпы алғанда сақтандыруды, оның iшiнде оның жинақтаушы түрлері мен аннуитеттердi ұсыну жүйесiн дамытудың қажетті факторы статистикалық және өзге деректердiң ауқымды базасының болуы болып табылады.
      Қолданылып жүрген мемлекеттік статистикалық сақтандыруда толық көлемде қолданылмауы мүмкiн.
      Бiрiншiден, өмiр ұзақтығының жалпы кестелерi деректердiң жоғары дәлдігімен және толық салыстыруға болатындығымен, сондай-ақ олардың математикалық өңделу мұқияттылығымен ерекшеленбейді.
      Екiншiден, мемлекеттік статистиканы нақтылау сақтандырудың міндеттi сияқты ерiктi түрлерiнiң де тарифтерін негіздеу үшін қажетті көптеген актуарлық кестелерді құруға мүмкіндік бермейді. Мемлекеттiк статистика деректерiнде актуарлық есептеулердi жүргізу үшін көптеген қажетті мәлiметтер жоқ.
      Үшiншіден, сақтандыру компаниялары халықтың ерекше тобымен: әр түрлi уақытта, әр түрлi жаста және әр түрлi тәуекелдерден сақтандырылған тұлғалардың жиынтығымен жұмыс iстеуде.
      Актуарлық есептеулер кезiнде шынайы статистикалық деректердi пайдаланудың маңыздылығын түсiне отырып, көптеген отандық сақтандыру компаниялары өздерiнiң деректер базасын жүргізу қажеттiгін түсiндi. Бiрақ бұл мәселенiң толыққанды шешiмi болып табылмайды, өйткенi мұндай бытыраңқы есеп болған жағдайда (әрбiр жекелеген сақтанушы) алған ақпараты аз көлемдi, бiр тектес емес және онша шынайы емес те болады.

       5.4.2. Сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру қажеттігi

      Сақтандыру тарифтерiн және сақтандыру резервтерін есептеу сапасын жақсарту жөнiнде iс-шараларды ойдағыдай iске асыру, атап айтқанда оларды eceптеу жөнiндегі бағдарламалық өнiмдi әзiрлеу мен қолданысқа енгізу мұндай деректер базасынсыз мүмкiн емес.
      Деректер базасы халықтың жалпы өлiм-жiтiмi, халықтың жекелеген санатының өлiм-жiтiмi (мысалы, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысатындар және тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлейтіндер), мүгедектердiң өлiм-жiтiмi туралы мәлiметтердi, мүгедектiктен қалпына келу көрсеткiшiн, мүгедектік, жарақаттылық және тағы басқалардың артуының көрсеткiштерiн қамтуы тиiс.
      Сақтандыру статистикасының жинақталуы оны сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары, атап айтқанда актуарийлер, андеррайтерлер пайдалануы үшiн қиын әрi шығынды мiндет болып табылады. Бұл мынадай себептермен негiзделген:
      Бiрiншiден, деректердi жоғары дәрежеде нақтылай отырып есеп берудi нысандарын әзiрлеу және оны барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiне енгiзу қажет.
      Екiншiден, қажетті статистикалық ақпаратты жинақтау процесiн ұйымдастыру бойынша жұмыс, сондай-ақ деректер базасын қалыптастыру, жаңарту және мониторингi бойынша жұмыс көп еңбек сiңiрудi қажет етедi.
      Үшіншіден, сақтандыру кезіндегі шынайы көріністі бара-бар көрсететiн статистикалық және өзге де деректерді қалыптастыру және жинақтау үшiн 3-5 жылдай ұзақ уақыт аралығы қажет.
      Бұдан басқа, статистикалық және өзге де ресми деректердiң қажеттi базасының болуы сақтандыру тәуекелдерінің түсу мүмкiндігін және қандай да бiр мiндеттi сақтандыру түрін енгізудің мақсаттылығы туралы мәселелердi қарау барысында олардың келтіретін ең көп мөлшердегi зиянын бағалау үшiн қажет.
      Ақиқаттылық деңгейi жоғары мұндай деректердiң болуы жалпы алғанда жеке сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тарифтерiнiң бара-бар мөлшерiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi.

      5.4.3. Сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуы қажет iс-шаралар

      Сақтандыру статистикасының деректер базасын жасау және қалыптастыру жөнiндегі жұмыс сонымен қатар мынадай құрамдас бөлiктерден тұруы қажет:
      бiрiншi кезекте мiндетті сақтандыруда жинақталатын деректердi жинау, сақтау және өңдеу үшiн бiрыңғай әдiстемелiк базаны әзiрлеу;
      сақтандыру ұйымдарының қажеттілігін көрнекi және бара-бар көрсете алатын көрсеткiштер тiзбесiн айқындау;
      сақтандыру рыногының өзгеруi барысында сақтандыру түрлерiнiң тiзбесiн және көрсеткіштер тiзбесiн түзету (қажет болған жағдайда) механизмiн, сондай-ақ осындай түзетуге статистикалық ақпарат тұтынушыларының қатысу тетігін жасау.
      Сақтандыру статистикасы көрсеткiштерiнiң әзiрленетiн тiзбесi мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
      сақтандырудың барлық саласын қамту;
      байланыстарды көрсететiн (бiрыңғай жiктеулердi және жiктеушiлердi пайдалану арқылы) бiрнеше талдау операцияларының негізiнде сақтандыру статистикасы жүйесiнiң өз ішiндегі деректердiң өзара байланысын қамтамасыз ету;
      сақтандыру жағдайының сақтандырылған объектiлердiң әр түрлi кластары үшiн туған кезiнде ерекшелiктерiн анықтау мүмкiндігін беру.
      Тiзбенi әзiрлеу кезiнде осы саладағы халықаралық сақтандыру ұйымдары мен актуарлық қоғамдардың жинақтаған тәжiрибесiн ескерген жөн. Бұдан басқа, сақтандыру статистикасы көрсеткiштерiнiң әзiрленетiн тiзбесi әдiстемелiк және методологиялық жағынан әлемде қабылданған ұқсас көрсеткiштермен сәйкес келгенi жөн.
      Көрсетiлген деректер базасын жасау, қалыптастыру және оған тұрақты мониторинг жүргізу жөнiндегі шаралар өмiрдi сақтандыруды ғана емес, жалпы барлық жеке сақтандыруды дамытуға қосымша серпін береді.
      Осы мақсатта статистикалық есеп берудiң егжей-тегжейлi нысандарын әзiрлеу мен енгiзу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және "Қазақстан Актуарий орталығы" ЖАҚ-мен бiрлесiп сақтандырудың әр түрлi түрлері (кластары) бойынша статистикалық деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмысты белсендiру болжанып отыр.

       5.5. Мiндетті сақтандыру жүйесін дамыту

      Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердiң тәжiрибесi көрсетiп отырғандай міндетті сақтандыру механизмі мемлекеттік әлеуметтiк тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикасының дамуын жеделдету мақсатында кеңiнен қолданылады.
      Бұл тәжiрибе Қазақстанда да қолданыс табуда. Соңғы жылдары мұнда азаматтардың заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүлiктік мүдделерiн табиғи, техногендiк, экономикалық және өзге де тәуекелдерден қорғау жөнiндегі міндеттерді шешу үшiн мiндетті сақтандыруды пайдалану аясы бiршама кеңейді.
      Сонымен қатар мiндеттi сақтандырудың отандық жүйесiнде әлi де шешiмi табылмаған мәселелер бар, олардың көбici осы салада бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың болмауымен байланысты.
      Атап айтқанда, әр түрлi мемлекеттік органдар мiндеттi сақтандырудың қандай да бiр түрiн енгізу туралы шешiмдi қабылдау барысында әдетте, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарын, ұлттық сақтандыру рыногының және әлуеттi сақтандырушылардың қаржы мүмкiндiктерiнiң шынайы жай-күйiн ескермей-ақ ведомство ауқымындағы мүдделердi басшылыққа алады.
      Мiндеттi сақтандырудың осы және басқа да мәселелерiн шешу мақсатында мынадай негізгi мiндеттердi шешу қажет:

      1. Мынадай мәселелерден тұратын мiндеттi сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

      1) Мiндеттi сақтандыру түрiн енгізудiң құқықтық, экономикалық және өзге де негіздерi
      Азаматтар, шаруашылық жүргiзушi субъектілер және мемлекет үшiн әлеуметтік-экономикалық маңызы сақтандырудың қандай да бiр түрiн мiндеттi сақтандыруға жатқызудың басты критерийi болуы қажет.
      Заң актісiнде міндетті сақтандыру түрiн көздейтiн норманы көрсету және/немесе ол бойынша тиiсті заң қабылдау үшiн енгізілетiн мiндеттi сақтандыру түрi қажеттілігінiң, тиiмділігінiң және экономикалық мақсаттылығының әлеуметтік-экономикалық негiздемесi әзiрленуi қажет.
      "Мiндеттi сақтандыру" ұғымын, принциптерi мен оның қолданылу аясын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы мәселенi қарау қажет. Мұндайда жекелеген заң актiсiне немесе шартқа орай - мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң құқықтық негiздемелерi нақты шектеуi тиiс.
      Мемлекет мүддесін қорғау тұрғысынан алып қарағанда, міндетті сақтандыру түрiн енгiзу мүмкіндігінше, халықтың және шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң әлеуметтік, техногендiк, экологиялық, табиғи, кәсiпкерлiк және өзге де тәуекелдерден болған зияндарын өтеу көзi ретiндегi республикалық бюджетке түсетін ауырлықты азайту мақсатын көздеуi қажет.
      Осыдан келіп, мыналарды алдын ала қарау қажет:
      сақтандырудың тәуекелдерді басқарудың басқа да құралдарымен салыстырғандағы экономикалық пайдасы (мақсатты резервтер және қорлар, шығынды тiкелей бюджеттен өтеу, өзiн-өзi сақтандыру және басқалары);
      статистикалық деректердiң толыққанды базасын қалыптастыру және экономикалық бағалауға қажетті қолданыстағы деректердің болу мәселелерi;
      сақтандыруға тәуекелдердi қабылдаудың нақты мүмкiндігі, ол бiрiншi кезекте ұлттық сақтандыру нарығының көлемiмен (сақтандырушыларды капиталдандырумен), тәуекелдердің табиғатымен және олардың болуынан туындайтын салдардың мөлшерiмен, өндiрiстiң қауiпсiздiк және жұмыс iстеу кезеңiнің деңгеймен және басқа да факторлармен айқындалады;
      енгізiлетiн міндетті сақтандыру принциптерiнiң сақтандырудың негiзгi ережелерiне (онысы экономикалық мәнiнiң сақтандыру қатынастарының осы түрiн ұйымдастырудың ерекше шарттарына) сәйкес келуi;
      әлеуетке сақтандырушылардың сақтандыруды қаржылай қамтамасыз ету үшiн қаражатының (сақтандыру қызметтерiн пайдаланушы тұтынушылардың жеткілікті сатып алу деңгейінің) болуы;
      мiндетті сақтандыруды жүргiзудi қамтамасыз ететiн тиiстi салалық инфрақұрылымның болуы;
      енгізілетiн мiндеттi сақтандыру шарттарының сақтандырудың халықаралық тәжiрибеге сәйкес келуi.
      2) Мiндетті сақтандырудың қағидаттары
      Мiндетті сақтандыру түрiн қолданудың аясы және оны жүргiзудiң құқықтық негіздерi мынадай негізгi принциптерге сәйкес келуi тиiс:
      сақтандырудың шарттары мен жүргізу тәртібiн заң белгiлейді (немесе онда жекелеген мәселелердiң басқалай реттелу мүмкiндiгi);
      сақтандыруға жататын объектiлердi түгелiмен қамту;
      сақтандыру қызметiн жүргізудiң жеткіліктi түрдегі ұзақтығы (тәртiп бойынша шарт жасау мiндетi сақтандыру объектісi жойылған жағдайда ғана тоқтатылады);
      мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі талаптары туралы ақпараттың ашықтығы;
      сақтандырушылардың және басқа тұлғалардың шарт бойынша өз мiндеттерiн орындауының нақты мүмкiндігі;
      сақтандыру шарты тараптарының және өзге де тұлғалардың, оның iшiнде мемлекеттің жауапкершілiк талаптары.
      3) Мемлекеттiң міндетті сақтандыру саласына қатысуы
      Мемлекеттің мiндеттi сақтандыру саласына қатысуының негізгі мақсаты оны өткiзуге бақылауды қамтамасыз ету болуы тиiс.
      Осы мiндеттерді іске асыру міндетті сақтандырудың сенімді жүйесiн жасауды көздейді, оның негізгі буындарының бірі сақтандыру қызметiн тұтынушыларға мемлекеттік кепілдік ұсыну болуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттің осы жүйеге жанама әрі тікелей қатысуын көздейтін механизмдер пайдаланылуы тиіс.
      Жанама қатысу мемлекеттiң сақтандыру ұйымдарының қызметiне, оның iшiнде олардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар деңгейін көтеру, олардың мiндетті сақтандыру рыногына кiруiне қосымша талаптарды белгілеуді қосқанда әр түрлі механизмдерді пайдалануын көздейдi.
      Мемлекеттiң сақтандыру қызметін тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласына тiкелей қатысуына айырықша тиiмдi механизмi сақтандыру ұйымдары мұны жүзеге асыра алмаған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беретiн жүйенi құруы болып табылады.
      Бұл мақсатты "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423-ІІ Заңына сәйкес құрылған Сақтандыру төлемдерiне кепілдік беру қорының көмегімен кезеңдi түрде iске асыру жобаланатын болады. Дәл осы уақытта сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне сақтандыру жағдайлары тууының жоғары мүмкiндiгiмен және оған қатысты олардың тууынан болатын аз мөлшерлi зиянмен сипатталатын мiндеттi сақтандырудың неғұрлым көп түрi енгізiлген.
      Перспективада сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының капиталдандырылуының өсуіне орай, мiндетті сақтандырудың басқа түрлерiне де Қордың кепiлдiк төлемдерiн және жүзеге асыру негiздемелерi кеңейтiлуi мүмкiн.
      Сақтандыру қызметін негізгі тұтынушылардың сатып алу қабiлетiнiң төмендігі, отандық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру мәмiлелерiн жасау бойынша шектеулi мүмкiндiктерi және Қазақстанның сақтандыру рыногына және жалпы оның экономикасына тән басқа да объективтi себептер мiндеттi сақтандыру, оның iшiнде апатты тәуекелдермен қоса жүретiн сақтандыру аясын бұдан әрi кеңейтуге мүмкiндiк бермей отыр.
      Бұл жағдайлар тәуекел факторларының деңгейiн төмендету жөнiндегi, осы мәселелер бойынша шаралар кешенiн орындау жөнiндегi iс-шаралардың жеделдігі мен маңыздылығын алдын ала айқындайды.
      Атап айтқанда, Қазақстан халқының қаржыны айырықша ауыр, ал көп жағдайда орны толмастай жоғалтуы табиғат апаты салдарынан, олардың тұрғын үйлерiнiң бүлiнуi немесе жойылуына байланысты болуы мүмкiн екендiгін ескере келiп, республикада осы тәуекелдердi қорғауды қамтамасыз ететiн жүйе құру қажет болып отыр.
      Сондықтан Қазақстан Республикасында тұрғын үй иелерiне табиғи апаттардан болған зиянды өтеу жүйесiн құруды қарау орынды болмақ.

      2. Мiндеттi сақтандыру туралы заңнамаларды жетiлдiру

      "Сақтандыру мiндеттілігі" туралы формальды заң нормаларын қайта қарауды қосқанда, мiндеттi сақтандырудың кейбiр қолданыста бар түрлерiн сақтаудың мәнділігін анықтау қажет болып отыр.
      Мiндеттi сақтандыру саласының объектілерi бойынша және оларды өткізудің басқа талаптары бойынша мейлінше әртүрлі сақтандыру түрлерi қосылғанын (қосылуы мүмкін екендігін) назарда ұстай отырып, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру сомаларының мөлшерін (заң, нормативтiк құқықтық кесімі не сақтандыру шарты арқылы) белгілеудiң мүмкiн болып отырған негіздемелерін кеңейткен орынды.
      Республиканың мiндеттi сақтандыру жүйесiне (жоспарланатын мiндетті сақтандырудың жаңа түрлерін енгізуді ескере отырып) сақтандырудың 10-ға жуық түрі енгізіледі, сондықтан заңдарды жүйелеу iс-шаралары аясында елде өткізілетін жекелеген заң актілерін міндетті сақтандыру түрлерi бойынша бiртұтас нормативтік құқықтық актіге шоғырландырудың орындылығы туралы мәселені қарау қажет.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық сақтандыру жүйесiне кiру және міндетті сақтандыру аясында халықаралық кесiмдер жасау талаптары мен перспективаларын айқындау

      Осы мiндеттi шешу - Қазақстанда жұмыс iстеп отырған халықаралық сақтандыру схемасына интеграциялауға қажеттi бiрқатар шараларды жүзеге асыруды көздейдi.
      Жуық арадағы перспективада Қазақстанмен iргелес мемлекеттердiң аумағында көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыруды енгiзгеннен кейiн пайда болған мемлекетаралық автомобиль бағыты проблемасын шешу қажет болып отыр.
      Атап айтқанда, бұл проблемалар уақытша болатын елдiң ұлттық заңдарының шетелдiк автокөлiк иесiмен оның азаматтық жауапкершiлiгін сақтандыру шартын жасау мiндеттілігі туралы талаптарына байланысты. Сонымен бiрге ұсталатын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi де едәуiр жоғары.
      Осыған байланысты ЕурАзияЭҚ не ТМД аясында көлiк құралдары жауапкершiлігінiң иелерiнiң халықаралық жүйесiн құруға байланысты мәселелердi қарау қажет болып отыр. Сонымен бiрге базалық модель ретiнде болашақта осы жүйеге қосылуға мүмкiндiк беретiн "Жасыл карта" халықаралық автосақтандыру жүйесiн пайдаланған орынды.

       5.6. Сақтандыру рыногiнiң инфрақұрылымын дамыту

      Сақтандыруды ұйымдастырудың маңызды элементтерi, әсiресе iрi тәуекелдердi сақтандыруда сақтандыру рыногының қатысушылары - актуарийлер, сақтандырушы делдалдар (сақтандырушы брокерлер және сақтандырушы агенттер), сюрвейерлер, апаттық комиссарлар, аджастерлер (claims аdiusters) және басқалар болып табылады. Бұл ең алдымен, сақтандырылатын тәуекелдердi және сақтандыру жағдайының орын алуы салдарынан шеккен зиянның мөлшерiн нақты бағалауға (қаржылық, техникалық) қажеттілігіне байланысты себепшi болып отыр. Сонымен бiрге аталған қатысушылар сақтандыру қызметiнiң сапасын және олардың тұтынушыларға жеткiзiлуiн жақсартуда үлкен роль атқарады.
      Сонымен қатар, қазiр қазақстан сақтандыру рыногында осы тiзiмнен ресми түрде тек сақтандыру делдалдары мен актуарийлер ғана ұсынылып отыр. Бұл ретте сақтандыру делдалдығы мәселелерi бойынша қолданылып жүрген заңдар жетiлдiрудi, сонымен бiрге сақтандыру брокерi мен сақтандыру агентi қызметiнiң талаптарын белгілеудi мейлiнше нақтылай түсудi қажет етедi. Мұндайда сақтандыру жүйесi дамыған елдерде сақтандыру брокерлерi сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы делдалдық қызметтен басқа сақтандырылатын тәуекелдерге бағалау жүргізетiнiн, шығынды реттеуге байланысты мәселелердi өздерiне алатындығын ескеру қажет.
      Сақтандыру рыногының аталған қатысушыларының қызметтік мақсаты оларды міндетті сақтандыру схемасына,әсiресе iрi тәуекелдердi сақтандыруға байланысты түрлерi бойынша тарту қажеттігін көрсетедi.
      Сақтандыру рыногының әр қатысушысының қызметi мен өкiлеттiгін заңды түрде белгiлеу және олардың қалыптасуы мен дамуы үшiн басқа да алғышарттар жасау керек.
      2003 жылы құрылған экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнiндегі алда мемлекеттік сақтандыру корпорациясын қалыптастыру және дамыту жөнінде кешендi шараларды жасау керек болып отыр. Аталған сақтандыру ұйымының негізгі міндетті отандық экспортерлер мен инвесторларды саяси және кәсiпкерлiк тәуекелдерден сақтану қорғанысын қамтамасыз ету болып табылады.
      Сондай-ақ 2003 жылы құрылған, халықтың ипотекалық кредит беру жүйесiне кiруiн кеңейту арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етiлуiн көтеру және оның қызмет ету сапасын жақсарту мақсатын көздеген (оның iшiнде кредит беру мерзiмiн ұзарту, кредиттер мөлшерiн ұлғайту, проценттiк ставкаларды және бастапқы жарна мөлшерiн төмендету) Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры қызметiнiң мәселелерiн қарау қажет.
      Атап айтқанда, аталған қорды сақтандыру ұйымына қайта ұйымдастыру көзделуде, бұл қолданылып отырған сақтандыру заңдарына өзгерiстер енгізудi талап етедi. Ең алдымен, бұл тәсіл негізiнен халықаралық тәжiрибеге сәйкес келедi. Атап айтқанда, Еуропалық кеңестің директивалары сақтандыру кредиттерiн, оның iшiнде ипотекалық кредиттердi сақтандыру ұйымдарының жүзеге асыратынын болжалдайды.
      Ипотекалық сақтандыру заемшының төлем қабiлетсiздігі ықтимал болған кезде кредиттік тәуекелдi төмендету құралы болып табылады, сондай-ақ кепілге берiлген мүлiктi сату кезiнде жылжымайтын мүлiк рыногындағы бағаның ауытқуының кредиторды шығынға душар етуге әкелуi және оның осыған душар болуының халықаралық тәжiрибеде оны жүргiзудiң негізгi принциптерiнiң бiрi заемшының бастапқы жарна бөлігінде (top-tier) сақтандырушы болып табылады.
      Ипотекалық сақтандыру кредиторлардың қаржылық тұрақтылығына тiкелей ықпал ететінін және өзара тығыз қарым-қатынаста болатынын ескере отырып, ипотекалық сақтандыруды жүзеге асыру принциптерiн заң шығару деңгейiнде белгілеу мәселелерi, оның iшiнде ипотекалық сақтандыруды жеке сақтандыру сыныбы ретінде бөлiп көрсету арқылы қарауды талап етедi. Мұндайда ипотекалық кредиттердi беруге байланысты тәуекелдердi сақтандыру мүлiктік сақтандырудың басқа түрлерi бойынша жүзеге асырылмауы тиiс.
      Айтылғандарды ескере отырып, ипотекалық сақтандыруды (капиталдандыру деңгейi, сақтандыру резервтерін қалыптастыру тәртiбi) жүзеге асырушы сақтандыру ұйымдарының қызметiне арнайы талаптар белгiлеу қажет. Ең алдымен бұл сапалы және тартымды ипотекалық сақтандыру рыногының қалыптасуына ықпал ететiн осы сақтандыру ұйымдарының төлем қабiлеттiлігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
      Сонымен бiрге, сақтандыру рыногының түрлi кәсiби қатысушыларын (сақтандыру агенттерi, актуарийлер, апат комиссарлары және басқалар) бiрiктіретін сақтандыру рыногындағы өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарды (ӨРҰ) дамытуға ерекше көңiл бөлу қажет. Сақтандыру рыногының жекелеген кәсiби қатысушыларына лицензия беру және рынокқа кiруiне рұқсат берудi осы өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға беру жоспарланып отырғанын ecкepceк, осы проблеманың айырықша мәнге ие болатынын байқаймыз.

       5.7. Сақтандыру рыногының есебiн автоматтандыру және оны ақпараттандыру

      Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының қызметiн, сонымен бiрге бухгалтерлiк есеп жүргiзу саласын автоматтандыру және ақпараттандыру елдегі сақтандыру рыногын дамытудың осы кезеңiндегі маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
      Ең алдымен, автоматтандырылған жүйенi ендiру сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары жүргiзетін операциялардың сенiмдiлігі мен айқындығын көтеруге мүмкiндiк бередi, қызметкерлердiң күнделiктi еңбегiн жеңiлдетедi, ақпаратты жасау, өңдеу және талдау процестерiн жеделдетедi.
      Осы мақсатпен сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларымен олардың бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып бухгалтерлiк есептi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн және қаржылық есептi автоматтандырылған тәсiлмен жүргізетiн автоматтандырылған ақпарат жүйесi (бағдарламалық қамтамасыз ету) бойынша жұмыс жүргiзу қажет.
      Бұл ретте бастапқы кезеңде стандартты бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
      1) барлық филиалдар мен өкiлдiктердi (болған жағдайда) ескере отырып автоматтандырылған ақпарат жүйесiне ендiрілген Бас бухгалтерлiк кiтапты жүргізу;
      2) барлық жасалатын операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлiк есептi жүргiзу;
      3) қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң сенiмдiлігі мен қауiпсiздігі.
      Бұдан басқа, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында стандартты бағдарламалық қамтамасыз етудi және оған сақтандыру статистикасының деректер базасын жүргізу, талдау бойынша қойылатын талаптарды әзiрлеу қажет. Бұл шаралар сақтандыру резервтерi есебiнiң рәсiмдерiн жеңiлдетуге және оңайлатуға мүмкiндiк бередi, актуарийлер растаған олардың есептерi мiндетті болып табылатындығы және сақтандыруды қадағалау органына тұрақты негізде ұсынылып отыратындығы ескерiледi.

       5.8. Кадрлық әлеуетті дайындау

      Отандық сақтандыру рыногының жедел дамуы және оның әлемдiк сақтандыру кеңiстiгіне кiру қажеттігі сақтандыру индустриясы кадрларының кәсiби бiлiктілігін түбегейлi түрде көтеру қажеттiлігін қойып отыр.
      Қазiргі уақытта сақтандыру ұйымдарының басшыларының және мамандарының мейiлiнше көпшiлiгінiң не арнайы бiлiмi, не сақтандыру iсi саласында жеткiлiктi тәжiрибесi және бiлiмi болмай отыр. Бұл сақтандыру ұйымдары менеджерлерiнiң дұрыс тарифтiк және инвестициялық саясат белгiлеуiне, оңтайландырылған сақтандыру портфелiн және тағы сол сияқтыларды қалыптастыруда көрiнiс беріп, нәтижесiнде сақтандыру ұйымының тұрақтылығына, олар көрсеткен қызметтің саны мен сапасына терiс әсер етiп отыр.
      Сақтандыру индустриясы кадрларының басым бөлігінiң кәсiби дайындығының болмау проблемалары негiзiнен республикада сақтандыру саласы бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және бiлiм беру орталықтарының болмауына байланысты. Бүгiнгi күнi сақтандыру мәселелерiн зерттеу заң және экономикалық жоғарғы оқу орындарындағы жекелеген пәндермен (сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлiк есеп, сақтандыру құқығы және басқалар) шектеліп отыp.
      Сақтандыру ұйымдары мамандарының қайта даярлау және кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi бiртұтас бағдарламаның болмауы осы мәселелердi әр сақтандыру ұйымының жеке өз аясында шешуге мәжбүр етiп отыр, бұл iрi материалдық және өзге де шығындармен байланысты. Сондықтан өз қызметкерлерін шетелде оқытуды немесе осы мақсат үшiн шетелдiк мамандарды таратуды тек iрi сақтандыру ұйымдары ғана ұйымдастыра алады.
      Сақтандыру саласындағы кадрларды кәсiби даярлауға қатысты осы және басқа проблемаларды шешу мақсатында мынадай негiзгі мiндеттердi шешу қажет:
      1. Сақтандыру рыногы қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеруді орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесі, оқу-практикалық конференциялар, курстар, оқу орталықтары, семинарлар және басқа оқыту нысандары жүйесі арқылы жүзеге асыру.
      Бұл жұмыс Қазақстан сақтандырушыларының қоғамдық бірлестігі жасаған тиісті оқу бағдарламасы негізінде жүргізілуі тиіс. Осы мiндеттi iске асыру мақсатында сақтандырушылардың қоғамдық бiрлестігі жанынан қарасты оқу орталығын барлық сақтандыру ұйымдарының үлестiк қатысы есебiнен құру туралы мәселені қарау қажет.
      2. Орта және жоғары кәсіби оқу орындары базасында сақтандыру iсi мамандарын дайындау жөніндегі орталықтар құру.
      Осы мiндеттi iске асыру тиісті оқу орындарында тұрақты жұмыс iстейтiн сақтандыру ұйымдары қызметкерлерiнiң оқыту, білiктілiгiн көтеру және қайта даярлау курстарын ашу мәселесін, сондай-ақ "сақтандыру" мамандығы бойынша оқыту топтарын ашу мәселесін зерттеуді көздейді.
      3. Халықаралық бағдарламаларды және халықаралық қаржы, сақтандыру және басқа ұйымдардың мүмкiндiктерiн мамандарды даярлау және бiлiктiлігін көтеру мақсатында барынша пайдалану.

       5.9. Сақтандыруды қадағалауды дамыту және тиiмділігiн арттыру

      5.9.1. Сақтандыру заңнамаларын Еуропа Одағының Директиваларымен және Сақтандыруды Қадағалаудың Халықаралық Қауымдастығының сақтандыруды қадағалау қағидаттарымен және стандарттарымен кезең-кезеңмен үйлестіру

      Қолданылып жүрген сақтандыру заңдары сақтандыру секторын реттеудiң мейiлiнше тиiмдi құралы болып табылады, бұл ретте ол уәкілеттi мемлекеттiк органның тәуелсiздiгiн және жеткiлiктi өкiлдiктерiн қамтамасыз етiп отыр. Сақтандыру қатынастарының қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынастар және сақтандыру қызметiн ұйымдастырудың көптеген мәселелерi реттелдi.
      Сонымен бiрге, жаңа сақтандыру өнiмдердi және оны iске асыру технологиялары дамуда, сақтандырудың кәсiпкерліктің бiр түрi ретiнде даму үрдiстерi, әлемдiк сақтандыру рыногына мейлiнше интеграциялануы, сөйтiп халықаралық сипатқа ие бола бастағандығы көзге түсуде. Осыған байланысты, экономиканың осы секторын реттеу әдiстерi халықаралық стандарттар мен принциптердi ескере отырып жетiлдiрудi талап етуде.
      Белгілi болып отырғандай, реттеудiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады: сақтандыруды қадағалау органының сақтанушылардың заңды мүдделерінің қорғауының тиімділігін арттыру, яғни сақтандыру ұйымдарының өздерінің алдындағы міндеттерін орындайтынына сенімді болуы тиіс, сондай-ақ сақтандыру рыногындағы бәсекелестік ортаны қолдау және оның инфрақұрылымын сақтандыру ісін ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес дамыту.
      Өз кезегiнде сақтандыру рыногындағы қызметке бiрдей талаптар қою сақтанушылар үшін ұсынылатын сақтандыру қызметі құнының төмендеуіне және тізбесінің ұлғаюына, сапасының артуына мүмкіндік береді.
      Жоғарыда аталған проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарының сақтандыру қызметiн реттейтiн еуропалық директивалармен және Сақтандыруды қадағалаудың Халықаралық Қауымдастығының сақтандыруды қадағалау стандарттарымен және негiзгi принциптерiмен кезең-кезеңiмен үйлесуiне мүмкіндік бередi.
      Осы мақсат үшiн, яғни тиiмдi, әдiл және тұрақты сақтандыру рыногын дамытуға ықпал ететiн, сондай-ақ түрлi елдердiң қадағалау органдарымен қарым-қатынасты одан әрi дамытуға бағытталған қазақстандық сақтандыру заңдарының халықаралық стандарттармен өте жоғары дәрежедегі сәйкестiгiн қамтамасыз ету қажет.

       5.9.2. Сақтандыру делдалдығын реттеу

      Қазiргi уақытта сақтандыру делдалдары қызметiнiң талаптары iс жүзiнде реттелмей қалып отыр. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерлерi мен сақтандыру агенттерi қызметiнiң талаптары және тәртiбi аталған Заңның 17 және 18 баптарымен ғана реттелiп отыр.
      Сонымен бiрге сақтандыру рыногы субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн және қадағалайтын уәкiлеттi орган тарапынан делдалдардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен және сақтанушылармен (сақтандырылғандармен, тиiмдi сатып алушылармен) өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк, құжат айналымына.
      Делдалдар қызметiне бақылаудың және талаптардың болмауы олардың заңға қарсы әрекеттер мен операциялар жасауына терiс мақсатта пайдалануына мүмкiндiк беруде.
      Айтылғандарды, сондай-ақ сақтандыру делдалдары қызметiне бақылауды жүзеге асыруды көздейтiн халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, сақтандыру делдалдары қызметiн нақты реттеу, заңды тұлғалардың қолданылып жүрген заңдарға тиiсiнше өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу арқылы сақтандыру агенттiктерiн құруға және қызмет ету талаптарын белгiлеуiне мүмкiндiк беру саласында жұмыстар жүргізген жөн.

       5.9.3. Сақтандыруды қадағалаудың жаңа қағидаттарын енгiзу

      Қазiргi уақытта сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жалпы алғанда, қадағалау субъектiлерiнiң белгіленген нормативтердi, оның ішiнде пруденциалдық реттеу деп аталатын пруденциалдық нормативтердi орындауды тексеру негізiнде жүзеге асырылады. Бұл әдiс бұрыннан бар проблемаларды және оны шешудiң (жоюдың) алдағы тәсiлдерiн iздестiруден тұрады. Осы әдiс қаншалықты қажет болғанымен, көптеген елдердiң тәжiрибесiн ескере отырып, оның ең негізгі кемшіліктерiнiң бiрi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қандай-да бiр проблема пайда болған жағдайда оны нәтижелі шешуге күш салудың өте кеш болатынын атап айтқан жөн.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн қадағалау мен реттеу жүйесiн жетілдіру мақсатында компанияларда орын алуы мүмкiн тәуекелдердiң жаңадан пайда болу кезеңiнде анықтауға қабiлеттi реттеушi жаңа әдiстер мен механизмдердi әзiрлеу қажет.
      Қадағалаудың тиімділігі проблемасын шешудiң бiр жолы - проблема нақты болғанға дейін-ақ (оның iшiнде пруденциалдық нормативтердi бұзу) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн бiр iзге түсiрiп, тәуекелді төмендетуге арналған тәуекелді бағалауға негізделген қадағалау тұжырымдамасын (Risk - Bosed Super-vision) пайдалану болып табылады.
      Тәуекелдердi бағалау негiзiндегi қадағалауды әр сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметі душар болатын құрылымдық процесс немесе негiзгi тәуекелдi анықтауға және жiктеуге бағытталған дәйектi құрылымдық процесс немесе дәйекті реттеу рәсiмдерiнiң кешенi тәуекелдердi бағалау және осы тәуекелдер туралы ескерту, төмендету немесе алдын алу жөнiндегі iс-шаралардың бағдарламасын әзiрлеу үшiн құралдарды іріктеу деп сипаттауға болады.
      Қаралып отырған тұжырымдаманы пайдаланатын елдердегi (оның iшiнде АҚШ) зерттеулер қорытындысы бойынша мыналар анықталды, бiрге алынған аз ғана коэффициенттер мен ара-қатынастар (12-ден - 15-ке дейiнгі шекте) арқылы сақтандыру ұйымдарының төлем қабiлеті жоқ болып қалғанға дейiнгi екi жыл ішінде жағдайсыз болып қалуының 75%-iн, және тiптi әрi кеткенде, банкрот болардан 1 жыл бұрын жағдайсыз болып қалуының 95%-iн болжауға болады.

       5.9.4. Сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалауды одан әрі жетілдіру

      Сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалауды одан әрi жетiлдiру жөнiндегі негізгi мiндеттердi iске асыру шеңберiнде сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын қызметке тiкелей ықпал ететін қолданыстағы заңдар базасы мен заң аясындағы нормативтiк құқықтық актілерге сараптама жасалуы, кейiннен сақтандыру қызметiне реттеу мен қадағалау жасайтын уәкiлеттi органның қолданылып жүрген заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi жүзеге асыруы тиіс.
      Атап айтқанда, осал бағытта мынадай мiндеттерді қарау жоспарланып отыр:
      сақтандыру қызметін реттеудiң ұлттық режимі мен халықаралық принциптер мен стандарттардың жақындасуын республиканың Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына интеграциялануы қажеттігін, оның ішінде шетелдiк қатысуды шектеудi кезең-кезеңiмен төмендету арқылы ескере отырып қамтамасыз ету;
      сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қайта сақтандыру қызметін қадағалауды Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерлерінде кредиттік рейтингтердің (Credit Raiting) міндетті түрде болуын талап етуді белгілеу жолымен күшейту;
      сақтандыру рыногы қатысушыларының (апат комиссарларының, аджастерлердiң, андеррайтерлердiң, сюрвейерлердiң, диспашерлердiң және басқалардың) құқықтық негiзiн нақтылау, сақтандыру брокерлерi мен сақтандыру агенттерiнiң қызметін шектеу және нақтылау;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігі талаптарын одан әрi дамыту;
      актуарийлердiң, iшкi және сыртқы аудиторлардың қызметiн пайдалануға нұсқаларды, сондай-ақ делдалдар мен сақтандыру агенттерiнiң өзара қарым-қатынасын реттейтiн сақтандыру ұйымының iшкi ережелерiне қойылатын талаптарды әзiрлеу;
      корпоративті басқару және тәуекелдерді басқару жүйелеріне, оның ішінде жүзеге асырылатын операциялардың нақты ретінің болуына қойылатын талаптар әзірлеу;
      сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есеп жүйесiн жетiлдiру және қаржы қызметiнiң айқындығын арттыру;
      сақтандыру тарифтерiнiң есептеу тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлеу;
      сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларын құрған, лицензиялаған, келiскен кезде белгіленетiн талаптарды басқа қаржы ұйымдарына қойылатын мынадай талаптармен салыстыра отырып бiрегейлендiру және стандарттау;
      тәуекелдерді бағалау жүйесiне негiзделген алдын-ала ескерту тестерiн жүргiзу;
      деректердi жинау және өңдеу жүйесiн автоматтандыру.

       5.9.5. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалаудың тиiмділiгін арттыру

      Сақтандыру рыногі субъектілерiнiң қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкілетті орган алдында өмiрдi сақтандыруды дамытуды одан әрi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын қайта қарау, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарының "өмiрдi сақтандыру" бойынша және жалпы алғандағы нормалары мен лимиттерiн қадағалау жөнiндегi пруденциалдық және басқа мiндеттi нормативтердi, сақтандыру бизнесiнiң ("жалпы сақтандыру" және "өмiрдi сақтандыру") түрлi саласындағы қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын қадағалауды жүзеге асыруға арналған тәсiлдерiн бөлу мiндетi тұр.
      "Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша қызмет атқаратын сақтандыру ұйымдарының дамуын айқындайтын фактор - ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздардың толыққанды отандық рыногының болуы болып табылатынын айта кету қажет.
      Бұл проблема "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша қызмет атқаратын сақтандыру ұйымдары үшін айрықша мәнді ұзақмерзiмдi қаржы құралдарының дамуымен байланысы бар кең ауқымды іс-шаралар кешенiмен, оның iшiнде ел Үкiметінің қатысуымен шешілуi тиiс жалпы проблемалардың бiрегейi болып табылады.

       5.9.6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына iшкi басқару жүйесін ендіру

       5.9.6.1. Корпоративті басқару

      Кез-келген шаруашылық жүргізушi субъектінiң, сондай-ақ жеке тұлғаның қызметі тәуекелмен байланысты. Экономикалық ұғым бойынша, тәуекелмен төмен рентабельдік немесе экономикалық шығындар арқылы зиянға душар ететiн қолайсыз жағдайдың орын алу ықтималдығы.
      Сақтандыру ұйымдары қызметiнiң негізгі түрi басқа тұлғалардың тәуекелдерiн өзiне қабылдауы екенiн ескере отырып және сондықтан онда осындай тәуекелдердiң басым бөлiгі топтасатындықтан, бара-бар реттеу қажеттілiгі, сондай-ақ корпоративті басқару жүйесін ендiру негiзiнде сақтандыру ұйымдары қызметiнiң тиiмділiгін арттыру қажеттігі пайда болады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында корпоративтi басқару жүйесiн ендiру - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын жеке дамыту әрi жалды сақтандыру рыногын дамытудың мейлiнше өзектi мәселелерiнiң бiрi болып табылады.
      Корпоративтi басқарудың, шағын жүйесi ретiнде акционерлер, директорлар кеңесi және басқарма арасында жарғымен, регламентпен компанияның iшкi ресми саясатымен белгіленген өзара қарым-қатынастар жүйесi танылады.
      Бұл салаға сақтандыру рыногындағы iшкi аудит қызметiнiң, байқау кеңесiнiң, тәуекелдердi басқарудың толыққанды жүйесiнiң, өтiмділіктi басқару жүйесiнiң, инвестициялық, дивидендтік саясаттың және басқаларының болу талаптары кiредi. Қоғамның басқарушы органы - Директорлар кеңесiнiң, қоғамның атқарушы органы - Басқарманың және Басқарма Төрағасының белгiленген және бекiтiлген өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ компания қызметкерлерiнiң iшкi рәсiмдермен және саясат арқылы белгіленген қоғамның шешімдері мен қаулыларын сақтандыру ұйымдарының барлық қызметкерлерiнiң нақты орындайтын қызметтiк нұсқаулықтарының болуы және олардың қолданылуын реттеу айырықша орын алады.
      Корпоративтi басқару жүйесi сақтандыру ұйымы қызметiнiң түрлi процестерiнiң жан-жақты сипатталуының (формализациялау) болуын болжалдайды.
      Қазақстанда корпоративтi басқару жүйесiн дамыту мақсатында оны кең ауқымда ендiруге байланысты мәселелер осы басқару үлгiсiн барлық компаниялар мен корпорациялар iс жүзiнде тиiмді пайдаланып отырған басқа елдердiң тәжiрибесiн талдауды және зерттеудi талап етедi.
      Сондай-ақ "Корпоративтiк мiнез-құлық кодексінің" нормалары мен ұсыныстарын iс жүзiнде ендiру және қолдану бойынша iс-шараларды жүзеге асыру міндеті тұр.

       5.9.6.2. Тәуекелдердi басқару жүйесi

      Компанияның орын алуы мүмкiн тәуекелдерiн олардың алғашқы пайда болу кезеңiнде анықтау, сондай-ақ жалпы рынокта, әрі компанияның iшiнде жағдайдың өзгеру мүмкіндігін ескере отырып, кәсiпорынның дамуын болжау қажеттілігі мақсатында, корпоративтік басқару жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі ретінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тәуекелдерін басқару жүйесін (risk management) енгізу қажет болып отыр.
      "Тәуекел менеджментінің" мақсаты тәуекелдердi талдау және анықтау, оларды бағалау және жіктеу құралдарын таңдау жөніндегі сабақтас іс-әрекеттердің кешенін ұйымдастыру, оларды ескерту, төмендету немесе алдын-алу және осы бағдарламаларды пайдалану жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу болып табылады.
      Тәуекелдерді басқару компанияның ірі қолайсыз факторлар алдындағы қаржылық осалдығын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс.
      Сақтандыру компаниясының тәуекел менеджмент жүйесін құру кезінде іс жүзінде қаржы-шаруашылық қызметінің барлық бағыттары бойынша тәуекелдердің пайда болуының және ықпал етуiнiң күрделi сипатын ескеру қажет.
      Тәуекелдерді басқару процесі жалпы алғанда мынадай кезеңдерден өтеді:
      тәуекелдердi анықтау;
      тәуекелдердi жiктеу;
      тәуекелдердi бағалау;
      басқару әдiстерi мен құралдарын анықтау;
      таңдап алынған әдiстердi нақты iске асыру.
      Бұл ретте мынадай көпбағыттылық, жеделділік, объективтiлiк, кешендiлiк принциптерiне негізделген менеджмент тәуекелi жүйесi неғұрлым тиiмдiрек деп ұсынылып отыр.
      Сақтандыру компаниясына ұсынылып отырған тәуекел менеджмент жүйесi сақтандыру рыногын дамытудың қазiргi кезеңдегi талаптарына сай тәуекелге қарсы басқарудың функционалды механизмi болып табылады. Тәуекелдердi басқару проблемасына aз көңіл бөлiнiп отырғанына қарамастан, болжанып отырған сақтандыру операцияларының көлемi мен бәсекелестiктiң өсуiнiң күшеюі отандық сақтандыру ұйымдарында тәуекел-менеджменттiң даму проблемаларын жақын арада шешу қажеттiгін айғақтап отыр.
      Қазақстан Республикасының банк секторында тәуекелдердi басқару жүйесiн ендiру бойынша осындай жұмыстардың жүргізiлiп келдi және жүргiзiлгендiгі және жүргізiле беретіндігі белгілi. Осы орайда, банктердегi тәуекелдердi басқару жүйесiн ендiрудiң практикалық тәжiрибесi сақтандыру ұйымдары үшiн пайдаланылуы мүмкін.

       5.10. Қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру рыноктарын дамыту

      Отандық сақтандырушылардың сақтандыру тәуекелдерiн, әсiресе iрiлерiн қабылдау мүмкiндiктерi шектеулi болжап отырған жағдайында ортақ сақтандырудың және қайта сақтандырудың рөлi бiрнеше мәрте өседi.
      Қайта сақтандыру сақтандырушының төлем қабiлеттiлiгін және қаржылық тұрақтылығы деңгейiн көтерудiң тиiмдi механизмдерiнiң бiрi болып табылады, сондай-ақ тура сақтандырушының сақтандыру тәуекелiн қабылдауына қосымша мүмкiндiктер бередi.
      Отандық қайта сақтандыру рыногының тиiсiнше дамымауы себептi қазақстандық сақтандырушылар тәуекелдерiнiң үлкен бөлiгі шетелдiк қайта сақтандыру рыногында орналастырылып отыр. Қазақстанда әзiрше қайта сақтандыруды айырықша қызмет түрi ретiнде жүзеге асыратын бiрде-бiр ұйым (қайта сақтандыру ұйымы) жоқ.
      Қазіргі уақытта шетелге қайта сақтандыруға берілетін сыйлықақылар үлесiнiң көрсеткiшi жиналған сақтандыру сыйлықақыларының 54%-н құрайды. Істiң мұндай жағдайын сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қолдау көрсетудiң, отандық сақтандыру қызметiн көрсету рыногының әлемдік кеңiстiкке интеграциялануының және озық сақтандыру технологиясы мен жаңа сақтандыру өнімдерiнiң келуiнiң қажеттiгi тұрғысынан оң қарауға болады. Екiншi жағынан, бұл қазақстандық сақтандыру рыногын барынша әлсiз және ауқымды қайта сақтандыру рыногының өзгергіштiгiне тәуелді етедi.
      Сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудiң тағы бiр механизмi opтақ сақтандыру, яғни бiр тәуекелдi бiрнеше сақтандырушының бiрлесiп сақтандыруы (сақтандыру пулi) болып табылады. Ортақ сақтандыру арқылы iрi немесе елеусiз және жаңа тәуекелдер көбiрек сақтандырылады. Халықаралық тәжiрибеде пулдiк сақтандыру апатты тәуекелдердi сақтандыру кезiнде барынша жиi қолданылады.
      Ортақ сақтандыру механизмi Қазақстанда қазiрше iс жүзiнде кеңiнен қолданыс тапқан жоқ.
      Осыны ескере отырып, мемлекеттiң қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру механизмдерiн дамытуды ынталандыру бойынша бiрқатар нақты шараларды қолға алғаны жөн. Бұл ретте бiрiншi кезекте, оны жүргізудiң құқықтық негізiн жасау керек. Мұнда әңгіме қолданыстағы сақтандыру заңдарын жетiлдiру қажеттігі туралы болып отыр, олар қазiргі кезде қайта сақтандыру шарттарының және қайта сақтандыру қызметiнiң бүкiл ерекшелiктерiн ескермеген. Атап айтқанда, алда қайта сақтандыру шарттарының стандартты ережелерiн айқындау, қазақстандық қайта сақтандыру рыногының iскерлiк айналымы дәстүрлерiнiң жиынтығын қалыптастыру мiндетi тұр.
      Алдымызда капиталды заңсыз аудару және ақшаны жылыстату үшiн трансшекаралық қайта сақтандыру операцияларын ескерту және пайдалануды болғызбау мақсатында қайта сақтандыру қызметiне тиiстi бақылауды қамтамасыз ету мәселесiн қарау мiндетi тұр.
      Соңғы жылдары байқалып жүрген сақтандыру ұйымдарының капиталдандыру деңгейiнiң ұлғаю және олардың қаржылық жағдайының нығаю үрдiсiн ескере отырып сақтандырушының қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жеке ұсталымдары лимитінiң мөлшерiн ұлғайтудың ақылға сыйымдылығын қарау қажет. Ocы шара ұлттық сақтандыру рыногының сыйымдылығын ұлғайтуға және валюта құралдарының трансшекаралық қайта сақтандыру арналары бойынша шетелге кетуiн қысқартуға мүмкiндiк бередi.
      Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру пулдерiне мiндеттi қатысуы туралар талапты сақтандыру ұйымдарының аса iрi тәуекелдердi сақтандыруға қабылдауды көздейтiн мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерiн жүргiзуге рұқсат берудiң қосымша шарты ретiнде пайдалануға болады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдерiмен бiрлескен сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын, оның iшiнде сақтандыру шартын жасау, сақтандыру тәуекелiнiң мөлшерiн анықтау, жауапкершілiктi бөлу, өзара есеп айырысуды ұйымдастыру және т.б. тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жылдың қалыптастыру қажеттігі бар.

       5.11. Салық салуды жетiлдiру

      Халықтың және шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң мүдделерiн қорғаудың негiзгі құралы ретінде сақтандыру жүйесiнiң қалыптасуы мемлекет тарапынан тиiстi салық салу режимiн құруды талап етедi.
      Сақтандыру институты әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң органикалық элементі ретiнде бiртiндеп өскен дамыған елдерден айырмашылығы қазақстан экономикасында сақтандыруды дамыту жылдамырақ қарқынды талап етедi.
      Осыған байланысты сақтандыру жүйесiн жедел дамыту жолдарының бiрi сақтанушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу жүйесiн жетiлдiру болып табылады.

       6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Осы Бағдарлама мемлекеттiң, оның орталық салалық органдарының, сақтандыру рыногы субъектiлерiнiң және оның инфрақұрылымының отандық сақтандыру индустриясын дамыту жөніндегі шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыруға жан-жақты қатысуын көздейді.
      Бағдарламада белгіленген мiндеттердiң басым бөлiгі тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру арқылы шешiледi, ол бюджет қаражатынан қосымша шығынды талап етпейдi.
      Сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру рыногының өзге де субъектілерiнің мамандарын даярлау, қайта даярлау және кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi iс-шараларды iске асыру үшiн шетелдiк сарапшыларды және халықаралық қаржы және өзге де ұйымдардың гранттарын, сондай-ақ рыноктың кәсiби қатысушыларының өздерiнiң қаражатын тарту көзделуде.
      Мөлшері 2005 жылғы бюджетте анықталатын, республикалық бюджет қаражатын талап ететін Мемлекеттік аннуитет компаниясын құру туралы ел Үкiметiнiң шешiмiн қабылдау.

       7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Осы Бағдарламаны iске асыру:
      ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығын және сенiмдiлiгiн нығайтуға, елде жеке сақтандыруды дамытуға бастапқы негiз қалауға;
      мiндеттi сақтандырудың тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк беретiн ұлттық экономиканың басым салаларының қажеттіліктерін халықты әлеуметтiк қолдауды ескере отырып міндетті сақтандыру саласында ұзақ мерзiмдi мемлекеттік саясатты жасауға;
      сақтандыру рыногының толыққанды инфрақұрылымын құруға қолдау көрсетуге, сақтандыру саласында кадрлық әлеуетті жақсартуға;
      жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларды ендіруді жандандыруға, сақтандыру қызметінің сапасын жақсартуға және оның тізбесін кеңейтуге;
      сақтандыру рыногы субъектілерiн қадағалау мен реттеу стандарттарын көтеруге;
      ұлттық сақтандыру рыногын халықаралық рыноктарға интеграциялау процестерiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) схемасын тереңдетуге мүмкiндiк береді.
      Мiндетті сақтандырудың жаңа түрлерін ендiрудi және жеке сақтандыру жөнiндегі қызметті жандандыруды ескере отырып сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемi 2005 жылға қарай 2003 жылмен салыстырғанда орташа алғанда 100%-ке көбейдi, 2006 жылы 2-2,5 есе, 2007 жылға қарай -3-3,5 есе ұлғаяды.
      Сақтандыру сыйлықақыларының көлемiнiң ұлғаюы оның жалпы iшкi өнiмдегі үлесiнiң 2003 жылы 0,6%-тен 2004 жылы 1%-1,2%-ке, 2005 жылы 1,4%-1,6%-ке және 2006 жылы 2%-ке ұлғаюына алып келедi.
      Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтерi, осы кезеңде 2 еседей өседi, бұл сақтандыру рыногының инвестициялық әлуетiн 40 млрд. теңгеге дейiн дерлiк ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
      Ұлттық сақтандыру индустриясының дамуы жалпы мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге қажеттi алғышарттарды құруға жағдай жасайды.

8. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын
дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

       1. Жеке сақтандыруды дамыту
___________________________________________________________________
P/c|    Iс-шаралар   |Аяқталу |Орындауға |Орындалу|Болжамды|Қаржы.
 N |                 |нысаны  |жауаптылар|мерзімі |шығыстар|ландыру
   |                 |        |          |        |(млн.   |көздерi
   |                 |        |          |        |теңге)  |
___________________________________________________________________
 1           2            3         4          5       6       7
___________________________________________________________________
1. Өмiрдi жинақтаушы  Қазақ.   ҚҚА (келi.  2004-   Талап
   сақтандыруды және  стан     сiм бойын.  2006    етілмейдi
   аннуитеттер жүйе.  Респу.   ша), ЭБЖМ,  жылдар
   сiн дамыту жөнiнде блика.   ҚарМ, ҚҰБ   ішінде
   ынталандырулар,    сының    (келiсiм
   оның iшiнде осы    Үкіме.   бойынша)
   саладағы сақтан.   тіне
   дыру қатынастары   ұсыныс.
   үшiн салық режимiн тар,
   жақсарту және ұзақ норма.
   мерзiмдi қаржы     тивтік
   құралдарын дамыту  құқықтық
   арқылы ынталанды.  кесiм.
   рулар жасау        дердiң
                      жоба.
                      лары

2. Жеке сақтандыру    Заң      ҚҚА         2005    Талап
   мәселелерi бойынша жобасы   (келісім    жыл     етілмейді
   сақтандыру және             бойынша)
   сақтандыру қызметi
   туралы заңдарды
   жетiлдiру

3. Мемлекеттiк анну.  Қазақ.   ҚҚА (келi.  2005-           Мөлшерi
   итет компаниясын   стан     сiм бойын.  2006            2005
   құрудың мақсат.    Респу.   ша), ЕХӘҚМ, жылдар          жылғы
   тылығын қарау және блика.   ҚарМ, ҚҰБ                   бюджетте
   оны құру бойынша   сының    (келiсiм                    анықта.
   ұсыныстар дайындау Үкiме.   бойынша)                    латын
                      тіне                                 респуб.
                      ұсы.                                 ликалық
                      ныстар                               бюджет.
                                                           тiң қа.
                                                           ражаты

4. Жаңа сақтандыру    Норма.   ҚҚА         2005    Талап
   технологиялары мен тивтiк   (келiсiм    жыл     етiлмейдi
   өнiмдерiн (сақта.  құқықтық бойынша)    екiншi
   нушыға өз салым.   кесiм.               тоқсан
   дарын басқаруға    дердің
   мүмкiндiк беретiн  жобалары
   пайдаға қатысушы
   полистер (unit-
   linked) ендiру
___________________________________________________________________

       2. Халықтың сақтандыру мәдениетiн көтеру
___________________________________________________________________
1. Сақтандыру қызме.  Баспасөз  ҚҚА        Ай      Талап
   тiн тұтынушылардың конферен. (келiсiм   сайын   етілмейдi
   құқықтарын түсiн.  цияларын  бойынша)
   дiру және халықтың өткiзу,
   сақтандыру мәде.   баспа.
   ниетiн көтеру      сөз-рел.
   жөнiндегi ақпа.    издерiн,
   раттық-түсiндiру   мақала.
   жұмысын жандандыру лар мен
                      сөйлей.
                      тiн сөз.
                      дердi
                      БАҚ-қа
                      жариялау

2. Қазақстан Респу.   Бақылау  ЭСЖҚКА,     Тұрақты Талап
   бликасының сақ.    ұйымдас. IIМ, Бас            етiлмейдi
   тандыру қызметiн   тыру     прокуратура
   көрсету рыногында  және ша. (келiсiм
   заңсыз қызметтi    ралар    бойынша),
   анықтау және оның  қабыл.   ҰҚК (келi.
   жолын кесу, соның  дау,     сiм бойын.
   iшiнде уәкiлеттi   ҚҚА-не   ша), ҚҚА
   органның деректi   ақпарат  (келiсiм
   тексерулер актiсi  жiберу   бойынша)
   бойынша

3. Қазақстан Респу.   БАҚ-қа   ҚҚА         Тұрақты Талап
   бликасының рези.   ақпа.    (келiсiм            етілмейдi
   дентi емес сақ.    раттық-  бойынша)
   тандыру ұйымдары.  түсiн.
   ның сақтандыру     дiрме
   агенттерi мен      мате.
   басқа делдалда.    риалдар
   рының Қазақстан
   Республикасының
   аумағындағы заңсыз
   қызметi туралы
   халықты хабардар
   ету

4. Қазақстан Респу.   Жарияла. ҚҚА         Тұрақты Талап
   бликасында сақтан. нымдар,  (келiсiм            етілмейдi
   дыру рыногын       телера.  бойынша)
   дамыту бойынша     диосю.
   ақпарат құралдары  жеттер,
   арқылы ақпараттық  ақпа.
   қолдау             раттық
                      хабар.
                      ламалар
___________________________________________________________________

       3. Сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру, сақтандыру рыногының есебiн автоматтандыру және оны ақпараттандыру
___________________________________________________________________
1. Сақтандыру (қайта  Норма.   ҚҚА         2004    Талап
   сақтандыру) ұйым.  тивтік   (келiсiм    жыл     етілмейдi
   дары және сақтан.  құқықтық бойынша),   төр.
   дыру рыногының     кесімнің ҚҰБ         тiншi
   өзге де кәсiби     жобасы   (келiсiм    тоқсан
   қатысушылары үшiн           бойынша),
   бухгалтерлiк                "Қазақстан
   есепке алуды,               актуарий
   қаржылық, статис.           орталығы"
   тикалық тұрақты             ЖАҚ
   есептілiктi әзiр.           (келiсiм
   леу және жетiлдiру          бойынша)

2. Сақтандыру стати.  Сақтан.  ҚҚА         2005  Талап
   стикасының қалып.  дыру     (келiсiм    жыл   етiлмейдi
   тасқан деректер    (қайта   бойынша),   төр.
   базасының және     сақтан.  ҚҰБ         тінші
   оған жасалған      дыру)    (келiсiм    тоқсан
   талдау нәтижелерi  ұйымда.  бойынша),
   негізiнде сақтан.  рына     "Қазақстан
   дыру кластары      арналған актуарий
   бойынша тәуекелдер ұсы.     орталығы"
   жiктемесiн әзiрлеу ныстар   ЖАҚ
                               (келiсiм
                               бойынша)

3. Қолда бар статис.  Сақтан.  ҚҚA (келi.  2005    Талап
   тикалық деректер   дыру     сiм бойын.  жыл     етiлмейдi
   базасы негiзiнде   (қайта   ша), ҚҰБ    төр.
   сақтандырудың әр   сақтан.  (келiсiм    тінші
   түрлi кластары     дыру)    бойынша),   тоқсан
   (түрлерi) бойынша  ұйымда.  "Қазақстан
   тәуекелдер жiкте.  рына     актуарий
   лiмiн ескере       арналған орталығы"
   отырып сақтандыру  ұсы.     ЖАҚ
   тарифтерiн есеп.   ныстар   (келiсiм
   теуге қойылатын             бойынша)
   стандартты талап.
   тарды әзiрлеу
   және есептеу
___________________________________________________________________

       4. Мiндеттi сақтандыру жүйесiн дамыту
___________________________________________________________________
1. Мiндетті сақтан.   Заңдар.  ҚҚА         2004-   Талап
   дыру жөнiндегі     дың жо.  (келісім    2006    етілмейдi
   заңнаманы          балары   бойынша),   жылдар
   жетілдіру                   ТСА, ТЖА,
                               IIМ, ҚОҚМ,
                               АШМ, ККМ,
                               ЕХӘҚМ,
                               ҚарМ, ЭБЖМ

2. Мiндеттi сақтан.   Қазақ.    ҚҚА        2004    Талап
   дыру түрлерін      стан      (келiсiм   жыл     етілмейді
   енгізу шарттары    Pecпубли. бойынша    үшінші
   мен тәртібін       касының              тоқсан
   айқындау           Үкiметiне
                      ұсыныстар

3. "Сақтандыру тө.    Қазақ.   ҚҰБ (келi.  2004    Талап
   лемдерiне кепiлдiк стан     сiм бойын.  жыл.    етiлмейдi
   беру қоры" АҚ-тың  Респу.   ша), ҚҚА    үшiншi
   мақсаты мен мiн.   блика.   (келiсiм    тоқсан
   деттерiн нақтылау, сының    бойынша),
   оны дамыту перс.   Үкiме.   "Сақтандыру
   пективасын         тiне     төлемдерiне
   айқындау           ұсы.     кепiлдiк
                      ныстар   беру қоры"
                               АҚ (келiсiм
                               бойынша)

4. Табиғи зiлзала.    Қазақ.   ТЖА, ҚҚА    2006    Талап
   лардан туындаған   стан     (келiсiм    жыл     етілмейдi
   зиянды өтеу жүйе.  Респу.   бойынша),   төр.
   сiнiң тетiктерiн   блика.   ҚҰБ (келi.  тінші
   айқындау           сының    сiм бойын.  тоқсан
                      Үкiме.   ша), ҚОҚМ,
                      тiне     ҚарМ, ЭБЖМ
                      ұсы.
                      ныстар

5. ЕурАзЭҚ не ТМД     Халықа.  ҚҚА (келi.  2004    Талап
   шеңберiнде көлiк   ралық    сiм бойын.  жыл.    етiлмейдi
   құралдары иелерi.  келi.    ша), ККМ    бiрiншi
   нiң жауапкершiлі.  сiмнiң               тоқсан
   гін сақтандырудың  жобасы
   халықаралық жүйе.
   сiн ендiру мәсе.
   лесiн ойластыру
___________________________________________________________________

       5. Сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту
___________________________________________________________________
1. Өзара сақтандыру   Заң      ҚҚА         2006    Талап
   қоғамдарын құру    жобасы,  (келiсiм    жыл     етiлмейдi
   және қызметі       норма.   бойынша)
   бойынша норма.     тивтiк
   тивтiк құқықтық    құқықтық
   база жасау         кесiм.
                      дердiң
                      жобалары

2. Сақтандыру рыно.   Норма.   ЭБЖМ, ҚҚА   2004    Талап
   гына кәсiби қа.    тивтiк   (келiсiм    жыл     етiлмейдi
   тысушылардың       құқықтық бойынша)    төр.
   қызметiн лицен.    жобалары             тінші
   зиялау рәсiмдерiн                       тоқсан
   жетілдiру, оның
   iшiнде жекелеген
   өкілеттiктердi
   өзiн-өзi реттейтiн
   ұйымдарға беру
   арқылы жетiлдiру

3. Сақтандыру (қайта  Норма.   ҚҚА         2005    Талап
   сақтандыру) шарт.  тивтік   (келiсiм    жыл     етілмейдi
   тарын жасау жөнiн. құқықтық бойынша)
   дегі делдалдық     кесiм.
   қызметті реттеудi  дердiң
   жетiлдiру          жобалары

4. Сақтандыру (қайта  Қазақ.   ҚҚА         2004    Талап
   сақтандыру) ұйым.  стан     (келiсiм    жыл     етілмейдi
   дарының сақтандыру Респу.   бойынша)    төр.
   және қайта сақ.    блика.               тiншi
   тандыру пулдерiн   сының                тоқсан
   жасауын ынталан.   Yкiме.
   дыру. Оларды       тіне
   қалыптастыру және  ұсы.
   дамыту жөнiндегi   ныстар
   iс-шаралар

5. Сақтандыру дел.    Заң      ҚҚА         2005    Талап
   далдары мен сақ.   жобасы   (келiсiм    жыл     етiлмейдi
   тандыруға байла.            бойынша)
   нысты қызметтi
   жүзеге асыратын
   тұлғалар (аджас.
   тер, апаттық
   комиссар, андер.
   райтер, ассистант,
   диспашер, сюрвейер
   және басқалары)
   қызметінің құқық.
   тық жағдайы мен
   шарттарын нақтылау

6. Қайта сақтандыруға Заң      ҚҚА         2005    Талап
   қойылатын талаптар жобасы   (келiсiм    жыл     етілмейді
   бөлігінде сақтан.           бойынша)
   дыру және сақтан.
   дыру қызметi
   туралы заңдарды
   жетілдiру, қайта
   сақтандыру және
   ортақ сақтандыру
   рыноктарын дамыту

7. "Қазақстан ипоте.  Қазақ.   ҚҰБ (келi.  2004    Талап
   калық кредиттерге  стан     сiм бойын.  жыл     етілмейді
   кепiлдiк беру      Респу.   ша), ҚҚА    төр.
   қоры" АҚ-ның       блика.   (келiсiм    тінші
   мақсаты мен        сының    бойынша),   тоқсан
   мiндеттерiн нақ.   Үкiме.   "Қазақстан
   тылау, оны дамыту  тiне     ипотекалық
   перспективасын     ұсы.     кредиттерге
   айқындау           ныстар   кепiлдiк
                               беру қоры"
                               АҚ (келiсiм
                               бойынша),
                               "Қазақстан
                               ипотека
                               компаниясы"
                               АҚ (келiсiм
                               бойынша)

8. Ипотекалық сақ.    Заң      ҚҚА         2005    Талап
   тандыру мәселе.    жобасы   (келiсiм    жыл     етілмейдi
   лерi жөнiндегi              бойынша),
   заңдарды                    "Қазақстан
   жетiлдiру                   ипотекалық
                               кредиттерге
                               кепiлдiк
                               беру қоры"
                               АҚ (келiсiм
                               бойынша),
                               "Қазақстан
                               ипотека
                               компаниясы"
                               АҚ (келiсiм
                               бойынша)
___________________________________________________________________

       6. Кадрлық әлеуеттi дайындау
___________________________________________________________________
1. Сақтандыру (қайта  Семи.    ҚҚА (келi.  Тұрақты Талап
   сақтандыру) ұйым.  нарлар,  сiм бойын.          етілмейдi
   дары және сақтан.  конфер.  ша), БҒМ,
   дыру рыногының     енциялар ИжСМ, Экс.
   басқа да кәсiби    ұйым.    порттық
   қатысушылары үшiн  дастыру  кредиттер
   тұрақты негiзде             мен инвес.
   сақтандыру және             тицияларды
   сақтандыру қызметі          сақтандыру
   мәселелерi бойынша          жөнiндегi
   семинарлар мен              мемлекеттік
   конференциялар              сақтандыру
   өткiзу                      корпора.
                               циясы АҚ
                               (келісiм
                               бойынша)

2. Сақтандыру (қайта  Норма.   ҚҚА (келi.  2005    Талап
   сақтандыру) ұйымы  тивтiк   сiм бойын.  жыл     етiлмейдi
   қызметкерлерiнің   құқықтық ша), ҚҰБ
   жекелеген санатта. кесім.   (келiсiм
   рына қойылатын     дердің   бойынша)
   бiлiктiлiк талап.  жоба.
   тарын айқындау     лары

3. Қадағалау органы   Оқу      ҚҚА         Тұрақты Талап
   қызметкерлерiнiң   бағдар.  (келiсiм            етiлмейдi
   біліктілігін арт.  ламасы   бойынша)
   тыру және прак.
   тикалық дағдыла.
   рын жақсарту

4. Орта және жоғары   Қазақ.   БҒМ         2005    Талап
   оқу орындарының    стан                 жыл     етiлмейдi
   базасында сақтан.  Респу.
   дыру iсiнiң ма.    блика.
   мандарын даярлау   сының
   жөнiндегi орталық. Үкiме.
   тар құру           тiне
                      ұсы.
                      ныстар
___________________________________________________________________

       7. Сақтандыруды қадағалауды дамыту және тиімділігін арттыру
___________________________________________________________________
1. Сақтандыру заңда.  Норма.   ҚҚА         2005    Талап
   рын және сақтан.   тивтiк   (келiсiм    жыл     етiлмейдi
   дыру қызметін      құқықтық бойынша)
   Еуропалық Одақтың  кесім.
   Директиваларымен   дердің
   және Халықаралық   жобалары
   Сақтандыруды
   Қадағалау Қауым.
   дастығының (ХСҚҚ)
   сақтандыруды
   қадағалау прин.
   циптерi мен
   стандарттарына
   кезең-кезеңмен
   үйлестiру

2. Тәуекелдi бағалау. Норма.   ҚҚА         2005    Талап
   ға негізделген     тивтiк   (келiсiм    жыл     етiлмейдi
   сақтандыруды қа.   құқықтық бойынша)    төр.
   дағалау жүйесiн    кесiмдер             тiншi
   енгізу (Risk-      жобалары             тоқсан
   Based Supervision)

3. Сақтандыру (қайта  Норма.   ҚҚА         2004    Талап
   сақтандыру) ұйым.  тивтiк   (келiсiм    жыл     етiлмейдi
   дарында iшкi бас.  құқықтық бойынша)    төр.
   қару жүйелерiн     кесiмдер             тiншi
   ендiру             жобалары             тоқсан

4. Сақтандыру қызме.  Норма.   ҚҚА         Тұрақты Талап
   тiн реттеу мен     тивтiк   (келiсiм            етiлмейдi
   қадағалаудың тиiм. құқықтық бойынша)
   дiлігін бұдан әрi  кесiмдер
   арттыру            жобалары
___________________________________________________________________

       8. Салық салуды жетiлдiру
___________________________________________________________________
1. Сақтанушыларға     Норма.   ЭБЖМ, ҚарМ, 2004-   Талап
   және сақтандыру    тивтiк   ҚҚА         2005    етiлмейдi 
   (қайта сақтандыру) құқықтық (келiсiм    жылдар
   ұйымдарына салық   кесiмдер бойынша)
   салу жүйесiн
   жетiлдiру
___________________________________________________________________