"Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігінің (қаржы полициясы) Көліктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 маусымдағы N 720 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы) Көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттiк мекемесi таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң штат санын және оның функцияларын Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары арасында қайта бөлсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 56-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдарының және оқу орындарының тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 17-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі