"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi
N 475
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгі құралдар тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-1, 38-2 және 38-3-жолдармен толықтырылсын:
"38-1 Карточкаларды оқитын құрылғылары (карт-
ридерлерi) бар төлем карточкаларын
пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге
асыру үшiн пайдаланылатын
микрокомпьютерлер* 8471 30 000 0-ден
38-2 Импринтер - сату/сервис нүктелерiнде
төлем карточкаларын қабылдауға
арналған механикалық құрылғы; төлем
карточкаларын дербестендiруге арналған
құрылғылар; эмбоссер - төлем
карточкасына ақпаратты таңбалап басу
түрiнде енгізуге арналған құрылғылар* 8472 20 000 0-ден
38-3 Электронды депозитарлық машиналар -
төлем карточкаларын пайдалана отырып,
ұстаушылардың шотына депозиттер
қабылдайтын құрылғылар;
кэш-диспенсерлер; банкоматтар* 8472 90 800 0-ден".