1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оның құрамынан шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақжолқұрылыс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мемлекеттiк автомобиль жолдары торабын және басқа инфрақұрылым объектiлерiн дамыту, атап айтқанда: құрылыс, қайта жаңарту, күрделi және iшiнара жөндеу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы peттік нөмiрi 71-1-жолмен толықтырылсын:
"71-1 "Қазақжолқұрылыс" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы".