1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Талдықорған акционерлiк көлiк-электр желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Оралэнерго" Батыс Қазақстан электр тарату желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 100 (жүз) пайызы мөлшерiнде "Қызылорда электр тарату желiсi компаниясы" жарғылық капиталдың 93,78 (тоқсан үш бүтiн жүзден жетпiс сегiз) пайыз мөлшерiнде "Маңғыстау электр тарату желiсi компаниясы", жарғылық капиталдың 90 (тоқсан) пайызы мөлшерiнде "Жезқазған электр тарату желiсi компаниясы" акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакетiн акционерлiк қоғамдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оларға электрмен жабдықтау жөнiндегi функцияларды бере отырып, осы функцияларды бiртiндеп бәсекелес ортаға беру шартымен дербес заңды еншiлес кәсiпорындар құқығында энергиямен жабдықтау ұйымдарын құру шартымен коммерциялық тендерде сатуды жүзеге асырсын;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.