Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегі қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы N 632 қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  119-1-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі қызмет түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 7 маусымдағы 
N 632 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ өнімдерін қайта өңдеу жөнiндегi қызмет түрлерінiң тiзбесi

__________________________________________________________________
Р/с|                     Атауы                 |Экономикалық қыз.
 N |                                           |меттiң жалпы жік.
   |                                           |теуішінің кодтары
__________________________________________________________________
 1                         2                            3
__________________________________________________________________
1.  Мотор отынын: бензиндi, керосиндi және т.б.   23.20-дан
    қоспағанда, мұнай өнiмдерiн; отынды: жеңiл
    дистиллят отынын, орташа дистиллят отынын
    және ауыр дистиллят (дизель) отынын өндiру*

2.  Өзге де негiзгi органикалық (химиялық)        24.14
    заттар өндiру

3.  Бастапқы нысандардағы пластмасса өндiру       24.16

4.  Синтетикалық каучук өндiру                    24.17

5.  Сырлар мен лактар өндiру                      24.3

6.  Сабын және жуғыш, тазалау және жылтырататын   24.5
    құралдар, парфюмерлiк және косметикалық
    құралдар өндiру

7.  Жасанды және синтетикалық талшықтар өндiру    24.7

8.  Резеңке бұйымдар өндiру                       25.1
__________________________________________________________________

      * - қызмет түрлері Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiне (ЭҚЖЖ) сәйкес кодпен де және қызмет түрлерiнiң атауымен де айқындалады.