Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын:
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Даниал Кенжетайұлы төраға
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi,
Арман Ғалиасқарұлы төрағаның орынбасары
Жәмiшев - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Болат Бидахметұлы және қаржы ұйымдарын peттеу мен қадағалау
жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның
орынбасары (келiсiм бойынша)
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмұхамедұлы вице-министрi, хатшы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ербол Тұрмаханұлы Әкiмшiлiгі басшысының орынбасары -
экономикалық саясат басқармасының
бастығы (келiсiм бойынша)
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттiк жоспарлау министрi
Сәйденов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Әнуар Ғалимоллаұлы Төрағасы (келiсiм бойынша)
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Марлен Нұрахметұлы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы
Марченко Григорий - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Александрович көмекшiсi (келiсiм бойынша)
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.08.20. N 872 қаулысымен .
2. Комиссия 2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлесiн және Үкіметке енгiзсiн.