Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 590 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің құрамына:
Шәмшидинова             - Қазақстан Республикасының Білім және
Күләш Ноғатайқызы         ғылым вице-министрі, төрағаның
                          орынбасары;

Құрманғалиева           - Қазақстан Республикасының Экономика
Аида Дәденқызы            және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                          Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау
                          департаментінің директоры

Әжіметов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Нұржан Нұрмаханбетұлы     министрлігі Оңтүстік Қазақстан
                          аумақтық мемлекеттік мүлік және
                          жекешелендіру комитетінің төрағасы

      енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан: Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева, Батырхан Арысбекұлы Исаев, Ғани Әлімұлы Қалиев шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі