"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 21 мамырдағы
N 570 қаулысымен
бекiтілген
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiк түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 116-шы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ".
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659
қаулысына
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 236-8-шi жол мынадай редакцияда жазылсын:
"236-8. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ".
3. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорларының Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175
қаулысына
:
атауындағы және мәтiнiндегi "жабық" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулының қосымшасындағы:
"Ибадоллаев Азамат Абдол-Әмитұлы - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы" деген жол "Манақбай Толымбек - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы Басқармасының төрағасы" деген жолмен ауыстырылсын.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N
1237
қаулысымен.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.26.
N 514
қаулысымен.