Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 541 қаулысы

Қолданыстағы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар желiсiн ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809   қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Р-43 Рудный қаласының Батыс айналма жолы 6,9";
      "Жиыны" деген жолдағы "23046" деген сандар "23052,9" деген сандармен ауыстырылсын;
      2) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта:
      215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
      002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
      005 "Iшкi көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада:
      "Астана - Қостанай - Челябi - автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "6652045" деген сандар "6428660" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Алматы - Өскемен автожолдарын қайта жаңарту 166000" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Рудный қаласының Батыс айналымы автожолын қайта жаңарту 223385";
      3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  123-қосымшада :
      6-тармақтың кестесiнде:
      реттік нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында:
      "360,34", "6554710" деген сандар тиiсiнше "367,24", "6331325" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбекстан шекарасы 9,24 км 466000 мың теңге сомасына (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi N 263-ПИР бұйрығы)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Рудный қаласының Батыс айналма жолы - 6,9 км 223 385 мың теңге сомасына";
      7-тармақта "360,34" деген сандар "367,24" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі