Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 және 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 мамырдағы N 522 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 23-24, 257-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:
      "100-1. Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi астықты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландырудың арнайы тәртiбiн белгiлеуi мүмкiн.";
      2) "Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiнде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi жылға арналған астықты мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгi сатып алуға арналған сомалар мөлшерiнде бiр жолғы төлемдермен тапсырыс бepушiгe бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі