Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орал - Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемелерi базасында "Орал - Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы", "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.
3. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 18 шiлдедегi N 714
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 291-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:
1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi;";
көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесiмен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комитеттiң аумақтық органдары - аймақтық балық инспекциясы басқармалары, облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармалары бар.";
3) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiндегi:
реттік нөмiрлерi 1, 2, 3-жолдар алынып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 18 шілдедегі
N 714 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi
1. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
3. Зайсан-Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
4. Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
5. Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
6. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
7. Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы.