Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 481 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң "Республикалық оқушылар сарайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмнiң реттік нөмiрi 470-148-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "470-148.   "Республикалық қосымша бiлiм
                  беру оқу-әдiстемелiк орталығы
                  қазыналық кәсіпорны              Алматы қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 151-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "151. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдiстемелiк орталығы";
      3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына :
      көрсетілген қаулыға  197-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      7-бағандағы "Республикалық оқушылар сарайы" деген сөздер "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Peспубликасының
      Премьер-Mинистрі