Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Республика және өңiр экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу eрежесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 467 қаулысымен бекітілген |
Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзірленді және жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген, сондай-ақ жеке меншіктегі Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрі - су шаруашылығы құрылыстары) уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін белгілейді.
2. Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарына республика немесе өңір халқы мен экономикасының тіршілігін қамтамасыз етуге басым ықпал ететін су шаруашылығы құрылыстары жатады.
3. Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында уақытша мемлекеттік басқару енгізіледі.
2. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібі
4. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқару жалгер, сенімгерлік басқарушы немесе меншік иесі өз күштерімен және құралдарымен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті (бұдан әрі - қауіп) болдырмауға және жоюға мүмкіндігі болмаған кезде енгізіледі.
5. Су шаруашылығы құрылыстарында ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, облыстық жергілікті атқарушы орган (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бір жұмыс күні ішінде, мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен комиссия құрады, ол су шаруашылығы құрылыстарын тексерудi жүргiзедi. Тексерудiң нәтижесi бойынша комиссия су шаруашылығы құрылыстарының тексеру актiсiн жасайды және қорытынды шығарады.
Комиссия қорытындысының негiзiнде облыстық жергiлiктi атқарушы орган (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бес жүмыс күні ішінде, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға су шаруашылығы құрылыстарына уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу жөнiнде мәселеге бастамашылық туралы ұсыныс пен тиiстi материалдарды енгiзедi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.6. Материалдарда мыналар көрсетіледі:
су шаруашылығы құрылысына меншiк құқығы;
су шаруашылығы құрылысын пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның атауы;
су объектiсi мен су шаруашылығы құрылысының орналасу схемасы;
су шаруашылығы құрылыстарын тексерудiң актiсiмен бipге комиссияның қорытындысы;
зардаптардың болжамы мен ықтимал нұқсаны;
уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу қажеттiлiгiне негiздеме.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.7. Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, үш жұмыс күні iшiнде жалгердiң, сенiмгерлiк басқарушының немесе меншiк иесiнiң қатысуымен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстарын қарайды және су шаруашылығы құрылыстарында уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу қажеттiлiгi туралы келiсiлген қорытындыны мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға енгiзедi.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегі уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша енгiзедi.
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жүктеледi және Үкiметтiң шешiмi күшiне енген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi әрi су шаруашылығы құрылысының қалыпты жұмыс iстеуi қалпына келтiрiлгенге дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
10. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган тағайындайтын уақытша басқарушы жүзеге асырады.
11. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне туындаған қатердi жою жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi мен көлемi туралы ұсыныс енгiзедi.
12. Уақытша басқарушы:
жалгерлiк, сенiмгерлiк басқарушымен немесе меншiк иесiмен бiрлесiп туындаған қауiптi жою жөнiндегi қажеттi жұмыстар көлемiн белгiлейдi;
жүргiзiлетiн жұмыстарды қаржыландыру көлемiн көрсете отырып, туындаған қауiптi жою жөнiндегi iс-шара жоспары мен жұмыстар кестесiн жасайды және оларды су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның бекiтуiне ұсынады;
жалгермен, сенімгерлiк басқарушымен немесе меншiк иесiмен бiрлесiп бекiтiлген туындаған қауiптi жою жөнiндегi iс-шаралар жоспары мен жұмыстар кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
мүдделi мемлекеттiк органдардан, жалгерден, сенiмгерлiк басқарушыдан немесе меншiк иесiнен жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтердi алады;
белгiленген тәртiппен туындаған қауiптi жоюға бөлiнген мемлекеттiк қаражатқа билiк етедi;
жалгердiң, сенiмгерлiк басқарушының немесе меншiк иесiнiң қызметкерлерi мен мамандарын туындаған қауiптi жою жөнiндегi iс-шараларды орындауға тартады.
13. Уақытша басқарушы уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзуге әкеп соққан себептердi жою жөнiндегi жұмыстар орындағаннан кейiн үш жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар туралы есеп жасайды және оны су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк органға енгiзедi.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.14. Cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган үш жұмыс күні ішінде белгiлеген тәртiппен қабылдау актiсi бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау үшiн мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен комиссия құрады және он жұмыс күні ішінде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне уақытша мемлекеттiк басқаруды тоқтату туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын енгiзеді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.15. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң су шаруашылығы құрылыстарына уақытша мемлекеттiк басқаруды тоқтату туралы шешiмi күшiне енгеннен кейiн уақытша басқарушы оларды қабылдап алу-беру актi бойынша жалгерге, сенiмгерлiк басқарушыға немесе меншiк иесiне бередi.
16. Су шаруашылығы құрылысын уақытша мемлекеттiк басқаруды туындатқан себептердi жоюға байланысты шығындарды мемлекетке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген тәртiппен қауiп туындатуға кiнәлi жалгер, сенiмгершiлiк басқарушы немесе меншiк иeci өтейдi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.