Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi N 356 қаулысымен бекiтiлген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5.1.1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Алматы қаласының Бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1330 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Алматы қаласының Бас жоспарында:
"Бас жоспарды жүзеге асыру және оның мониторингi" деген 6-бөлiмде:
"Алматы қаласы Бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері" деген бөлiмшеде:
реттiк нөмiрi 1.1-жолда:
"Жылдар бойынша көрсеткіштер": "2005 жыл" деген бағандағы "28,2" деген сандар "31,9" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жылдар бойынша көрсеткiштер": "2020 жыл" деген бағандағы "28,2" деген сандар "31,9" деген сандармен ауыстырылсын;
2) жоғарыда көрсетiлген қаулыға қоса берілген Алматы қаласы Бас жоспарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 22 сәуірдегі
N 452 қаулысына қосымша
Алматы
Бас жоспары
(Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы бойынша Алматы қаласының
шекараларын өзгертуі есепке алынған)
(қағаз мәтінінен қараңыз)