Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 445 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбы мен мәтінінде Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N  1130  қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мемлекеттiк мекемелер:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік мұрағаты;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты;
      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттiк мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы;
      5) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және олардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкіметінің        
2004 жылғы 21 сәуiрдегi 
N 445 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
1999 жылғы 7 мамырдағы   
N 543 қаулысымен    
бекiтiлген       

 Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбeci

Мемлекеттiк мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттiк мұрағаты.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттiк мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөнiндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.