"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-5), 13-6), 13-7), 13-8), 13-9) және 13-10) тармақшаларымен толықтырылсын:
"13-5) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, тиiстi облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлген бағыттар бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
13-6) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, көрсетiлген тасымалдаулардың бағыттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
13-7) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдауларының бағыттар тiзiлiмiн жүргiзедi;
13-8) өз құзыретiнiң шегінде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
13-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
13-10) автомобиль көлiгi саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен және заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiмен мемлекеттiң өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi".