Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 428 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Алтын белгi" белгiсi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 1219  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 374-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      3-тармақтағы "Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Алтын белгi" белгiсi туралы ережеде:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мен соңғы абзацы алынып тасталсын және 2) тармақшадағы "өткен" деген сөзден кейiн "оқушылар марапатталады." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi