Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкiметінiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 418 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметінің өкiлi болып тағайындалсын.

      2. Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 қаулысына :
      1-тармақта:
      3) тармақшаның екiншi абзацында "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздер "Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшаның екiншi абзацында "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздер "Арман Ғалиасқарұлы Дунаев" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi N 643 қаулысына :
      1-тармақ алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі