Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 99-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы ережеде:
6-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының
Дүйсен Қорабайұлы Мәдениет министрi, төраға
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасы
Мәмбет Құлжабайұлы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих
және этнология институтының
директоры, төрағаның орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Жұмаханұлы Мәдениет министрлiгi Тiлдердi
дамыту жөнiндегi департаментінiң
директоры, хатшы
Сейдiмбек - Қазақстан Республикасы
Ақселеу Сланұлы Бiлiм және ғылым министрлігінiң
Л. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетiнiң профессоры
мынадай:
"Керiмбаев - Қожа Ахмет Йассауи атындағы
Есенгелдi Халықаралық қазақ-түрiк
университетiнiң профессоры
(келiсiм бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Керiмбаев - Қазақстан Республикасы
Есенгелдi Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
M. Әуезов атындағы Оңтүстiк
Қазақстан мемлекеттік
университетінiң профессоры";
көрсетiлген құрамнан: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, Арыстанбек Нұрмаханұлы Нұрмаханов, Телқожа Жанұзақов, Анатолий Степанович Гурский шығарылсын;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінe енедi.
Қазақстан Республикасының |