"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрi iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 397 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегi  Заңын  одан әрi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Аумақты дамытудың өңiраралық схемасын әзiрлеу және келiсу ережесi;
      2) Өңiрлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын әзiрлеу және келiсу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 9 сәуірдегі  
N 397 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Аумақты дамытудың өңiраралық схемасын әзiрлеу және келiсу
Ережесі

      1. Осы Аумақты дамытудың өңiраралық схемасын әзiрлеу және келiсу ережесi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi әрi екi және одан да көп облыстар (не олардың бөлiктерi), сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң шекараларын есептемегенде, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандар үшiн аумақты дамытудың өңiраралық схемасын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Аумақты дамытудың өңiраралық схемасы (бұдан әрi - өңiраралық схема) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, аралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң өзара келiсiлген (топтастырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi, тұтастай көрсетiлген аумақтарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асырған кезде салалық мүдделер мен Қазақстан Республикасының мүдделерiн үйлестiредi.
      3. Өңiраралық схеманы - әзiрлеуге ұйымдық және ғылыми-әдiстемелiк басшылық жасауды сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес өңiраралық схеманы әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсынысты мүдделi салалық орталық атқарушы органдармен және ведомстволармен бiрлесе отырып, мүдделi облыстық жергiлiктi атқарушы органдардың бастамасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiм бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік opган Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
      5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жергiлiкті атқарушы органмен бiрлесе отырып, өңiраралық схеманы әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттік тапсырысшы болып табылады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзiрлеушіні (бac жобалаушыны) белгiлейдi.
      6. Тапсырысшы әзiрлеушiнің (бac жобалаушының) қатысуымен жобалауға арналған тапсырма жасайды.
      Жобалауға арналған тапсырмада өңiраралық схеманың құрылымы, құрамы мен мазмұны, бастапқы деректердi алудың тәртiбi және жұмыстардың басқа да шарттары анықталады, өңіраралық схеманы келiсiмнен және оны мемлекеттік экологиялық сараптама мен жобалардың кешендi мемлекеттік сараптамасынан өткiзу тәртiбi нақтыланады.
      7. Өңiраралық схеманы жобалауға арналған тапсырманы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгімен келiсiм бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi.
      8. Өңiраралық схеманың бекiтiлген жобалауға арналған тапсырмасы негiзiнде әзiрлеушi (бac жобалаушы) негiзгi орындаушылар мен қосалқы орындаушылар жұмыстарды орындаудың кезеңдерін, кезектегi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн жұмыстардың бағдарламасын және жоспарын дайындайды.
      9. Өңiраралық схеманы әзiрлеу үшiн бастапқы материалдарды жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес мүдделi орталық атқарушы органдар, сондай-ақ тиiстi жергіліктi атқарушы органдар дайындайды әрі жұмыс жоспарында белгiленген мерзiмдерде әзiрлеушiге (бас жобалаушыға) бередi.
      10. Әзiрлеу процесiнде әзiрлеушi (бac жобалаушы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органмен және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiмен өңiраралық схеманың жобасын алдын ала келісуді жүзеге асырады.
      11. Алдын ала келiсудiң нәтижелерi бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өңіраралық схеманың жобасын белгiленген тәртiппен мүдделi орталық атқарушы органдардың түпкiлiктi қарауына және келiсуiне жiбередi, олар материалдарды алғаннан кейiн бір ай мерзiмде өздерінің қорытындыларын жiбередi.
      12. Өңiраралық схеманың жобасы Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттік органның жобалардың кешендi мемлекеттiк сараптамасынан өтедi.
      13. Жобаларға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның кешендi мемлекеттiк сараптамасының оң қорытындылары болған кезде өңiраралық схеманың жобасы Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 9 сәуірдегі  
N 397 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың
кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу
Ережесі

      1. Осы жекелеген өңiрлер (облыстың немесе оның қандай да бiр бөлiгiнiң) аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу ережесi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi әрi облыс не оның бiр бөлiгi аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары (бұдан әрi - аудандық жоспарлау жобалары) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтерге сәйкес әзiрленедi.
      Аудандық жоспарлау жобаларын әзiрлеу Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының материалдарына, сондай-ақ аумақты дамытудың тиiстi өңiраралық схемасына (осы аумақтар үшiн олар болған кезде) толық сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Аудандық жоспарлау жобаларын жасаған кезде пайдаланылатын арнайы (салалық) немесе өзге де қала реттеушi құжаттаманы әзiрлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтерге, сондай-ақ арнайы нұсқаулықтар мен салалық нормативтердiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Облыстың немесе облыстың бiрнеше жекелеген аудандарының аудандық жоспарлау жобаларын әзiрлеудi тапсырысшы ретiнде қатыса отырып, тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органдары ұйымдастырады.
      5. Тапсырысшы әзiрлеушiнің (бас жобалаушының) қатысуымен жобалауға арналған тапсырма жасайды.
      Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес әзiрлеушiге (бac жобалаушыға) сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) бередi.
      Жобалауға арналған тапсырмаға қойылатын жалпы талаптар және бастапқы деректердiң тiзбесi сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтермен (құрылыс нормаларымен және ережелерiмен) белгiленедi.
      Тапсырысшы бұрын берiлген жобалауға арналған тапсырманы немесе бастапқы деректердi өзгерткен кезде осыған байланысты осы уақытқа дейiн толық немесе iшiнара орындалған жобалау жұмыстарын қайта өңдеу талап етiлгенде, осы жұмыстарға қосымша шарт (келiсiм) бойынша тапсырысшы ақы төлейдi.
      6. Заңнамада белгiленген тәртiппен айқындалған әзiрлеушi (бac жобалаушы) ауданды жоспарлау жобасының құрамында арнайы бөлiмдердi әзiрлеушi жобалау ұйымдары-қосалқы мердiгерлер үшiн тапсырысшы болып табылады.
      7. Ауданды жоспарлау жобаларын әзiрлеу кезiнде әзiрлеушi (бac жобалаушы) тиiстi облыстың не оның бөлiгiнiң аумағындағы тарих, археология, қала құрылысы мен сәулет, монумент өнерiнiң ескерткiштерi орналасқан карта-сызба жасайды.
      Аудандық жоспарлау жобаларында жылжымайтын тарих пен мәдениет ескерткiштерi және мемлекеттiк табиғат-қорық қоры объектiлерiн қорғау аймақтары (қорғалатын аймақтар, құрылысты реттейтiн аймақтар және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары) ескерiлуге тиiс. Ocы мақсатқа байланысты жобалардың құрамында орындалатын графикалық материалдарға ескерткiштердi қорғау аймақтарының қажеттi элементтерi енгiзiлуге, ал түсiндiрме жазбаларда осы аймақтарда белгiленген режимдi қамтамасыз ететiн талаптар көрсетiлуге тиiс.
      8. Қалалар мен ауылдық елді мекендер қолайсыз табиғи жағдайлары бар аумақтарда орналасқан жағдайда, аудандық жоспарлау жобасының құрамында аумақтарды инженерлiк дайындау, аумақтар мен көрсетiлген елдi мекендердi табиғи және сондай-ақ адамның шаруашылық қызметiнен туындаған қауiптi геологиялық және гидрогеологиялық процестерден қорғау бойынша жобалық шешiм әзiрленедi.
      9. Курорттық ресурстары бар облыстар мен аудандарға, курорттық қалаларға және курорттық үлгідегi басқа да елді мекендерге арналған жобалау жұмыстары аумақтарды функционалдық медициналық аймақтарға бөлу, курорттық және рекреациялық ресурстарды бағалау жөніндегі материалдарды, сондай-ақ курорттарды санитарлық қорғаудың белгiленген округтарын ескере отырып орындалуға тиiс.
      10. Тапсырысшы аудандық жоспарлау жобасын әзiрлеу барысында жобалау аумақтары мен объектiлерiне тексеру жүргiзгенде, қосымша бастапқы деректердi жинағанда, сондай-ақ аяқталған жобаларды келiсiмнен өткiзгенде әзірлеушіге (бac жобалаушыға) көмек көрсетедi.
      Тапсырысшы жобалау барысына бақылауды жүзеге асырады, жобалардың эскиздік материалдарының сапасын бақылау мақсатында оларды зерттейдi, екі жақты кесiмдердi мiндеттi түрде ресiмдей отырып және әзiрлеушiмен (бac жобалаушымен) жобалық өнiмдердiң орындалған көлемi үшiн тиісті есеп айырысуларды жүргiзе отырып, жобалау жұмыстарын шартқа сәйкес тоқтата тұрады, белгiленген тәртiппен жобалау материалдарына сараптама жүргiзедi.
      11. Аудандық жоспарлау жобасы бекiтiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның мемлекеттiк экологиялық сараптамасынан және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның жобаларға кешендi мемлекеттiк сараптамасынан өтедi, ал жылумен жабдықтауды және электрмен жабдықтауды дамыту бөлiмдерi немесе арнайы жобалары (схемалары) энергетика және минералдық ресурстар саласындағы орталық атқарушы органда келiсiмнен өтедi.
      12. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын iске асыру жөнiндегі шараларды осы аумақтар үшiн әзiрленген әрбiр нақты кешендi схема бойынша, ол белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейді.